161
ұятсыздық, кедейлік – бəрі осыдан шығады», – деп жазады ол «Ғақлиясында»
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. –
Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 142).
Еңбек, халық атына еңбек ету – адамның мінез-құлқы мен іс-əре-кеттерінің
өлшемі, ең жоғарғы игілікті іс деп сенеді ойшыл. Халыққа қызмет ету идеясы,
өз мүддесінен халық мүддесінің басымдылығы Абай шығармашылығының
арқауы болып өтті.
Адамның қалыптасу процесінде тəрбиенің, қоршаған ортаның рөліне үлкен мəн
бере отырып, Абай өзін-өзі тəрбиелеумен айналысудың
қажеттілігі туралы
ойды баса айтады. Адам өз-өзіне басқаша көзбен қарауға,
өзіндік талдау,
өзіндік баға беру, өзіндік бақылау қажеттілігі туралы есте сақтауға тиіс.
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса
жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп
алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге
жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не
қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – деген тоқтамға келеді қазақ
ойшылы
Достарыңызбен бөлісу: