134
Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды өзіндік
ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.
К.Ясперс өзінің техниканы түсіндіруінде хайдеггерлік түсінікке
жақын
келді. Ол өзінің “Тарихтың мəні жəне мақсаты” деген еңбегінде техниканы
əлемдік тарихтың түбегейлі жаңа факторы ретінде қарастырады. К.Ясперстің
пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: “Қазіргі
уақытта біз
тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз
жыл бұрын-ақ
бұл кезеңді антикалық əлемнің дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал
кейінірек оның тек Европа мен Батыс мəдениеті үшін
ғана емес, бүкіл əлем
үшін орасан зор маңызы бар екендігі байқалды. Бұл өзінің барлық
салдарларымен қоса алғандағы
техника ғасыры адамның еңбек, өмір, ойлау
саласындағы, символика саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан
сау-тамтық
қалдырмайтын
сияқты”
Достарыңызбен бөлісу: