Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Аймауытов  Ж. Журнал туралы // «Абай». 1918. – № 1)



Pdf көрінісі
бет52/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Аймауытов 
Ж. Журнал туралы // «Абай». 1918. – № 1).
Біздің көзқарасымызда жазушы Абайдың философияның негізгі өсиеттерін 
талғампаздықпен өте дəл айқындады, оның өн бойында адамға деген 
гуманистік идеялар тұнып жатқан болатын. Абай ғұмыр бойына адамдық 
идеяларын ұсынды, ол адамды шыққан тегіне, қоғамдағы дəрежесіне, 
ақсүйектігі мен байлығына қарап бағаламауға; адамның адамдарға жасаған 
жақсылығына, оны рухани дүииесіне қарап бағалауға үңдеді, рухани қасиеттер 
– адам өміріндегі басты нəрсе деп есептеді. Нұрлы ақыл мен ойлы жүрек 
адамды бастап жүруге тиіс, сонда ғана оның еңбегі мағыналы, ауқаттылығы 
орынды. Ол адамның ішкі əлемі əрқашан даму үстінде болатынын байқап, 
өзінің негізгі философиялық принципі «Адам бол!» дегенді имандылықтың 
жетілуі тұрғысынан түсінді. 
Басқа да ағартушылар секілді Абай да қоғамның жақсаруына 
имандылықты жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп, ал оның жоғарғы 
міндетін халық игілігіне жарауға ұмтылу деп білді. 
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына 
деген қамқорлығымен əлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы 
мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін 
емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады. Біріншіден, 
сыртқы дүниенің қисынды тұтастығын, өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, 
қырық үшінші қара сөзінде адам «... Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен 
ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады», – 
дейді. Бұл сипатта Абайдың философиясы болмыстың мəнін адамның 
игеруімен (немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, 
деңгейлердің, үдерістердің жəне т.б. мəнділігімен), адамның əлемге 
қатынасының мəнін жəне ондағы адамның мəнділік орнын танумен 
айналасады. 
Абай көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды
адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. 
«Мен» жəне «менікі» деген философиялық мəселені қарастырып, өзіндік 
тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» – ақын, жан, «менікі» – адам 
тəні. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ əуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» 
деп, тəн өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы 


163 
құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, 
пайда, залалды айыратын қуаттың аты – ақыл дейді. 
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдардың 
бейнесін көруге болады. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген 
өлеңінде: 
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, 
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек , 
деп, отыз жетінші қара сөзінде: 
Дүние — үлкен көл, 
Заман – соққан жел, 
Алдыңғы толқын – ағалар, 
Артқы толқын – інілер 
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық 
жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 123
) ,– 
деп, дүниенің өзгерісте, дамуда екенін болжайды. Мұнымен бірге əр нəрсенің 
өлшеуі бар, өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс деген пікір айтады. Өлеңдер 
мен қара сөздеріне зер салып қарасақ, көптеген философиялық мəселелерді 
қарастырып, 
өзіндік 
ой-пікір, 
тұжырым 
жасағанын 
байқаймыз. 
Шығармаларының басым көпшілігінде өмір, өмірдегі адамның орны, оның 
мақсаты, мұң-мұқтажы туралы ой шертіледі. Ендеше, философияның негізгі 
мəселелері Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады. 
Ұлы ақын да Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ халқының шырғалаңнан 
құтылар жолы – білім игеру, кəсіпті дамыту, аянбай еңбек ету деп біледі. 
Әсіресе, еңбекті дəріптейді: 
Еңбек етсең ерінбей 
Тояды қарның, тіленбей... 
немесе, 
Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық. 
Сақалан сатқан кəріден,
Еңбегін 
сатқан 
бала 
артық 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет