136
де европалық өркениет осы жолмен жүргенде, батыстық философтардың
пікірінше, онда ол антропологиялық жəне
рухани ресурстарын дамытып,
ғарышқа, Ғаламның универсумына жақындай түсер еді.
Бірақ батыстық өркениет өзге жолмен жүрді. Оны таным мен əлемді қанау
құмарлығы иектеді. Адамзат жан мен тəнді жаттықтыру қабілетін жоғалтып,
техниканың көмегімен бүкіл əлемді өзіне бағындыру пиғылына берілді.
Адамдар өзінің табиғатына сенуден қалып, рухты дамыту мен жетілдіруден бас
тартты. Техникамен қарулана отырып, олар өздерінің күш-жігерін ішкі əлемге
емес, сыртқы əлемге бағыттады. Хайдеггердің терминімен айтқанда техника
адам Болмысына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: