5.3 Теориялық танымның ерекшелігі
Жалпы білім беруде философия пəнінің басты мақсатының бірі тек жаңа
білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл əлем ғылымында қоршаған əлем
туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау
қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, нысана жас
маманда эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мəдениетке деген
концептуалды көзқарасты, жалпы мəдениетті жəне білгірлікті қалыптастыру.
Теория деген не? Теория – бұл тəжірибенің, практиканың немесе
бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Бұл дұрыс па? Мысалы, суық
бөлменің ішінде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештің суи бастағанын, ал
бөлмедегі ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Пеш пен ауаның температурасы
бірдей болған кезде суыну тоқталады. Біз мұны көп рет қайталай отырып,
мынадай қорытындыға келеміз: а) қыздырылған пеш жалыны жоқ
болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей
болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылаудың
нəтижесінде алынғанымен оны теориялық деп айтуға келмейді. Кез-келген
қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен жəне процестермен бірқатар
бақылаулар мен эксперименттердің мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты
ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық
бола алмайды. Мысалы, көбіне бірінші жəне екінші бастаулар деп аталатын
классикалық термодинамиканың негізгі заңдарына тоқталайық:
Сырттан энергия алмай жұмыс істейтін немесе сырттан алынған энергия
мөлшерінен артық жұмыс істейтін мерзімдік двигательді жасау мүмкін емес.
Жалғыз нəтижесі суық денеден ыстық денеге жылу формасында энергия
беру болып табылатындай үдерістің болуы мүмкін емес.
Бұл екі заң да жылу процестері мен осы процестерді пайдаланатын
құрылғыларын (пештер, бу машиналары жəне т.б.) сан мыңдап практикалық
бақылаулардың нəтижесі болып табылады. Бірақ бұл қорытындылар пікірге де
ұқсамайды. Мұның себебі неде?
Оның себебі, ғылыми қорытындылар (түйіндер) бақылаулар мен
эксперименттердегі ортақ жалпылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар
ерекше логикалық тəсілдерді қолдануында да болып шықты:
– шектеулі көпшілік эксперименттерде қадағаланған жалпы сəттер мен
қасиеттердің жылудың жұмысқа айналатын барлық мүмкін жағдайларына,
107
жылу бөлудің барлық процестеріне, оның ішінде бақыланбаған Ғаламның ең
шалғай, қадағалау мүмкін емес пункттеріне де таралуымен сипатталатын
универсалдандыру тəсілі;
– жоғарыда сипатталған заңдардағы үдерістердің "таза" күйінде, іске
асатын, яғни, өйткені нақты шындықта олар жүзеге аспайтын шарттарын
білдіретін идеалдандыру тəсілі: берілген жағдайда термодинамикалық жүйе
(двигатель) сыртқы əлемнен мүлдем оқшауланған жəне энергия алмасу (оның
ішінде берілген жүйеге энергияның қоршаған ортадан да енбеуі) мүмкін емес
жағдайлар ескеріледі;
– заңдарды құрастыруда өзге салаларда қалыптасқан теорияларда жəне
оларда жеткілікті дəл мəн мен мағынаға ие болған (мысалы, "энергия" жəне
"жұмыс" ұғымдары механикада өзінің мəні мен мағынасына ие болады жəне
кəдуілгі тілдегі осындай ұғымдардан көбіне өзгешеленеді) ұғымдарды
енгізумен сипатталатын концептуалдандыру тəсілі.
Fалымдар осы тəсілдерді қолдана отырып, эмпирикалық қорытындылар
болып табылатын ғылым заңдарын қалыптастырады. Ол сырттай қарама-
қайшы болғанымен, іштей ортақ қасиеттері мен қырлары бар жекелеген
құбылыстардың арасындағы қайталанатын, қажетті мəнді қатынастар мен
байланыстарды бейнелейді. Осылайша, біз объективті əлем заңдары мен ғылым
заңдары арасындағы маңызды айырмашылық пен бағыныштылықты анықтай
аламыз. Оның алғашқысы бізден тəуелсіз, тыс нақтылықтың өзінде өмір сүреді.
Екіншісі эмпирикалық қорытындылар күйіндегі олардың бейнелері болып
табылады. Бұл жағдайда əлемнің объективті заңдары ғылым заңдарында
барынша толық емес, шартты, жақын, объективті əлем байланысын
қайталайтын ерекше формада - аралары логикалық байланыстармен бекітілген
ерекше ғылыми абстракциялардың көмегімен бейнеленеді. Алайда ғылымның
барлық заңдары эмпирикалық қорытынды ретінде пайда бола бермейді.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше hіpothesіs – негіз,
жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген,
дəлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар.
Өздерінің логикалық формасында олар, əдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде
болады: "егер A жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады", "егер A жəне B
арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады"
жəне т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық жəне теориялық
гипотезалар. Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үдерістер
туралы болжамдар мен жорамалдар. Мысалы, оған Айдың беткейінің
құрылысы, оның минерологиялық жəне физика-химиялық құрамы туралы
көптеген гипотезаларды жатқызуға болады. Айға кеңестік автоматты
лабораториялар қонып, жерге оның беткейі туралы дəл ақпарат беріп, оның
топырағын алып қайта оралғаннан кейін бұл гипотезалар анықтығының
шамалысы ғана қалды да, олардың өзіне де түзетулер енгізіліп, ал қалғандары
теріске шығарылды немесе фальсификацияланды (латынша falsіtіfіcaze –
қолдан жасау, бұрмалау). Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы,
Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп жəне мерзімді
түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы
108
гипотезаның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері
болжанды. Бұл болжамдар дəлелденгеннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде
емес, берік, ғылыми дəлелденген заң ретінде қарастыра бастады.
Теориялық гипотезалар мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы
келіп отырады. Мысалы, Коперниктің əлемнің гелиоцентристік жүйесіне
қарағанда, одан ертерек Клавдий Птолемейдің (90-160) Күн жəне өзге
планеталар қозғалмайтын Жерді айналады деген геоцентристік жүйесі адамның
тікелей сезімдік бақылауына сəйкес келеді. Коперник өз жүйесін шындыққа
жақын гипотеза ретінде ғана қарастырса, одан шығатын математикалық
салдарлар геоцентристік жүйенің салдарымен салыстырғанда өте дəл
өлшемділігімен
ерекшеленгендіктен
бұл
гипотезаны
Күн
жүйесі
планеталарының қозғалысының заңы түріндегі ғылыми ақиқат ретінде
қарастыра бастады.
Теориялық гипотезалар бастапқыда қызық əрі фантастикалық болып көрінуі
мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы
гипотезаларға байланысты пікірталастар осындай. Алайда гипотезалар
қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің
нəтижесінде емес, оның алдындағы "сəтсіз" гипотезалар мен көптеген
эксперименттік мəліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа
гипотезалар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды
жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа гипотезалардың
салдарлары бақылаулар жəне эксперименттермен дəлелденетін болса "яғни,
верифицияланса (латынша verus – ақиқат), онда мұндай гипотезаны жоғары
деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға
болады. Сондықтан да Ф.Энгельс гипотезаны “жаратылыстаным дамуының
формасы” деп атайды.
Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дəлелденген,
бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті
шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық
жəне теориялық гипотезаларды да əр түрлі эмпирикалық түйіндерді де
кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін
жəне жоғары дəрежеде дəлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теорияның
құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң
жəне тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан
өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан
пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастардың
қатарына ең алдымен эквивалентті жəне туындамалы немесе логикалық
жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмəнсіз,
дəлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы
мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын
пікірлерінің бастапқы, түпкі ұсыныстардан (сөйлемдерден) таза логикалық
немесе математикалық жолмен шығарылғандығымен сипатталады. Мұндай
түйіннің нəтижесінде алынған пікірлер теорияның салдарлары деп те аталады.
Салдарлар өзінің мазмұны жағынан берілген теорияның заңдары болуымен
қатар белгілі бір жағдайларды, ақуалдар мен үдерістерді сипаттайтын
109
эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдарлар туындайтын
ұсыныстар, əдетте теорияның постулаттары, принциптері немесе аксиомалары
деп аталады. Әрбір жекелеген теориядағы мұндай ұсыныстарды негіздер деп те
атауға болады, бірақ олардың өзі өзге кеңірек жəне тереңірек теориялардың
салдарлары болуы да мүмкін.
Заңдар теорияның ең мəнді тұжырымдары ретінде мынадай танымдық
функцияларды атқарады:
1. Олар əр түрлі жүйелердің зерттеліп отырған теориясының ішінде
неғұрлым тұрақты, қажет жəне жалпы байланыстарын, берілген теорияның
пəндік саласын құрайтын (мысалы, атомдар мен элементарлы бөлшектер жəне
олардың өзара əрекетінің жүйесі кванттық теорияның пəндік саласын құрайды)
жүйені негізгі жай жүйелері мен элементтері арасындағы өзара қатынастарын
жəне өзара əрекеттерін бейнелейді.
2. Олар бақылаулар мен эксперименттердің көмегінсіз-ақ математикалық
есептеулер мен логикалық ой қорытындылаудың нəтижесінде берілген пəндік
саладағы белгілі нəрсені түсіндіруге жəне жаңа құрылыстарды болжауға
жағдай жасайды.
3. Олар бірден көзге түсетіндей айқын емес болса да, өзінің пəнділік
саласында белгілі бір шектеулер қояды. Мысалы, классикалық механика
заңдары тек макрообъектілерге ғана, яғни жарықтың жылдамдығымен
салыстыруға келмейтіндей жылдамдықта қозғалатын молекулалық деңгейден
жоғары тұрған заттарға қатысты ғана қолданылады. Кванттық механиканың
заңдары микрообъектілерге, ішкі атомдық процестерге, элементарлық
бөлшектерге қатысты пайдаланылады. Салыстырмалылықтың арнайы
теориясы болса, ол жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалатын
объектілерге қатысты қолданылады.
Мұнан шығатын қорытынды, кез келген теория белгілі бір шекараларда
ғана, белгілі бір жағдайларда ғана объективті ақиқат ретінде қарастырылады.
Бұл кез келген тұжырым берілген құбылысқа қатысты белгілі бір жағдайларда
ғана, тек берілген уақытта, берілген орында, берілген тарихи ахуалда ғана
шынайы дейтін ақиқат нақтылығының диалектикалық принципінен көрінеді.
Мұндай алғышарттарсыз ақиқат диалектиканың заңдары бойынша,
адасушылық пен жалғанға, өзінің қарама-қайшылығына айналуы мүмкін.
4.Ақырында ғылыми теорияның заңдары тиым салу функциясын, зерттеу
процедурасын жүйелеу жəне реттеу функцияларын атқарады. Берілген
теорияда
орынсыз
немесе
мəн-мағынасы
жоқ
тұжырымдар
мен
абстракцияларға тыйым сала отырып, олар бей-берекетсіздікке, өзімшілдіккке
жол бермейді. Мысалы, кванттық механиканың постулаттарының бірі бір текті
элементарлық бөлшектердің айырмасыздығын бекітеді. Демек, көптеген
электрондардың арасында өзінің терең индивидуалдық белгілерімен
ерекшеленетін екі электронды бөліп ала алмаймыз. Бұл тыйым салу бекер емес.
Оның объективті негіздері бар. Оны пайдалану көптеген адасушылықтар мен
қателіктерге жол бермейді, оның ішінде, мысалы, нақты заттарды танудың
тəсілдерін берілген салаға (микрообъектілер) көшіруге тыйым салу, өйткені
бұл тəсіл өзге мəндік салада ғана қолданыс табады. Заңдардың реттеуші
110
функциясы да тыйым салу функциясынан туындайды. Әрбір ғалым өз
мəселелеріне
шығармашылық
тұрғыда
келуі
мүмкін,
алайда
бұл
шығармашылық теория заңдарының белгілі бір шекараларымен шектеледі
жəне сонымен реттеледі. Егер ғылыми шығармашылық бекітілген ережелерге
бағынбаса, онда не жаңа теория шығару қажет, не ескісін қайта құру қажет, ең
болмағанда берілген шығармашылық идеяны қате деп мойындау қажет:
реттеушілік шығармашылыққа тыйым салмайды, бірақ оның нəтижелеріне дəл
баға беру мен оның қаншалықты өзін анықтайтындығын түсінуді талап етеді.
Ақырында заңдардың жүйелеуші функциясы берілген пəндік саладағы
элементтер мен жай-жүйелерінің арасындағы өзара бағыныштылық
(субординация) пен өзара əрекетін бекітуге мүмкіндік береді. Мұның
салдарында оны күрделі қызмет етуші жəне дамушы ретінде қарастыруға,
соның нəтижесінде ғылыми зерттеуді қарапайымдандыру мен жеңілдетуге
мүмкіндік болады.
Ендігі жерде біз танымның өзге формаларымен салыстырғанда ғылыми
танымның ерекшелігі не деген сұраққа алдын-ала жауап бере аламыз.
Fылымның құрамына əрқашанда теориялық білімдер кіреді. Оның мазмұнын
жекелеген гипотезалар, заңдар жəне қатаң құрастырылған ғылыми теориялар
құрайды. Әрине, мұндай теориялар бірден пайда болмайды. Олар ғылыми
танымның тарихи дамуының нəтижесі. Физика ертедегі Грекия дəуірінде-ақ
пайда болғанымен қатаң физикалық теориялар XVІІ ғасырда ғана қалыптаса
бастады. Химия мен биологиядағы мұндай теориялар XVІІІ жəне XІX
ғасырларда пайда болды. Fылыми теориялардың белгілі бір білім мен
практиканың саласында пайда болуы, сол саланың жоғары деңгейге
жеткендігін, өзінің гносеологиялық жетістігін білдіреді. Егер, көркемдік,
техникалық немесе саяси салаларда теориялар қалыптасып жəне қолданыс
тапты дейтін болсақ, онда жаңа ғылыми пəндердің пайда болғандығын
көрсетеді:
эстетика
эстетикалық
əрекеттің
теориясы,
сұлулықтың
заңдылықтары мен критерийлері туралы ғылым, техникалық ғылымдар, тап
күресі мен саяси өзара қатынастарды бейнелейтін заңдар, ғылыми теориялар.
Белгілі бір білім жүйесінің құрамында теориялардың жəне қатаң бекітілген
заңдардың болуы ол жүйенің ғылыми екендігін білдіреді.
Осылайша, ғылыми танымның қандай артықшылықтары барын айқын
аңғаруға болады. Адамның кез-келген əрекеті қандай да бір міндеттерді жəне
мəселелерді шешуді білдіреді.
Оның бірі – өндірістік міндеттер – материалдық игіліктерді игеруге
бағытталған. Келесілері – саяси міндеттер – саяси мақсаттарға жетуге
бағытталған. Білімнің көмегін ұлғайтуды мақсат тұтатын, яғни, білімдерді
қалыптастыруды көздейтін міндеттер де бар. Мұндай міндеттерді танымдық
деп атайды. Қазіргі ғылым қалыптасқанғанға дейін танымдық міндеттер өте
жай жəне ұзақ уақытта шешілетін еді. Ол үшін ондаған, тіпті жүздеген жылдар
кететін еді, себебі шешімдердің ізденісі сынау мен қателіктер арқылы,
эмпирикалық жолмен ғана жүрді.
Қазіргі ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялардың
көмегімен мұндай шешімдердің іске асу уақытын ондаған жəне жүздеген есе
111
қысқартуға мүмкіндік туды. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан
белгілі ережелерге сəйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік
салдарларды, алуға болады. Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-
жігерді талап етеді жəне қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды
дайындауға, құрал-жабдыққа, шикізатқа, экспериментке орасан зор шығын
кетеді. Оның есесіне, ең құнды нəрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі
техникалық прогрестің өте жедел қарқыны күннен-күнге ашылып жатқан
ғылыми жаңалықтардың үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де
сипатталады
Достарыңызбен бөлісу: |