135
ғылыми революция əрқашанда техника гүлденуінің қажетті алғышарты бола
бермейді, ал техниканың өріс алуы міндетті түрде қандай да болсын қоғамдық
өзгерістерге əкеле бермейді.
Х.Сколимовски техника философиясын
адам философиясы ретінде
түсінуді ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан
гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Ол адамның табиғаттағы нəзік
тепе-теңдікке құрметпен қатынасуын жəне əлемді бұлайша жабдықтандыру осы
тепе-теңдікті бұзбай, бекіткенде ғана рұқсат беруді ұсынады.
Оның ойынша
адамның білімі қалған барлық жаратылыстарға қарсы бағытталмай, білім
бақылау мен жұмсау мақсатындағы күш
ретінде қолданылмай, керісінше
заттардың табиғатын дұрыс түсінуге жəне үйлесімділікке қызмет етуі тиіс.
Прогрестің гуманистік түсінігі табиғаттың өзге жаратылыстарының,
сонымен
бірге адам жаны мен оның сезімдік потенциясының жойылуын емес, керісінше
оның рухани əлемінің кеңеюі арқасында жүзеге асатын адамның өзіндік
келбетінің өсуін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: