15-тақырып. «Мәңгілік ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
15.1. Қазақстанның болашақ бағдарлары: «Мəңгілік Ел» жəне «Ұлы Дала»
идеялары
326
15.2.Заманауи Қазақстан құндылықтарын философиялық талдау
336
Әдебиет
............................................ 351
.
5
1- ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚОҒАМДАҒЫ
ОРНЫ
Тақырыптың мақсаты: Философия пəніне, оның құрылымы мен қоғамдағы орнына
теориялық талдау беру, қазақ философиясының ерекшеліктерін айқындау.
1.1. Философия ақыл-оймен қамтылған адам мен әлем ретінде
Философия – дүниеге көзқарастың бір түрі. Ертеде əр нəрсенің себебін
білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай
құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды –
«философ» деп атайды
Философияның ежелгі грек ойшылдарының дəуірінен бері “даналыққа
құштарлық” деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең
танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық еңбектерде
молынан ұшырасады. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл,
математигі Пифагор енгізді. Бұл термин Еуропа мəдениетінде Платонның
атымен тығыз байланысты. Мысалы, Платон “Геометрия жəне басқа
философиялар” деген сөздерінде философия ұғымын “ғылым” сөзінің
мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ “философия” терминін
даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде
пайдаланған. Ал Аристотельдің шəкірттері болса, болмыстың іргелі негіздерін
айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым ретінде бұл Бастапқы
философияны метафизика деп атады.
Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы
əралуандылықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз
байланысты. “Физика”, əдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның
заттар мен процестердегі сыртқы көрінісін зерттейді. Демек “метафизиканың”
үлесіне бұл құбылыстардан “кейін” орналасқан, олардың арғы жағындағы нəрсе
тиесілі.
Аристотельдің
пайымдауынша
заттардың,
жағдайлардың,
құбылыстардың, процестердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мəнділік
орналасқан.
Метафизика
осы
мəнділікті,
болмыстың
универсалдық
заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей жəне жанама
қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл “арғы жаққа
үңілу” жасырын нақты мəнділікті ашуға бағытталған белсенді танымдық
ойлаудың қозғалысы, пайымдаушы күш.
Философ – алғашқыда əрі дана, əрі табиғатты зерттеуші, сынаушы,
байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан бұларды «натурфилософтар» деп
атады. Философияның дүниеге келуі дегеніміз – өмірлік тəжірибеде адам
сезімінің, идеалдық үміт пен əлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу
нəтижесінде ерекше рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болғаннан
бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек
əр пəн өз алдына ғылыми пəн ретінде қалыптасты. Б.з.д. ІV ғ. ежелгі Грекияда
теориялық логика пəні, ал б.з.д. ІІ ғ. математика (Евклид геометриясы жəне
арифметика), астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология, т.б.
бөлінді, яғни ғылымды жіктеу дифференциялау (бөлшектеу) басталады.
6
Әр дəуірде философиялық ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында
əртүрлі көзқарас болды. Эллиндік дəуірде стоиктер мен эпикуршылар
философияны логика, физика жəне этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны
бақшаға теңеді. Бақтың қоршауы – логика (логикаға танымның барлық
мəселелерін, тіпті тілді де қосады), физика – оның жемістері, яғни табиғатқа
байланысты (астрономиялық, физикалық, биологиялық, т. б. білімдер). Этика –
адамның мінез-құлқы, тəртібі туралы ғылым, ол философияның ұйытқысы, ол
бағыт пен керекті тəртіпке жол көрсетеді деп саналды.
Көп тараған анықтама бойынша, философия дегеніміз – табиғат, қоғам
жəне адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым, қоғамдық
сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пəндер жүйесі,
адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия
пəнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда əртүрлі философиялық ілімнің
негізгі мəселесінің əртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары
анықталды.
Адам – ақыл-ойы бар əлеуметтік жан. Оның іс-əрекеті белгілі бір мақсатқа
бағынады. Күрделі қазіргі əлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана
қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс
шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен
əлемді терең жəне дұрыс түсіну, яғни жалпы жəне жеке мақсаттарды, жəне
оларға жету əрекетінің тəсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның
қажеттілігі шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне
көмек беретін – ғылым. Мысалы, физика бір энергия түрінің екіншісіне
ауысуына мүмкіндік береді, химия табиғатта жоқ нəрсені қалай синтездеуді
үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды,
техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс
жүйесін, ғарыш кемелерін жəне жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады.
Ғылымның осы барлық салалары жекелей жəне барлығы жиылып əлемді белгілі
дəрежеде түсінуге септігін тигізгенімен дүниетанымның орнын алмастыра
алмайды. Дүниетаным ғылым жетістіктерінің негізінде қалыптасады, бірақ ол
сонымен қатар, қоғамның тарихи тəжірибесіне, оның мəдениетіне сүйенеді,
əлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тəртібін бейнелейді. Мұның
бəрі білімнің ерекше жүйесі – философияны игеруді қажет етеді.
Философия өзінің мəн-мағынасы бойынша адамның Әлемдегі
болмысының дүниетанымдық, дүниемен байланысының əмбебап сыни
рефлексиясы болып табылады. Жалпы түрде ол рефлектілеуші, ой толғайтын
дүниетаным ретінде белгілене алады. Ол ішінде ең маңыздылары Әлем, Адам
жəне олардың өзара қарым-қатынасы болып келетін дүниетанымдық, дүниемен
байланысқа қатысты сюжеттерді өзекті етеді, тақырыпқа айналдырады жəне
проблемаларын қарастырады.
Кез-келген халықтың өзіндік философиялық жүйесі болатыны белгілі. Ол
философиялық пайымдаулар міндетті түрде Батыс Еуропалық рационалистік
кейіпте болуы міндетті емес. Өйткені, əр түрлі тарихи-əлеуметтік орта əлемді
түсінудің, мəселелерді пайымдаудың өзіндік нұсқасын ұсынады. Көшпенділер
мəдениеті мен өркениетінде тарихи тұрғыдан алғанда ұғымдар мен түсініктер
7
көбінесе өзіндік көркем образдық бейнелер қалпында ұсынылғанын атап өтуге
болады. Бұл əлеуметтік-мəдени ерекшелік үшін олардың философиялық
даналық деңгейін төмендетуге болмайды. Міне, осы көп түрлі рухани игерудің
арқасында адамзаттың философиялық ой саласындағы рухани байлығы арта
түседі.
Философия сонымен бірге адамның қандай болуы тиіс екендігін де
бейнелейді. Адамның жалпы мəн-мағынасына, оның қолда бар болмысына
қанағат тұтпай, ол қандай да бір идеал, адам эталонын, кемел адамның өзіндік
моделін шығарады. Осылайша философия тек қана ағартушылық емес,
сонымен бірге тəрбиелік, адамды қалыптастырушы қызмет атқарады.
Философия өзінің Әлем туралы жəне Әлемдегі Адам туралы, Әлемнің Адаммен
жəне Адамның Әлеммен байланысы туралы ілімімен эмпирикалық адамға
соншалықты жалпылама тұрмыстық, дүниетанымдық-дүниеге көзқарас
бағдарлары мен императивтерге жөн сілтейді, осылайша тікелей немесе жанама
түрде оның кемелденуіне үлес қосады. Болмысқа, Жаһанға деген дұрыс
көзқарас – бұл ірі тұлғалы адамды қалыптастырады, адамның өмірінде өресі
биік, қаһармандық негізін қалайды. Жөні түзу (шынайы) философия дегеніміз
Адамның Әлемге, осылайша – басқа адамдарға жəне өзіне деген түзу
көзқарасын ынталандыратын философия болса керек.
Алайда мынадай сұрақ туындайды: біздің ғаламшарымызда осындай
философия болды ма немесе бар ма? Бұл жерде əңгіме, əрине, И. Канттың
сипаттамасын қолданатын болсақ – философияның «мектептік ұғымы» туралы
емес, «əлемдік ұғымындағы» философия, яғни өзінің ұғымы мен мағынасына
сəйкес философия туралы болып отыр. Бүкілəлемдік философия мен оның
тарихына көз жүгіртудің өзі бұған бір ауыздан жағымды жауап беруге
мүмкіншілік бермейді. Ең алдымен көзге түсетін нəрсе: философия өзінің пайда
болған уақытынан бері қандай да бір біртұтастықтан тыс болды, ол бір-бірін
мойындайтын сан алуан бөлек жүйелер түрінде көрініс табады. Бұл, əлбетте,
Шығыс философиясына емес, Сократқа дейін болған философтардан бастап,
қанша философ болса, сонша философиялық ілім болған Батыс философиясына
қатысты. Әрине, бұл жерде əңгіме оның сан алуандығында емес. Әңгіме бұл əр
түрлі философиялық жүйелердің негізінде қандай да бір əлемнің бейнесі
біртұтас нəрсе болып табылатын терең негіз жатыр ма немесе жоқ па, бұдан
жолға шығып, философия өзінің ғимаратының барлық қабаттарын құрайды.
Өйткені, жоғарыда айтылып кеткеніндей, əлемді түсінумен Адамды, оның
онтологиялық мəртебесін, мəн-мағынасын, Әлемдегі болуы керек болмыстың
əдісі, өмірдің мағынасы, белгісі жəне с.с. түсіну байланысты. Әлемдік
философияға көзқарас философиялық ілімдерде Әлемнің мəн-мағынасын
қандай да бір ортақ түсінудің жоқ екендігі туралы қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.
Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке жəне қоғамдық өмірдің мақсат-
мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-əрекеті туралы ойлана
отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады. Өзінің
мəдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім дəрежесіне орай,
əртүрлі өзара əңгімелесудің əсерімен жəне бұқаралық ақпарат құралдары мен
8
əдеби кітаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзінің жеке
өмірлік философиясын, жүйелі жəне ғылыми негізделген болмаса да өз
дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық жəне өндірістік
жағдайлардағы «бір сəттік» дүниетанымның өзі де қанағаттандырарлық болуы
мүмкін. Белгілі француз философы Огюст Конт философияның дəуірі өтті деп
санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивті»
ғылымдар – физика, математика, химия жəне т.б. философияны керек етпейді.
Олар барлық мəселелерді өздері шеше алады, олар “өздерінше” философия.
Философия тарихындағы универсалистік тенденциялар мен дəстүрлер
философияның ұзақ уақыт бойы сақталуына ықпал етеді. Табиғи, адамзаттық
жəне идеалдық əлемнің мəнін тануға деген универсалистік ұмтылысты
философия қалай жұзеге асырады немесе, басқаша айтқанда, философия қалай
«болады?». Жауабы айдан анық: философия дегеніміз адам рухының (немесе
“ойлауының”, “зердесінің” жəне т.б.) сөз арқылы болуы. “Бастапқыда Сөз
болды” деген тезистің философияның қалай “болатынына” қатысы бар. Себебі
жалпы тіл, сөз біздің ойымыздың нақтылығын білдіреді. Сонымен бұл “сөз”,
бұл білім мен даналық не туралы дейтін болсақ, оның “жалпы бар нəрсе”, өмір
сүретін нəрсе туралы екендігі философия тарихынан белгілі болды.
Философияның даналықтан туатын, даналықпен тығыз байланысты тағы
бір қыры, тағы бір анықтамасы – түсінік. Философия ежелден бері дүниедегі
заттарды, құбылыстарды, болып жатқан оқиғаларды танып қана қоймай,
оларды түсініге тырысты; оларға өзінің, өзі арқылы адамның қалай қарайтынын
білдіруге тырысты. Философияны белгілі бір шамада бір сөзбен түсінік деп
қарауға болады, яғни адамның қоршаған ортаны, дүниені, тарихты, жағдайды,
басқа адамдарды, өзін, өзінің дүниеге қатынасын түсінуі. Даналықты біліммен
шатастыру сияқты, түсінік те таныммен шатастырыла беріледі. Танымда,
ғылымда – тағы да баса қайталауға тура келеді – адам жоқ. Адам жоқ жерде
түсінік бола ма? Адамның жетілгенің, жетіскенін, Декарт айтқандай, ойлаумен
емес, түсінікпен өлшеу керек. Әйтпесе, ойлауға машинаның да қабілеті жетеді.
Көп нəрселерді, көптеген рухани дүниелерді, көп ойшылдарды біз əлі жете
түсінбей келеміз. Әлі де арамызда Паскальды, Кантты, Руссоны, Шопенгауэрді,
Ницшені, Достоевскийді, Толстойды, Абайды, Мағжанды түсінбеген
оқымыстылар бар. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” – бұдан артық бізге
қандай байлық керек?! Даналық та, түсінік те, осыларды бойына жинай білген
философия да қазақ ойынан: Қорқыттан, Асан Қайғыдан, Шалкиізден,
Бұқардан, Абайдан, Ыбырайдан, Шəңгерейден, Ғұмар Қараштан табылады.
Осы жағынан біз олардың туындыларын “Даналық философиясы” деп ауыз
толтырып айта аламыз.
Философия дүние мен адамның қатынасындағы əмбебапты негіздерді
зерттейді. Оларды өзара байланыстырып, қабыстырып тұрған тетік – мəдениет,
ал ол қашанда этникалық сипатта болады. Егер философия мəдениеттің рухани
мəйегін, өзегін, күре тамырын құраса, онда əрбір этномəдениеттің өзіндік
философиясы бар екендігі анық. Осыдан əлемде қанша ұлттық жетілген
мəдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы
анық дəлелденеді. ұлттық философияда ұлттық мəдениет өз қисындылығына
9
жетеді. Бұл арада философия мен жеке ғылымдардың арасындағы
айырмашылық анық көрініс табады. Табиғаттану ғылымдарынан өзгеше
философия, (метафизика) пəні физиканың арғы жағында жатыр. Айталық, неміс
химиясы жоқ, бірақ неміс философиясы бар.
Сонымен, философиялық ойлаудың тереңінде жанған жарық сəуле адамзат
мəдениетінің барлық жүйесін жарықтандырды жəне сол арқылы қазіргі заманғы
дүниетанымның – рух дүниетанымының қайнар көзіне айналды. Ежелгі
дүниетаным үшін сана əркез пассивті көрінді, ол барлық нəрселер, жақсысы да,
төмені де бар, идея мен сезіну бəрі-бəрі берілетін айна саналды: сананың мұндай
пассивтілігі ежелгі дүниетанымның шекарасы болды, оның одан əрі қарай аттауға
шамасы келмеді. Танымның əбден байытылған ұзақ өмірлік жолы қазіргі заманғы
рух өзінің қарапайым ойшылы арқылы мынадай асқақ сөзді айтуға мүмкіндік
алды: пайым – міне, табиғат заңын жазатын кім десеңіз, осы.
Философиялық білімді жіктеуде көптеген əдіс-тəсілдердің бар екендігін
ескерткеніміз жөн. Мысалы философиядағы ең кең танымалы ретінде
теориялық философия жəне практикалық философия деген бөлінісі. Оның
біріншісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы
(гносеология) жатады. Екіншісінің өзегін, ең алдымен этика құрайды, оған
құқық философиясы, тарих философиясы жəне т.б. жатқызылуы мүмкін.
Философияның теориялық жəне практикалық деп бөлінуі өзінің бастауын
антикалық классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін ерекшелеп, оны
“пойетикалық философия” деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді
көздейді, ал оның негізін сөз шығармашылығының эстетикасы – риторика жəне
поэтика құрайды.
Ақырында, өз кезегінде бірнеше “əлемдерге” бөлінетін адамзат рухының
болмысына (мысалы, наным-сенімдер əлемі, адамгершілік жəне эстетикалық
құндылықтар əлемі, ғылым əлемі, ментальдық қабілеттер мен мүмкіндіктер
əлемі жəне т.б.) қатысты филоссофия мынадай салаларға бөлінеді, мысалы, дін
философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы жəне философиясы,
философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып
табылатын психология жəне риторика, ғылым философиясы, жəне де
философиялық антропология жəне т.б.
Зерттеушілердің
басым
бөлігі
философиялық
дүниетанымның
қалыптасуында ғылыми деректермен қатар миф пен діннің ерекше рөлін атап
көрсетеді. Әр халықтың өзіндік мифологиясы мен сенім-нанымдары бар
екендігіне күмəн келтірмейміз. Сол себепті қазақ рухани дүниесінен бастау
алатын қазақ философиясы туралы айту орынды.
Философияның тек рационалдық парадигмаға негізделген батыстық
түрінен басқа да формалары жеткілікті. Мысалы, К.Ясперс өзінің “Тарихтың
мəні мен міндеттері” атты еңбегінде философтардың мынадай типтерін атап
өтеді:
- Адамгершілік өлшемін берген əулиелер…
- Философиялық жасампаздар…
- Философиялық жаңғыртушылар…
- Ұлы жүйе құрушылар…
10
- Даналық өрісіндегі философтар
- Поэзиядағы философтар…
Сонымен, философия болмыстың мəнін осылай игерумен (немесе оны
құрайтын
заттардың,
құбылыстардың,
жағдайлардың,
деңгейлердің,
процестердің жəне т.б. мəнділігі), адамның əлемге қатынасының мəнін жəне
ондағы адамның мəнділік орнын танумен айналасады.
Философия өзінің соңғы мақсатына орай жалпыға ортақ ой-сананың
жаршысы жəне күзетшісі болып табылады. Оның міндеті – біздің дүниеміз
алдында ақыл-ойға негізделген этикалық идеалдар бұрынғыдай барлығын
қамтитын дүниетанымдағы тіректі таба алмайды, ал жақсы кезеңге дейін өз-
өзімен болып келді жəне өзінің ішкі күшіне сүйене отырып, дүниеде өзін
дəлелдеуге мəжбүр болды. Ол адамдарды мəдениет арқа сүйейтін мұраттар
үшін күресу қажеттігіне сендіруі тиіс болатын. Ол бұл мұраттарды өздігінен,
олардың іштей ақиқаттылығын негіздеуге тырысуы керек еді, жəне осындай
жолмен, тіпті тиісті барлығын қамтитын дүниетанымнан өмірлік күштердің
ағынысыз, олардың өміршеңдігін қолдауы керек еді. Білімді жəне білімсіз
адамдардың назарын мəдениет мұраттарының проблемасына барлық күш-
жігермен таруға тиіс болатын.
Бірақ бəрімен айналысқан философия мəдениетке онша мəн бере қоймады.
Ол ештеңеге қарамастан теориялық барлығын қамтитын дүниетанымды
жасауға сенім артып, ол барлық проблеманы шешуге көмектеседі деп өзінің
күш-мүмкіндігін текке жұмсауды жалғастыра берді. Философия тарихқа жəне
жаратылыс ғылымдарына арқа сүйейтін жəне тиісінше оптимизм жəне
этикалық тəрізді сапалардан айырылған, тіпті аяқталған күйінде «күшті емес»
дүниетаным болып қала беретін, мəдениет идеалдарын негіздеу мен қолдау
үшін қажетті энергияны ешқашан туғыза алмайтын мұндай дүниетаным
туралы ойланбады.
Нəтижесінде философия мəдениетке аз көңіл бөлді, тіпті өзінің де өз
уақытымен бірге барған сайын мəдениетсіздік жай-күйіне жылыстап бара
жатқанын сезіне қоймады. Қауіп-қатер төнген кезде бізді ескертетін күзетші
қалғып кетті. Міне, өзіміздің мəдениетіміз үшін күресуге тырыспағанымыздың
сыры осында жатыр.
Мəдениет филофиясын шығыстық жəне батыстық деп бөлуге негіз бар.
Тарихи тұрғыдан алғанда философияның пайда болуы ғаламшарымыздың үш
аумағында: Шығыста – Ежелгі Үндістан жəне Ежелгі Қытайда, Батыста –
Ежелгі Грекияда шамамен бір уақытта жүзеге асты. К. Ясперстің бұл дəуірді
«белдеулік дəуір» деп атағаны белгіл. Дəл осы дəуірде әу бастан-ақ бұл жерде
Әлем туралы ілімнің екі негізгі типі (төменде олардың үшеу екендігі ортаға
шығады) қалыптасты (жəне олардың негізінде – Адам туралы ілім), олар
Шығыс пен Батыстың кейінгі философиялық ілімдері үшін өзіндік ерекшелігі
бар жоғарғы парадигмалар болды. Бұл соңғыларының сан алуандығына,
олардың өзара əсерлесулеріне, синтезіне, нақтылықтарға, дамығандығына т.б.
қарамастан,
олардың
барлығы
негізінде
бастапқыда
белгіленген
философиялық-дүниетанымдық жоғарғы парадигмалардың параметрлеріне сай
келеді жəне сондықтан да олардың біреуін жақын көреді.
11
Ежелгі Қытай философиясында көрсетілмеген Әлем басқаша аталады:
Хаос, Ұлы бостық, Шексіздік, Сырлы, Жоқтық жəне Болмыс. Ал Батыс
философиясы (бұл жерде əзірше ежелгі грек флософиясы туралы сөз боп отыр)
əу бастан өзінің бар болуы тек өзіне байланысты Болмыстың онтологиялық
тұрғыдан жалғыз жəне кемел деп есептелгендігінен жолға шығады. Гераклит
Эфесский былай дейді: «Бұл космос бəрімізге бірдей ортақ, құдайлардың
ешқайсысы, адамдардың ешқайсысы жаратқан жоқ».
Шығыс философиясы мен батыс философия арасындағы айырмашылық
«стихиялар», немесе «бастапқы элементтерң мысалында-ақ көрініс тапқан.
Қытай философиясындағы бес стихия (у син) – от, су, жер, металл мен ағаш –
бұл заттың мəн-мағынасы емес, үздіксіз айналымдағы ци энергиясының
типтері. Ежелгі грек философиясы үшін төрт стихия – су, жер, ауа жəне от –
физикалық-химиялық қосындылар емес, тірі, тіпті жаны бар нəрсе болғанына
қарамастан, энергияның емес, заттың мəн-мағынасы болып табылады.
Шығыс философиясы энергетикалық ипостась үстемдігін шығыс
медицинасы, денсаулық сақтау мен əскери өнері жəне басқалары негізін
құрайтын өзінің антропологиясына да берген. Ал батыс медицинасы, дене
тəрбиесі жəне с.с.с адамды тек тəн жағынан ғана қарастырады.
Өзінің терең мəн-мағынасы бойынша Адам да Батыста болсын, Шығыста
болсын бірдей (содан кейін – Қытай мен Үндістанда). Әлемдегі Адамның
Достарыңызбен бөлісу: |