Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Тоқаев Қасым-Жомарт. Абай – рухани



Pdf көрінісі
бет55/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130
Философия Оқулық (3)

Тоқаев Қасым-Жомарт. Абай – рухани 
реформатор // https://egemen.kz/article/244790-qasym-zhomart-toqaev-abay-rukhani-
reformator. Egemen Qazaqstan. 10.2020).
Бірнеше тарихи паралельдер: көне сақ ойшылы, «əлемдегі жеті 
данышпанның бірі» Анахарсис, өнегелік жөніндегі антикалық түсіндірмелерге 
күмəнданушылықпен 
қарай 
отырып, 
оларға 
көшпелілердің 
жоғары 
руханилығын қарсы қояды. Орхон-Енисей жазба мұралары табғаштардан 
(қытайлардан) өнеге мен жүріс-тұрыс стереотиптерін алудың қауіптілігін 
ескертеді. Әйгілі, Қорқыт Атаның өзі өмірдің мəнін, əрі адамзаттың мəңгі өмір 
сүруінің жолын іздейді. Абай атамыз адам болуға шақырады. Осы қысқаша 
сентенциялардың өзінен-ақ түпкілік руханилықтың толық адамға деген бағыты 
анық байқалады. Абай ұсынған «толық адам» ілімінің құндылықтары 
келесілермен айшықталынады:

білімнің (ақиқат), эстетика (сұлулық) мен этиканың (жақсылық) 
синкреттілігі; 

бинарлық оппозицияның кең таралуы: өмір мен өлім, жақсылық 
пен жамандық, дене мен рух, сакральдық пен профандық, лəззат пен өзін-өзі 
шектеу (аскетшілдік) жəне т.б.;

философемалар этикалық кеңмəтінде беріледі;

қоршаған ортамен гармонияда болуы;

əдеп ұстындарының негіздері ретінде ар мен ұят түсініктері 
алынады;

ата-бабалардың маңыздылығы (тектілік);

өнегелік пен адамгершілік сапаларының сəйкес келуі («кісілік»); 

өнегеліктің геронтологиялық басымдылықтары;

əйелге деген сыйластық пен кісілерге ізет;

көшпелілік (номадтық) пен ислами формалардың адамдық 
келісімділік ерекшеліктері: («шүлен тарту», «асар», «жылу», «сыбаға», үлкен 
кісілер мен балаларға деген жауапкершілік);

дамыған қонақжайлылық институты жəне т.б. 
Бұл пəнилік өмірдің шектелуі екендігі бəрімізге белгілі. Былайша 
пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, «өзгеге» 
құштарлықпен ұмтылуға мəжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның 
жалғыз тəсілі – бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны идеалдық, 
руханилық, ақыл-ой жəне т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің 
нəтижесінен мынадай түйін келіп шығады: Абай философиясындағы «толық 
адам» дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани 
форма.


166 
Қорыта келе, Абайдың «толық адам» ілімінің пайда болуы қазақ қоғамының 
дамуы барысында қалыптасқан, ұзаққа созылған дағдарыстан шығу жолын 
қарастырудың аса қажеттілігі нəтижесінде туған заңды құбылыс екенін ескеру 
қажет. Абайдың философиялық ой-толғауларына шолу жасау барысында көп 
ауыртпалық пен қиындықты басынан кешірген, бірақ бұл қиындықтарға 
мойымаған қазақ халқының даналығына тағы бір рет көзіміз жетеді. Ізгі 
өнегелерін сақтаған халық мəңгі жасайды, ал өнегелілігін жоғалтқан халық 
құриды деген анық, əрі дана пікірді мойындаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет