Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы



Pdf көрінісі
бет51/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 
ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 103).
Жоғарыда тоқталып өткендей, Абайда адамды қандай да бір əрекеттер 
жасауға итермелейтін қажеттіліктерді қанағаттандырудан туатын жағдайлар 
деп атап кеттік. Бірақ қажеттіліктерді қанағаттандырудың да шегі бар, оның өз 
мөлшері бар деп есептейді ойшыл: «əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі бар, 
өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс... Ішпек, 
жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап 
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нəрселердің бəрінің де өлшеуі бар» 
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – 
Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 152).
Бірақ мөлшерді қалай білеміз? Ұлтты сезіну, 
арлылық адамды парасаттылық пен асып-таспаудың жолында ұстап тұрады 
дегенге тоқталады Абай. Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев 
пен Абайдың ұлт туралы ой-пікірлерінің соншалық күтпеген үңдестігіне 
таңданушылықпен назар аударғымыз келеді. Вл. Соловьев ұлт сезімі, ұлт 
дегеннің өзі жалпы адамдықтың, моралъдық маңызды бірінші элементі деп 
есептеген, ұлтты мінез-құлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт сөзін 
былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін». «Ұятты 
жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы 
(Гулыга А. Владимир Сергеевич Соловьев. Статья // Литературная газета. –М. 1989. – 
18 /01, 42).
Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сөзінде осы ұғымды толық талдай келіп: 
«Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы…» 
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. 
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 
б.)
– дейді. «Ғақлияның» он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой 
қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі 
үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кеткен кісі, 
тəуір жігіт түгіл, əуелі адам ба өзі?»
(
Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. 
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. 
– 336 б., 102). Екі ойшылдың идеяларындағы мұндай айқын үндестіктің, 


162 
философиялық идеялардың мұндай жаңғырығын түсіндіру қиын. Абайдың Вл. 
Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға келуге болады, өйткені 
олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған, кеңінен танымал болды, ал 
Абай бай кітап қорымен əйгілі Семей кітапханасының тұрақты оқырманы 
болғаны жұртшылыққа белгілі. Ж. Аймауытұлы «Абай» журналында 
жарияланған мақаласында, қазақ ағартушысының философиялық қағидаларына 
байланысты былай деп жазады: «Шеберлікті меңгер», оқы, еңбек ет, тəрбиелі 
бол, адам бол, шамаңды парықтай біл деп Абай табаңдылықпен қайталайды. Ол 
халқыньң қамын ойлады, адамдық атына қызмет етуге, адамды туысындай 
сүюге шақырды». Ж. Аймауытұлы сондай-ақ Абайға «дананың көрегендігі, 
ізгілікке құштарлық, əділдік, шыншылдық» тəн деп тұжырымдап, ол өмір бойы 
«жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды», – дейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет