Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Оспанов С. «Азамат» ұғымын жаңғырту және оны



Pdf көрінісі
бет58/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Оспанов С. «Азамат» ұғымын жаңғырту және оны 
өзіндік ғылыми тұғырына көтеру // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997. - № 9-10. – 4-8 бб.). 
Тұлғаның моральдық оппозициясына «пенде» жатады. Әдетте бұл ұғым 
діни мағынада да қолданылады. Жалпы алғанда «пенде» түсінігі «көптің бірі», 
«жаратылыстың нəтижесі» дегенді білдіреді. Ол күнаға жиі батады, 
«пендешілік» жасайды. Абай жазғандай: 
Төңкеріліп құбылған жұрт бір сағым, 
Шынға шыдап қосалмас ынтымағын. 
Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің. 
Өзіңді өзің түзет, кел, шырағым. 
Ақылды қара қылып қырыққа бөлмек. 


168 
Әр нəрсеге өзіндей баға бермек, 
Таразы да, қазы да өз бойында, 
Наданның сүйенгені көппен дүрмек (230 б.). 
Жоғарыда келтірілгендей, «пенде» – қатардағы «тірі жан», көптің бірі 
болып «жарық дүниеде өмір сүруші», «жаратушының құлдарының бірі». Ал 
«домалақ, жұмыр басты пенде» дегенде көпшіліктің бірі есебінде, ел санатында 
жүруді айтады. «Пенденің» осындай «орташыл», «көпшілдеу» ерекшеліктерінің 
«басым» екендігін ескертіп, жоғарыда сот үкіміне кесілген, қамауға алынған 
қазақтың заң тілінде «азамат» түсінігіне «пенде» деген атаудың сəйкес емесін 
айтып, оған тек «бодан» деген нақтылы, оның жағдайына жайма-сай атау сөзді 
ұсынамыз. Ал «адамның пендешілігі» деп, сотқа тартыла қоймайтын күнəні, 
біле тұра жасаған қателіктерді, имантаразылықты бұзуды, басқаға қастандық 
ойлау сияқты нəрселерді ғана айтуға болады»
(Оспанов С. «Азамат» ұғымын 
жаңғырту және оны өзіндік ғылыми тұғырына көтеру // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997. 
- № 9-10. – 4-8 бб.). 
Мен жəне тұлғаның айырмашылығын олардың ғылым саласының зерттеу 
объектісіне айналу бағытымен де ажыратуға болады. Мысалы, американдық 
мəдени антропологияның негізін қалаушылардың бірі – М. Мид Меннің 
қалыптасуында қарым-қатынас шешуші рөл атқарады деген түйінге келеді. 
Қарым-қатынаста «Айна – Мен» деп аталатын құрылымды байқауға болады. 
Қазақ ғалымы Қ. Әбішів те осындай тұжырымға келеді: «Әрбір басқа адамға, 
сол адамның барлық өзіндік өзгешілігіне бағытталған қатынас, екінші жағынан 
сол кісі арқылы оның өзіне қайта оралып, оның өзіндік болмысын айқындайды, 
бекітеді. Басқаның басқа болмысы меннің өзгеше болмысының айнасы, əрі 
куəсі. Басқаның өзгеше болмысына меннің өзіндік қатынасы оның өзгешілігін 
де, менің өзімдігімді де айқындайды. Сол сияқты басқаның маған қатынасы да 
осылай. Адамдар арасындағы қатынастар бір бағытта емес, олардың бəрі де өз 
иесіне оралып жататын рефлексиялық байланыстарға жатады. Оның сана 
дəрежесіндегі мазмұны – əр адамның өзін өзгелер арқылы айғақтауы. Әрбір 
адамның «мені» осы қатынастарда айқындалады, бекиді, немесе бекімейді. 
«Мен» əрбір адамның адамдық кеңістікте бөлектенген, уақытта шектелген тəні 
ғана емес, сол тəн иесі субъектінің басқа да сондай субъектілермен 
қатынастарының түйіні. Ол – іс-əрекеттік, қоғамдық байланыстар, рухани 
сабақтастықтар. Әрбір осындай сабақтастық біршама оқшауланған, өзіндік 
дербес түйіні бар» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет