Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Адам өміріндегі мәңгілік пен шектілік



Pdf көрінісі
бет61/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   130
Философия Оқулық (3)

8.2. Адам өміріндегі мәңгілік пен шектілік. 
Адамның екі дүниенің бақытына жетуді көздеп, өмір бойы іздейтін 
жəне адам атына лайық болуға тырысып əрекеттенетін мақсаты анық. 
Ғасырлар бойы талданып келе жатқан бұл мəселе болашақта да талай 
рет көтерілетіні сөзсіз, яғни, бұл Адамзаттың өзіне қойған «мəңгілік» 
сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н. Толстой 
«Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты жəне олар бір-бірімен 
сыйыспай күресіп жатқан сияқты» дейді. Бірі «мен ғана нағыз өмір 
сүріп жатырмын, қалғандардың бəрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, 
сондықтан, бүкіл дүниенің мəн-мағынасы маған деген жақсылықтың 
болуында» дейді. Екінші «Мен»: «Бүкіл Дүние саған емес, өз 
мақсаттарына жаралған, сондықтан, саған бұл өмірде жақсы ма əлде 
жаман ба, ол оны білгісі де келмейді, – дейді, – бұл өмір сүруге деген 


171 
қорқыныш сезімін əкеледі» деп қорытады ұлы ойшыл. Әрине адамның 
ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Біршама жағдайда біз 
тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нəрселерді 
(жақсы, я жаман болсын) жасауымыз ғажап емес. Адам өз өмірінде, 
басқа тіршіліктер сияқты, əр түрлі қажеттіктерін өтейді. Жаңғыз ғана 
дəулетке жету Адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мəн-
мағынасын құрай алмайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген 
Адамның қажеттіктері тұр.
Адам қажеттіктерінің т
өменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасауға 
болады. Ең төменгі іргетасты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, 
қозғалу, киім, баспана), жыныстық (дүниеге ұрпақ əкелу) т. с. с. 
қажеттіктер құрайды. Екінші – экзистен- циалдық қажеттіктер 
(қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімділік, өмір сүру жағдайларының 
жəне қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т. с. 
с.). Үшінші – əлеуметтік қажеттіктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-
қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу). Төртінші 
престиждік, яғни, беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыла- 
рымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т. с. с. Бесінші – 
рухани қажеттіктер – шығарм. арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, 
іске асыру.
Төменгі қажеттіктер өтелмейінше одан жоғарғылар əлі де болса 
адамды қызықтыра алмайды. Өтелген қажеттіктер өз күшін жойып, 
адамды жоғарғы қажеттіктерді игеруге итермелейді. Егер де қоғамның 
даму деңгейіне байланысты төменгі қажеттіктерді өтеу – қиын мəселеге 
айналса, ол адам өмірінің негізгі мəн-мағынасына айналуы мүмкін. 
Бүгінгі таңда қаншама адам «нан табу» мəселесінің шеңберінен шыға 
алмай жүр?! Оны тарихи қалыптасқан қоғам өмірінің кемшілігі ретінде 
қарау жөн болар. Сонымен, өмірдің ең биік мəн-мағынасы – 
шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның 
арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. 
Ондай адамға тəн нəрселер:
– 
өмірдің əрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен 
қабылдау;
– 
басқаларды өзің сияқты бағалап қабылдау;
– 
басқаларға тəуелді болмау, əр мəселе бойынша өз пікіріңді көрсете 
білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;
– 
өз таңдаған ісіңді сүю, шығарм. деңгейінде игеру;
– 
үнемі өз қабілеттеріңді əрі қарай дамытуға тырысу;
– 
мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жаман- 
дықты, сұлулық пен көріксіздікті айыра білу;
– 
қай жерде болмасын өзіңді қарапайым сыпайы ұстай білу.
Шығармашылық адамның тектік қасиеті. Сондықтан, əр адам өзінше 
шығарм. сатысына көтеріледі. Мысалы, талай жылдар гүл өсіріп, осы 
істі сүйетін адам күндердің бір күнінде гүлдің бір жаңа түрін тудырмай 
қоймайды. Киім тоқитын көп балалы əйел журналдағы көп өрнектерді 


172 
игереді де, күндердің бір күнінде өз өрнегін ойлап шығаруы мүмкін. 
Бəлкім, ол өрнек модалар журналында басылмас, бірақ, ол шығарм. 
деңгейге көтерілді емес пе?! Егер қайсыбір нəрсені бұрынғыдай емес, 
жаңа жолмен, əдіспен жасасаңыз – ол да шығармашылық нышаны 
болмай ма? Көп жағдайда өз өміріңнің мəн-мағынасын жоғалтып алмас 
үшін белгілі бір алдыңа қойған мақсатқа жете алмасаң, соған деген 
көзқарасыңды өзгертсең болғаны. Ондай ахуал қарапайым адамдардың 
арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі. Адамның 
өмірінде 
тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкінуі, түрмеге 
түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т. с. с.) қолынан еш нəрсе келмей, 
тағдырдың тəлкегіне түскен кезде ол өмірінің мəн-мағынасын жоғалтып 
түңілуі мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде əр А. өз өмірінің 
аяғында 
«қайғылы үштіктен» (зардап, күнə, өлім) өтеді. Осындай 
жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мəн-мағынасын жоғалтып алмауы 
керек. Ол «ой-толғау құндылықтарына» көшу керек, сонда зардап 
шегудің өзінен жан-дүниені тазартатын, көп нəрселерге жаңа баға 
берілетін мəн-мағынаны табуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет