160
келген анықтаманың өзі қажеттілікке орай қолға алынған заттың тек бір ғана
немесе бірнеше қырларын көрсете алады. Ал барлық затта
қырларының саны
шексіз. Бұл, бірақ анықтаманың қажеті жоқ деген емес. Алайда ол барлық
анықтаманың шартты əрі заттың мəнін түгелдей бере алмайтындығын
білдіреді»
(Лосев А.Ф. Родина // Литературная газета. – 1999. – 24/01. – 6 б.).
Біз А.Ф. Лосевтің осы бір нақты əрі өте нəзіктікпен түсіндірген түйінімен
келісе отырып, бұл қазақ ойшылының философиялық тұрғысын анықтауда біз
кездестірген қиындықтарды толық бейнелеп береді деп ойлаймыз. Абайдың
адамды түсінуі оның философиялық көзқарастарынан ажыратып алғысыз дей
тұрсақ та, ойшыл адам мəселесінің философиялық
қырына өзінің негізгі
назарын аударды деп айта аламыз, оның бүкіл шығармашылығының өн бойы
«толық адам» – өз мəніндегі, иманды, үндестікке толы адам туралы терең ой-
толғамдарға
толы
, ал оның басты
мақсаты – Адам болу үшін
неге жақын
, неден
қашық жүру керек екендігін үйрету, жақсылық пен жамандықтың ақиқаттық
болмысын ашып беру еді.
Абай өз рулас ағайындарына, қазаққа арнап, былай
деген
: «Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола
тұра, өзімдікін
жөн қыламын деп, құр «ой, тəңір-ай!» деп таласа бергеннің несі
сөз? Оның несі адам?».
Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған философиялық қағидасы
– бұл "Адам бол!" деген үндеуі – ол ойшыл-ақынның шығармашылығының
өзегіне айналды. Абай үңдеуінің философиялық мəні –
адамның өмірдегі
міндеті мен рөлін жоғары бағалау. Адам – ақын көзқарасында ақыл-ойдың,
адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің жəне білімділіктің, достық пен махаббаттың
түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан əлемінің əшекейі,
орман мен жемістер – таудың əшекейі, ал жердің сəні – адам. Абай үлкен
мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», – деп жар салады.
Абай Құнанбаев қазақтардың кенжелеп қалуы мен өмірдің барлық
кемшіліктерін байлардың мал шаруашылығындағы шарасыздығымен,
жалқаулығымен де байланыстырды. «Мұның бəрі
төрт аяқты малды
көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан», – деп жазды ол, «өзге егін, сауда,
өнер, ғылым – солар секілді нəрселерге салынса, бұлай болмас еді
Достарыңызбен бөлісу: