164
табуына жол сілтеу, бағыт беру – ағартушының, бұқараны тəрбиелеушінің
бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан келіп «Адам бол!»
деген Абай
философиясының негізгі принципінің мағынасы мен мəні ашыла түседі: əр
адам өзінің шығармашылық мүмкінділігін іске асырып, өзін жетілдіре алады
жəне жетілдіруі тиіс.
Абай – ұлы гуманист. Ол құдай идеясын адамнан жоғары сырт күш деп
қабылдайды. Өлмес жан туралы, мəңгілік, шексіздік
жайлы ой қозғағанмен, бұл
ұғымдар діни мағынада емес, əл-Фараби секілді игі істер мен ойдың əлеумет
жадындағы мəнгіліктілігі деген түсінікте келтіріледі.
Абай əредік «мен» жəне «менікі» деп адамның рухани дүниесіне тəн
тіршілігін, биологиялық болмысын қарама-қарсы қояды. Әйтсе де бұл қарама-
қарсылықты жан мен тəн дуализміне дейін өрбіте қоймайды. Осылайша Абай
адам мəселесін этикалық,
қоғамдық-саяси, т.б. қырларда ғана қарастырып
қоймай, толық философиялық дəрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз
қажет.
Абайдың «толық адам» мəдени типінің ділдік
ерекшеліктерін айқындау
үшін шығыстық, батыстық жəне толық адами дүниетанымдар мен дүниелік
қатынастардың ерекшеліктерін кестелік тəсілмен келтірейік:
Достарыңызбен бөлісу: