141
тарату бойынша негізгі экономикалық салалардың қалыптасуы; өнеркəсіптің
өзге салалары мен өкімен үшін ақпараттық қызмет номенклатурасының кеңеюі;
тұтынушылық деңгейде ақпарат құралдарының кең торабының қалыптасуы.
Трансформацияның бастапқы кезеңін М.Порат “алғашқы ақпараттық
сектор” деп атады. Мұнда ұлттық ақпараттық жəне
коммуникациялық
инфрақұрылымды құрайтын техника өндірушілер мен менеджерлер ғана, яғни
ат төбеліндей корпорация иелері ғана үстемдік етеді. Мұндай корпорацияның
ең ірілерінің бірі - “Америкэн телефон энд телеграф” - 70-жылдардың аяғында
əлемнің 118 елінің ұлттық өнімін (ВНП) барлығын қосып алғандағыдай кіріске
ие болды.
Жаңа ақпараттық экономиканың екінші кезеңі де толығымен ене бастады.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттық технологияның негізгі пайдаланушылары жеке
жəне қоғамдық салалар болып табылады. Осы кезден бастап олардың
ақпараттық технологияға деген сұранысы күшейе түседі. Мысалы, банк ісі
уақыт өткен сайын қағаз ақшаның негізгі бөлігін алмастыратын “электронды
ақшаның” универсалды жүйесін қалыптастыру бағытына қарай жедел
қарқынмен дами бастайды. Әдетте бұл процесс үй компьютерлері жəне өзге
күрделі техникамен жүзеге асады. Әрбір үйдегі екі құрылғының - телефон жəне
теледидардың көмегімен қызмет көрсетудің жаңа түрлерінің басым көпшілігі
атқарылады. Бұл жүйелер ақпараттық қызметтің жаңа базаларының эффективті
каналдары бола алады.
Т.Стоунвер ақпараттық қоғамның ерекшеліктері туралы былай деп
жазады: “Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал - постиндустриалдық
қоғамның маңызды ресурсы”. Байлық техника
құралдарының көмегімен
технологиялық білімді жəне ұйымдастырушылықты жетілдіру арқылы
қалыптасады.
Сондықтан
Т.Стоунвердің
пікірінше
“индустриалдық
экономикадан постиндустриалдық экономикаға өтудің ең тиімді стратегиясы—
бұл білімді, ғылыми зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды
кең ауқымды дамыту”. Сондықтан ақпараттық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі
ең алдымен білім мен технологияның прогресіне бағынышты болады. Осыған
байланысты “постиндустриалдық қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар -
негізгі экономикалық құндылық, байлықтың ең үлкен потенциалды көзі” деген
Стоунвердің пікірімен келіспеуге болмайды.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей отырып, мына мəселелерге үлкен
көңіл қою керек: ақпараттық қоғамның мəні неде, ақпараттық қоғамның қандай
негізгі сипаттамалық белгілері бар, қоғам дамуының өзге этаптарынан түбірлі
айырмашылықтары неде, ақпараттық мемлекет қатарына жататын мемлекет бар
ма?
Профессор А.И.Ракитовтың пікірінше, егер қоғам төмендегі параметрлерге
сəйкес келсе, онда оны ақпараттық деп есептеуге болады:
1) егер кез келген адам, ұжым, кəсіпорын немесе ұйым өзінің өмірқамы
жəне жеке немесе əлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу үшін
кез келген
уақытта елдің кез келген нүктесінен кез келген ақпаратты ала алатын жағдайда;
142
2) егер қоғамда индивидке, ұжымға немесе ұйымға қажетті қазіргі
ақпараттық технология қызмет ететін өндірілетін болса жəне жоғары пункттегі
талаптарды өтей алатын болса;
3) егер ғылыми-технологиялық жəне əлеуметтік-тарихи прогрестің үнемі
жедел қарқынын ұстап тұруға қажетті мөлшердегі ұлттық ақпараттық
ресурстарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылым
болған жағдайда;
4) егер өндіріс пен басқарудың барлық салаларында автоматтандыру мен
роботтандырудың жеделдетілген процесі жүзеге асса;
5) егер ақпараттық əрекет пен қызмет салаларын кеңейтуге мүмкіндік
беретін əлеуметтік құрылымда радикалды өзгерістер жүзеге асса.
Бұл салада тұрғылықты халықтың басым көпшілігі,
еңбекке жарамды
халықтың 50 %-дан астамы қызмет етеді. Д.Белл мынадай көрсеткіштер
келтіреді: АҚШ-та 1970 жылдың өзінде-ақ қызмет көрсету саласында жұмыс
күшінің 65%-ы, өнеркəсіп пен құрылыста - 30%-ы, ауыл шаруашылығында—
5%-ы еңбек етті. Белгілі американдық профессор Дж.Мартиннің айтуынша 80-
жылдардың басында Батыстың дамыған елдерінде АҚШ жəне Жапонияда
ақпараттық қоғам орнады.
Жаңа ақпараттық өркениеттің қалыптасуы көптеген жаңа мəселелерді де
туғызады. Әлеуметтік-экономикалық табыс бүгінгі күндері білім мен
технологияға бағынышты болғандықтан ақпараттандыру жолына дер кезінде
түсе алмаған елдердің ақпаратты дамушы елдерге бағынышты болып қалатыны
күмəн туғызбайды. Осыған байланысты дамушы елдердің шикізат жəне
энергетика көздері болып келген елдер ақпараттық отар елдерге айналуы
мүмкін. М.Хайдеггердің пікірінше индустриалдық қоғамда техника мен
техницизм үстемдік етсе, болашаққа ақыл-ойдың экспансиясы қатер төндіреді.
Кейбір батыстық философтар ақпараттық
процестердің қарқынды дамуы
жағымсыз салдарларға да əкелуі мүмкін деген ой айтады. Мысалы, М.Маклюэн
дүниетанымның стереотиптілігі, индивидуалдылықты жоғалту, адамның
үнсіздік пен бейсаналық тұңғиығына батуы сияқты құбылыстарды болжайды.
Белгілі американ əлеуметтенушысы О.Тоффлер өзінің “Футурошок” еңбегінде
қазіргі адамның қоғам мен техниканың шапшаң өзгерістеріне дайын еместігін
айта келе, болашақпен қақтығыстың адамға ауыр тиетінін ескертеді.
ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күшті сыншыларының бірі
Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениеттің технологиясына
негізделген гуманистік прогресс ретінде елестетті. Кейінірек өзінің позициясын
түбірімен қайта қарап, ақпарат саласын өз қолына шоғырландырған жəне күшті
репрессивті бюрократиямен басқаратын əскери-өнеркəсіптік истеблишмент
тарапынан келетін қауіп-қатер туралы ескертеді. Болашаққа қатысты эйфорияға
қарсы Питер Штернс жəне Майкл Харригтон сияқты
сыншылар өз пікірлерін
айтты.
Қоғамды ақпараттандыру процесі техникалық жəне технологиялық
процестерді өз бойына біріктіре, жинақтай жəне қорыта отырып, тек
технологиялық мəселе болудан қалады.
143
Сондықтан “…ақпараттық қоғам адам болмысының мəнімен қатар
құрылымын өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ
құбылыстары болып келген шығармашылықтың құпиялары мен адамзат ақыл-
ойының терең тылсымдарына ену мүмкіншіліктері мен оны адами игеру
деңгейлерін, тұлға жүйесін түбегейлі өзгертетін болғандықтан философияның
көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып қала береді”
Достарыңызбен бөлісу: