Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет60/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Бахтин М. Эстетика 
словесного творчества. – М.: Искуство, 1986. – 444 с.).
Мен жəне Сеннің арасындағы сұхбат мəселесін қазақстандық 
мəдениеттанушы А. Құлсариева жан-жақты қарастырған. Автордың ойы 
бойынша, адамның мəдени болмысы сұхбаттың қажеттілігімен сипатталады. Ал 
сұхбат тек «Мен» жəне «Басқа» арасында ғана мүмкін. Бірін-бірі бағалау 
мүмкіншілігі, немесе «құндылық» қарым-қатынас тек «Мен» жəне «Сен», 
«Мен» жəне «Басқа» болған тұста ғана кездеседі. Өйткені, мен өзімді-өзім 
принципиалды түрде бағалай алмаймын. «Мен» өзімді бағалы сезінемін, 
өйткені маған біреу қуанады, мен біреуге қажетпін. Осылайша, əлемдегі əрбір 
адам өзіне деген басқаның эмоционалдық (сезімге толы көңіл-күйі) қатынасын 
байқайды. «Мен» - «Сен» əлемі — құндылықтар əлемі, өйткені құндылық 
тəуелсіз қос сананың кездесуінен туындайды» 
(Құлсариева А. Қазіргі заман 
мәдениеті. Алматы, 2008. – 130 б.).
Постмодернизмде 
адамдық 
қатынастарды 
«интимдендіру» 
жəне 
стандартты «орташа адамнан» арылу маңыздылығы алға қойылады. М. Бахтин 
мен Ю. Лотман концепцияларында Мен тек Басқаға баға беріп қана қоймай, сол 
Басқаның Мен туралы бағасын ескеру қажеттілігі айтылады. 


170 
«Біз» жəне «мен», тұтастық ретіндегі, жанды тұтастық ретіндегі қоғам мен 
тұлға қоғамдық болмыста, біз білетіндей, екі тəуелсіз, бір-біріне қарама-қарсы 
тұрған инстанция ретінде əр қайсысы абсолютті маңыздылыққа ұмтылып, өзін 
абсолютті бастау деп түсінеді. Әрбір жеке тұлға да, «мен» де өзін абсолютті 
бастау ретінде сезінеді. Бұл сана адамның жануарлық эмпирикалық 
стихиясының көрінісі ретіндегі тұрпайы эгоизммен тең емес; «мен» өзінің 
терең қабаттарында ол бас тарта алмайтын жəне бастартуға тиісті де емес 
жалғыз əлде-бір қайталанбайтын жоғары құндылық, əлде-бір қасиеттілік бар 
екенін түсінеді. Ынтымақтастық бастауы кез-келген индивидуальды 
бостандықты өзін кемсіту, өзінің болмысына төнген қауіп ретінде қабылдайды; 
бостандық бастауы қоғамдық бірліктің кез-келген бағындырушылық талабын 
өзін жойып жіберу ретінде сезінеді. Істің мəнісі мұнда екі бастау да қоғамдық 
болмыс үшін қажет болғандықтан бір бастаудың екіншісін кесітуі немесе 
жойып жіберуі арқылы салтанат құруында болып тұрған жоқ, өйткені «біз» 
жəне «мен» бірлігін бір-бірінсіз көзге елестету қиын болғандықтан, 
қарсыластар өз ара ажырамас түйінмен байланысқан. 
Біз адам арасындағы кез-келген, тіпті утилитарлық қатынастың негізінде - 
ол салқын келісімді қатынастар болсын немесе біреулердің екіншілерге 
мəжбүрлеп билік етуі болсын – адамдардың бастапқы ішкі бірлігі, адамның 
адамға деген тікелей сенімі мен құрметінің бастауы, ішкі жақындықты сезіну, 
сайып келгенде «біздің» бастапқы бірлігінен тамыр алған интуитивті өзара 
түсіністік жатады. Сонымен, адамгершіліктің ұлы принципі жақыныңды жақсы 
көру, басқа адамнан жекеленген, азда болса жай формада «жақын», «өзіңе 
ұқсасты» көру, оны интуитивті формада «сен», яғни өзіңе тең, бара-бар жан 
ретінде қабылдау, оның тағдырын өз тағдырыңмен байланысты деп жан 
ашырлықпен қарау, оны рухани өмірдің иесі ретінде табиғаты жағынан маған 
жақын тұлға деп санау - бұл принцип, қоғамды онсыз көз алдыңа елестете 
алмайтын, оның мызғымайтын жəне мəңгілік негізі. Кез-келген жаңа 
индивидуализм, адам қоғамындағы қажеттілік пен бəсекелестік туралы кез-
келген ілім олар нені уағыздамаса да, оларда қаншалықты салыстырмалы 
ақиқат болса да, қоғамдық байланыс бастауының бұл негізін шетте те де, 
теріске шығарада алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет