Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет45/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130
Философия Оқулық (3)

Техницизм 
қоғам 
туралы 
қазіргі 
батыстық 
теориялардың 
методологиялық негізі ретінде. 
Техника философиясы өзінің күрделі құрылымы бар жеткілікті дəрежеде 
күрделі философиялық ағым болып табылады. Техникалық өркениеттің 
динамикалық процестерін пайымдауға ұмтылған жаңа концепциялар пайда 
болды. Техника философиясындағы əр түрлі ағымдардың, көзқарастардың, 
позициялардың молдығына қарамастан барлығына ортақ нəрсе олардың 
технологиялық детерминизмге негізделуінде болып табылады, яғни қоғам 
өміріндегі техниканың анықтаушы рөлі мойындалады. 
Техника философиясы ең алдымен қарама-қарсы екі бағытқа бөлінеді - 
техницизм жəне антитехницизм.
Техницизм техника дамуының адамзат үшін сөзсіз игіліктілігіне деген 
сенімге негізделеді. 
Техницизм қоғам өміріндегі техниканың рөлін тек қалыпты құбылыс 
ретінде, адамзаттың игілігі ретінде ғана қарастырады. 
Неотехницизм өзінің алдыңғы формаларынан ерекшеленеді. Мұнда 
техникаға бұрынғысынша қоғам өміріндегі негізгі орын беріледі, бірақ оның 
өзіндік дамуы, өзіндік реттелу мүмкіндігі теріске шығарылып, қоғамдық 
бақылау қажеттілігі туралы мəселе қойылады. 
Антитехницизм - технофобияның көрінісі, пайда болып, таралып жəне өсіп 
келе жатқан жаңа технологиялардың жұмбақ қауіп-қатерінің алдындағы үрей 
мен қорқыныш, сенімсіздік. Антитехницизмнің əр түрлі варианттары бар. Оның 
ішіндегі ең кеңінен таралғаны “батырлық пессимизм” (Ф.Ницшенің термині) 
деп аталады. Ол бойынша техника мен зұлымдықтың тегеуріні техниктер мен 
технократтардың үстемдігін, басқаруын тудырады. Антитехницизмнің тағы бір 
көрінісі адам өзі игере алмайтын рационалдық білімнің əуел бастапқы 
агрессивтілігімен сипатталатын, мəні “билікке деген ерікке” негізделген 
техникаға радикалды дұшпандықты білдіретін позицияны ұстанады (Маркузе, 
Адорно, Хоркхаймер). 60-шы жылдардың соңында бұл көзқарастар 
контрмəдениет идеологиясына жүйеленді (Т.Роззак). Контрмəдениет бойынша 
барлық қазіргі саяси күштер - мейілі ол “солшылдар”, “оңшылдар”, “орталық” 
болсын, технократиялық қоғамның бірыңғай құндылықтарына, техникалық 
рационализмге деген діни сенімге негізделген билік үшін күреске əкеледі. 
Техниканы философиялық зерттеу өте күрделі құбылыс жəне əр түрлі 
қырлардан тұрады; методологиялық, əлеуметтік, саяси, эстетикалық


137 
аксиологиялық жəне т.б. Қай мəселені алға тартқанына байланысты техника 
философиясы не ғылым философиясымен жақындайды, не əлеуметтік 
философияның немесе антрапологиялық философияның бөлімі ретінде 
қарастырылады.
Техника философиясы негізінен екі басты дəстүрдің ықпалында: 
неопозитивизммен əсері жəне байланысы бар сциентистік методологизм жəне 
мəдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы 
екі дəстүрдің біріне бағдар ұстануына байланысты не логикалық-
методологиялық мəселелермен айналысады, не техниканың гуманистік 
құндылықтық қырларынан зерттейді. Бұл дəстүрлер кейде қиылысып жатады, 
ал бұл аталған зерттеулердің синтезіне деген тенденцияны туғызады.
Техницизм дүниетанымы, “технологиялық детерминизм” батыстық 
ойшылдардың көптеген теорияларын қамтып жатыр: “индустриалдық қоғам 
теориясы”, “постиндустриалдық қоғам теориясы”, “ғылыми революция 
теориясы”, “ақпараттық қоғам теориясы”. Жəне жалпы адамзат қоғамы дамуын 
кезеңдерге бөлуді қамтиды. Олардың пікірінше, техника барлық əлеуметтік 
факторлардың алғышарты болып табылады, оның нəтижесінде өндіргіш күштер 
стихиялық түрде жаңа қоғамдық қатынастарды тудырады. Техницизмнің əр 
түрлі өкілдері адамзат өркениетінің тарихи дəуірлерін техниканың белгілі бір 
аспектілерімен байланыстырады, мысалы, еңбек құралдарының алмасуы 
(Дж.Ленский), байланыс құралы (Маклюэн) немесе энергия көздері, яғни 
қоғамның дамуы мускулдық энергияның жүйелі түрде алмасуымен (бу, электр, 
атом) байланыстырылады. Батыстық авторлар əлеуметтік дамудағы техниканың 
анықтаушы рөліне негізделе отырып, адамзат тарихын үш кезеңге бөледі: 
“индустриалдыққа дейінгі қоғам”, “индустриалдық қоғам” жəне “кейінгі 
индустриалдық қоғам”. Индустриалдыққа дейінгі қоғамдағы басты сала ауыл 
шаруашылығы, сондықтан да оны аграрлы, дəстүрлі қоғам деп атайды жəне 
шіркеу мен əскер бұл қоғамның басты институттары болып табылады. 
Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалардың 
жетекшілігіндегі өнеркəсіпке негізделеді. Кейінгі индустриалдық қоғам 
тарихтың жаңа перзенті болып табылады жəне бірқатар факторлармен 
анықталады: тауар өндіруші экономикадан қызмет етуші экономикаға көшу, 
қоғамның əлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, қоғамдағы саясатты 
анықтауда теориялық білімнің басымдылығы, жаңа интеллектуалды 
технологияның қалыптасуы, технологиялық өзгерістерді жоспарлау жəне 
бақылау. Индустриалды қоғам теориясын 50-жылдардың соңы мен 60-
жылдардың басында негізін қалағандар қатарына Дарендорф, Арон, Белл, 
А.Турендермен қатар У.Ростоу жатады. Әлемтану мен əлеуметтік философия 
тарихында ол технологиялық детерменизмге негізделген “экономикалық өсім 
кезеңдері” концепциясының авторы ретінде белгілі. Технология дамуының 
деңгейлерінен шығара отырып У.Ростоу адамзат қоғамының даму тарихын бес 
кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңді ол “дəстүрлі қоғам” деп атады жəне билік басында жер 
иеленушілер тұратын, ғылым мен техника тұрпайы, “ньютонға дейінгі” 
деңгейде болатын, əлеуметтік құрылымы көп сатылы өте төменгі ауыл 


138 
шаруашылық өндірісі бар аграрлық қоғам ретінде сипаттады. Екінші кезең
“өтпелі қоғам”, бұл жаңа қоғам үшін алғышарттарды қалыптастыру кезеңі ауыл 
шаруашылығы өнімділігінің өсуімен, “іскер, кəсіпкер адамдардың жаңа 
типінің” пайда болуымен ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық іргетасын 
қамтамасыз етуге ұмтылған “ұлтшылдықтың” өсуімен жəне осының негізінде 
бір орталыққа бағынған мемлекеттің қалыптасуымен сипатталады. Үшінші 
кезең бұл қозғалыс кезеңі, “өнеркəсіптік төңкеріс кезеңі”. Бұл кезең 
өнеркəсіптің негізгі салаларының тез өсуінен, капитал жинақтау үлесінің 
жоғарылауына алып келетін өндіріс методының радикалды өзгеруімен 
ерекшеленеді. У.Ростоудың пікірінше, бұл кезеңде Англия ХVІІІ ғасырдың 
аяғында, Франция мен АҚШ ХІХ ғасырдың ортасында, Германия ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында, Ресей 1890-1914 жылдар аралығында, Үндістан 
мен Қытай ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында орналасты. Төртінші кезеңді 
У.Ростоу кемелдену кезеңі немесе индустриалдық қоғам деп атайды. Оның 
пікірінше индустриалдық қоғамның негізгі белгілеріне өнеркəсіптің шапшаң 
дамуы, өндірістің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы, ғылым мен техника 
жетістіктерін кеңінен енгізу, капитал салымы деңгейінің ұлттық кірістің 20 %-
ға дейін жоғарылауы, қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі, 
квалификациялық еңбек үлесінің өсуі жатады. У.Ростоудың есептеуінше 
кемелденген кезеңге жету үшін 50-60 жылдай өтпелі кезең қажет. Жəне соңғы, 
бесінші кезең “жоғары бұхаралық тұтыну” дəуірі. Бұл қоғамның басты 
мəселесі өндіріс емес, тұтыну мəселесі, өндірістің негізгі салалары дəстүрлі 
салалар емес, қызмет көрсету жəне бұхаралық тұтыныс тауарларын өндірісі 
болып табылады.
Американ экономисі жəне əлеуметтенушысы У.Ростоудың бұл теориясы 
постиндустриалдық қоғам теориясының алғышарты жəне негізі болды. 
Экономика мен оның салаларының негізіндегі техника философиясының 
күрделіленген вариантын біз американ əлеуметтанушысы Д.Беллден 
кездестіреміз. 
Ол 
постиндустриалдық 
қоғам 
теориясының 
негізін 
қалаушылардың бірі. Белл “біржақты детерминизмді” жоққа шығарады жəне 
қоғамның əр түрлі салалары, мейлі ол саясат немесе мəдениет, технология жəне 
т.б. болсын өз алдына дербес жəне өзінің даму логикасы болады деп есептейді. 
“Постиндустриалдық қоғам” теориясының методологиялық негізі “белдеулік 
принцип” болып табылады. Д.Белл белдеулік принциптің көмегімен қоғамдық 
қатынастар мен институттардың, рухани процестердің тек бір ғана факторларға 
байланысты емес екендігін дəлелдеуге тырысады. Олардың бірі бір белдеудің 
бойында, екіншілері өзге белдеудің бойында орналасады. Беллдің пікірінше 
“постиндустриалдық қоғамның белдеулік принципі орасан зор теориялық білім 
жəне оның əлеуметтік өзгерістегі бағыттаушы ретіндегі жаңа рөлі болып 
табылады. Әрбір қоғам білімнің негізінде қызмет етеді, бірақ ХХ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап технологияның мəнін өзгерткен ғылым мен 
инженерияның 
қосылуы 
жүзеге 
асты”. 
Постиндустриалдық 
қоғам 
концепциясының негізіне адамзат қоғамы тарихының үш кезеңге бөлінуі 
жатады: индустриалдыққа дейінгі, индустриалдық, индустриалдықтан кейінгі.


139 
Сонымен, алғашқы əлеуметтік технологиялық революция аграрлық-
қолөнерлік болып табылады. Оның соңғы нəтижесі өндіріс саласының негізіне 
егіншілік жəне қолөнер технологиялары жататын тарихи тұрғыда алғашқы 
өркениеттің қалыптасуы болды. Меншіктің əр түрлі формалары, алғашқы 
мемлекеттердің пайда болуы отырықшылыққа көшудің алғышарттары болды. 
Екінші əлеуметтік технологиялық революция индустриалдық болып 
табылады. Ол ХVІІ ғасырдың басына дейінгі кезеңдерді қамтиды, ал кейбір 
елдер мен аймақтарда онан да кешірек жүзеге асты. Оның нəтижесі 
индустриалдық жəне урбанистік өркениеттің пайда болуы деп саналады. 
Соңғы біздің көз алдымызда өтіп жатқан əлеуметтіктехнологиялық 
революция ақпараттық-компьютерлік революция болып табылады. Ол қоғам 
өмірі мен адам өмірқамының бүкіл саласын ақпараттандырудың негізінде іске 
асады. 
80-жылдары техницизм идеологиясы күшейе түсті. Бұл бағыттың негізгі 
тұжырымдары О.Тоффлердің атақты “Үшінші толқын” еңбегінде жарияланды. 
О.Тоффлер қоғам дамуын толқынның қозғалысы ретінде қарастырады. Ол 
адамзат қоғамының бүкіл дамуын үш кезеңге бөледі: 
1. Аграрлық революция (“бірінші толқын”) 
2. Өнеркəсіптік революция (“екінші толқын”) 
3. Ақпараттық-компьютерлік революция (“үшінші толқын”). 
Ол қоғамдық өзгерістерді техникалық прогрестің тікелей рефлексі ретінде 
қарастырады. Ол қоғамдық өмірдің əр түрлі қырларын талдайды, бірақ негізі 
ретінде энергетикалық база, өндіріс жəне бөлініс құрамына кіретін 
техносаладағы өзгерістер алынады.
О.Тоффлер болашақ қоғамдық дамуды талдай отырып, оның 
экономикалық қаңқасын электроника жəне ЭЕМ, ғарыштық кеңістік жəне 
биоиндустрия құрайды деп есептейді. Оның пікірінше, өндіріс, отбасы, ғылыми 
ойдың 
бағытының 
өзі, 
коммуникация 
жүйесі 
орталықтанудан 
орталықсыздануға, шоғырланудан шашырауға, кəсіпорынға жиналудан 
“электрондық коттедждегі” үй жұмысына ауысады. Тоффлер жаңа өркениетке 
дəл анықтама беруге тырыспайды, оның айтуынша “постиндустриалдық 
қоғам”, “ғарыштық дəуір”, “ғаламдық деревня”, “ақпараттық қоғам” жəне т.б. 
қолдануға келмейді, өйткені “олар жүзеге асып жатқан өзгерістердің нақты 
динамикасы, оның салдары барысындағы қайшылықтар мен қақтығыстар 
туралы дұрыс болжам бере алмайды”. 
Жаңа өркениетке анықтама беруге көптеген ғалымдар ұмтылды. 
Дж.Литхайм - постбуржуазиялық, Р.Дарендорф - посткапиталистік, А.Этциони 
- постмодернистік, К.Болдуинг - постөркениеттік, Г.Кан - постэкономикалық, 
С.Алстром - постпротестанттық, Р.Сейденберг- посттарихи, Р.Барнет -
постмұнайлық қоғам туралы айтады.
Мұнан ары қарай постиндустриалдық қоғам теориясы ақпараттық қоғам 
концепциясында нақтылана түседі. Ақпараттық қоғамның əр түрлі варианттары 
Д.Белл, А.Кинг, Дж.Мартин, А.Нормен, С.Нора, Дж.Нейсбит, Й.Масуда, 
Дж.Пелтон, М.Понятковский, Ж.-Ж.Серван-Шрайбер жəне т.б. сияқты 


140 
теоретиктермен даярланды. Жалпы алғанда, олар ақпараттық қоғамды 
постиндустриалдық қоғам ретінде түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет