(Әдебиет: Мырзалы
Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008).
175
8.3. Мағыналы тіршілік құндылықтары
Адамдар арасындағы қоғамдық байланысты құрайтын ынтымақтастық
бастауының өз өзінен айқын жалпы мағынасына тек бір ғана ой қосуға болады.
«Біздің» онтологиялық бірлігінен шығатын ынтымақтастық бастауынан
қоғамдық байланыстың кіші-гірім одақтар мен бірлестіктерден құралатыны
көрінеді, онда тұтастықтың бірлігі нақты адамдар арасындағы жанды
жақындыққа, адамның адамға деген жанды қатынасына тікелей негізделеді.
Осыдан оның мүшелері арасындағы интимді жақындығына енгізделген
отбасының қоғамның іргетасы ретіндегі маңызы айқындалады, осыдан
көршілікке, еңбектің жəне кəсіби мүдденің ортақтылығына (кəсіби одақтар)
негізделген барлық жалпы кіші одақтар (өз ауқымы бойынша кез-келген кіші
немесе үлкен жергілікті өзін-өзі басқару) мен кез-келген сипаттағы
корпоративтік бірлестіктер маңыздылығы келіп шығады. Бұдан ұлтжандылық
сана сипатындағы мемлекеттік бірлік жергілікті аймақтық бірлестіктердің
интимдік санасы арқылы, туған қаланың немесе туған аймақтың ерекшелігіне
деген сүйіспенділік арқылы, жергілікті əдет-ғұрыптарға, əндерге, диалектіге
жақындық арқылы анағұрлым қаттырақ сіңетіні айқын.
Адам мен адам арасындағы жанды жеке байланыс, барлық қоғамдық
инстанциялардың «адамгершіліктілігін» сезіну, олардың нақты тұлғаларда
көрініс табуы мен өкілеттілігі қоғамдық тұтастықтың өмірлік бірлігін сақтап,
қолдап отыратын үздіксіз қан айналымы тəрізді. Адамның адамға жақындығы,
өзара «таныстық», бір-біріне деген құрмет жəне барлық қоғам мүшелерін тірі
адамдар ретінде тікелей сезіну, қоғамда «адами» қуаттың барлығы қоғамдық
болмыстың нақты тұрақтылығы мен мызғымас бірлігіне кепіл болатын нəр
секілді. Әдет-ғұрыпқа рəсімдер күш беріп отырады. Көптеген халықтарда
əдет-ғұрып пен рəсім ережелері тұрақты сипатта болғандығы соншалық, іс
жүзінде олар басқа құқықты қажетсінбейді. Әдет-ғұрып пен тыйым
нормаларының өзіндік ерекшеліктері бар: олар белгілі бір жағдайлардың
əсерімен жоғала да, қайта қалпына келе де, өзгере де алады. Әдет-ғұрыпты,
салт-дəстүрді ұстану көрініс табудың өзіндік нысандарын талап етеді. Мұндай
нысандар болып рəсімдер мен символдар немесе символдық бейнелер
табылады.
Алдымен рəсімдерге тоқталып өтелік. Рəсім ретінде жеке тұлғаның басқа
тұлғалар арасында жүріс-тұрыс, мінез-құлық қалпының барлық түрімен:
сыртқы бейнесімен, мимикасымен, қозғалыстарымен, дауыс мəнерімен
байланысты жүріс-тұрыс ережелерін атауға болады. Бұл ережелер рəсімнің
«сыйластық рəсімі», «қашу рəсімі», «өкілдік рəсім» сияқты түрлеріне қатысты
өзгешелене түседі. Ол рəсімдердің қатарына қаланың шулы көшесіндегі
қақтығыстарды болдырмауға қатысты жүріс-тұрысты да, адамның беті оның
«Менінің» бейнесі болып табылатын «беттің жұмысын» да жатқызады. Беттің
жұмысы арқылы адамдар арасындағы сұхбаттасу жүзеге асады: біреуді
қолдауға, ренжітуге болады, кешірім сұрауға болады жəне т. б.
Қазіргі кезде қоғамды жылдам өзгеретін қоғам жəне дəстүрлі қоғам деп
бөлу орын алған. Кейбір авторлар дəстүрлі қоғамда жылдам өзгеретін қоғамға
қарағанда əдет-ғұрып пен салт-дəстүрдің адамның жүріс-тұрысын əлдеқайда
176
жоғары реттейтінін, оның құндылықтар əлеміне əсер ететінін атап көрсетеді.
Дəстүрлі ойлау көп жағдайда қазіргі кездегі құқық пен оның заңды
көріністеріне қарағанда ғасырлар бойы қалыптасқан əдет-ғұрыптарға сүйенеді.
ХХ ғасырдың белгілі ғұламасы З. Фрейд былай дейді: «Қайталаумен
шектелейік, «мəдениет» деген термин біздің өмірімізді хайуанаттар əлеміндегі
біздің арғы тегіміздің тіршілігінен өзгеше ететін жетістіктеріміз бен
институттарымыздың бəрін белгілейді. Олар негізгі екі мақсатқа қызмет етеді:
адамды табиғаттан қорғау жəне адамдардың арақатынастарын реттеу.
Адамдардың бірге өмір сүруі əрбір жеке адамнан өзі мықты да тұрақты бір топ
қалыптасқанда, ол топ өзін-өзі əркімнің өзімшілдігіне үнемі қарсы қойып
отырғанда мүмкін болады. Осындай топтың билігі онда «құқық» болып, жеке
адамның билігіне қарсы тұрады. Осы жеке адамның үстемділігінен
коллективтің билігіне өту мəдениет жолындағы шешуші қадам. Оның мəні
коллектив мүшелері өз мұқтаждықтарын өтеуде белгілі бір шектер қояды, ал
жеке адам ондай шекті мойындамады».
3. Фрейдтің ойын ары қарай жалғастырсақ, Батыстағы түпқазық
құндылықтар – еркіндік пен құқық əділеттілік талабында тоғысады. Құқықтық
тəртіп барлығы үшін бірдей болуы қажет. Жеке бас еркіндігі, дейді З. Фрейд,
мəдениеттің жемісі емес, ол қоғамды не күшпен біріктіруден, не адамзат
ынтымақтастығының кеңейтілген тəртібінен қалыптасады (Ф. Хайек).
«Өмір мағынасын табудың» нені білдіретінін ойланып көрейік, дəлірек
айтсақ, біз нені іздейміз, «өмір мағынасы» деген ұғымның өзіне қандай мəн
береміз жəне қандай жағдайларда біз оны жүзеге асты деп санаған болар едік?
«Мəн-мағына» дегенде біз «парасаттылық» дегенді шамалаймыз. «Парасатты»
деп біз салыстырмалы мағынада мақсатқа сай келетіннің бəрін, мақсатқа дұрыс
жолмен апаратынның бəрін немесе оны іске асыруға көмектесетінді атаймыз.
Қойылған мақсатқа сай оны іске асыруға бағытталған жүріс-тұрыс парасатты,
бізге мақсатымызға жетуге көмектесетін құралдарды пайдаланған парасатты
немесе түсінікті. Бірақ дəл сол мақсаттың өзі сөзсіз парасатты немесе саналы
түсінілгеннен жағдайда – мұның бəрі тек салыстырмалы парасатты. Біз
салыстырмалы мағынада «парасатты» деп мысалы, өмірге бейімделе алатын,
ақша таба алатын адамның жүріс-тұрысын айтамыз; байлықты, қоғамдағы
лазауымды жағдайды біз талас тудырмайтын жəне осы мағынада «парасатты»
игіліктер деп танимыз. Егер де біз өмірден түңіліп, оның қысқалығынан, оның
игіліктерінің бəрінің тұрақсыздығынан немесе олардың барлығының біздің
жанымызды
ақиқат
қанағаттанушылық
əкелмейтіндігінен
өмірдің
«мағынасыздығын» байқап, осы ұмтылыстарымыздың мақсатының таласты
екенін мойындасақ, сол жүріс-тұрыстың өзі салыстырмалы болғандықтан, яғни
өз мақсатына қатысты парасатты жəне саналы түсінілген болсада, абсолютті
тұрғыда бізге парасатсыз жəне мағынасыз болып көрінеді. Кəдуілгі адам
өмірінің басым мазмұнына қатысты бұл солай да ғой. Біз көптеген адамдардың
өз бойындағы күштің жəне уақытының басым көпшілігін мақсатқа сай істерге
арнайтынын көреміз, олар əлде-бір мақсаттарға жетуді ойлап қам жейді жəне
сол мақсаттарға жету үшін дұрыс əрекет етеді, яғни көп жағдайларда
«парасатты» іс-қимылдар жасайды; бірақ сонымен қатар немесе осы
177
мақсаттардың
өзі
«мағынасыз»
болғандықтан
немесе
олардың
«мағыналылығы» туралы сұрақ таласты жəне шешілмей қалғандықтан –
адамның барлық өмірі тиіннің дөңгелектегі шыр айналуы сияқты мағынасыз
шыр айналу, адамның бұл мақсаттарға күтпеген жерден қоятын жəне
сондықтан ажал оларды мүлдем мағынасыз үзетін мағынасыз іс-қимылдарының
жиынтығы сипатына ие болады.
Яғни өмірдің салыстырмалы ғана емес, нағыз парасаттылығының шарты
оның əлде-бір мақсаттарды парасатты іске асыруында ғана емес, сонымен қатар
өз кезегінде бұл мақсаттардың өздерінің де парасатты болуында.
Бірақ «парасатты мақсат» деген не? Құрал мақсатқа апарғанда парасатты.
Бірақ мақсат – егер ол басқа бірдеңеге арналған құралы емес, нағыз, соңғы
мақсат болса – ол ештеңеге апармайды жəне сондықтан өзінің мақсатқа
сайлығы тұрғысынан бағаланбайды. Ол өз өзінді парасатты болуы керек.
Бір қарағанда бұл ой-толғаулар сондай таңсық болып көрінгенімен, оған ең
алдымен инстинктілі түрде бірінші болып біздің жүрегіміз қарсы шығады; біз
өмірдің мағынасы туралы сұрақтың өз өздігінде тіптен мағынасыз емес
екендігін сеземіз, біз үшін оның шешілмейтіндігі немесе шешілмегендігі
қаншалықты ауыр болып көрінседе , сұрақтың өзінің заңсыздығы туралы ой-
толғаулар біздің мазасыздығымызды баса алмайды. Біз бұл сұрақтан уақытша
бас сауғалап, оны өзімізден қудалай аламыз, бірақ келесі бір сəтте «біз» жəне
біздің «ақылымыз» оны алға тартпайды, оның өзі қайтпай біздің алдымызда
тұрып алады, сонда біздің жанымыз өлердей қиналып «Не үшін өмір сүремін?»
деп сұрайды.
Біздің өміріміз оны жай ғана өткізудің стихиялық процесі, дүниеде болу
екені өз өзінен түсінікті жəне бұл фактіні саналы түсіну біз үшін «өзіндік
мақсат» емес. Ол өзіндік мақсат бола алмайды, өйткені біріншіден, жалпы
алғанда онда азаптар мен қиыншылықтар қуаныштар мен лəззаттанудан асып
түседі, сонда өзін өзі сақтаудың жануарлық инстинктісіне қарамастан, біз жиі-
жиі осы ауыртпашылықты не үшін тартуымыз керек деп ойлаймыз. Бірақ бұған
тəуелсіз де ол өзіндік мақсат бола алмайды жəне сондықтан өмірдің өзі өз мəні
бойынша өз өзінде қозғалыссыз тұру да , өзіне өзі көңілі толған тыныштық та
емес, бірдеңе жасау немесе бірдеңеге ұмтылу; біз кез-келген істен немесе
ұмтылыстан еркін сəтімізді босшылдық пен қанағаттанбаудың азапты-
қамыққан қалпы ретінде сезінеміз. Біз өмірдің өзі үшін өмір сүре алмаймыз; біз
əрқашан - өзіміз қаласақта, қаламасақта – бірдеңе үшін өмір сүреміз. Бірақ
көптеген жағдайларда бұл «бірдеңе» біз ұмтылған мақсат болғанымен, өзінің
мазмұны бойынша, бірінші кезекте, құрал жəне сонда өмірді сақтауға арналған
құрал. Осыдан келіп бізге өмірдің мағынасыздығынтым қатты сездіріп, оны
мағынамен толдырудың уайымын тудыратын азапты, дуаланған шарасыз
шеңбер пайда болады: біз бірдеңеге еңбектену үшін, бірдеңеге ұмтылу үшін
өмір сүреміз, ал өмір сүру үшін еңбектенеміз, уайымдаймыз, ұмтыламыз.
Тиіннің шеңберінде осы айналудан шаршаған біз «өмірдің мағынасын» іздейміз
– біз тек өмірді жай ғана сақтауға бағытталмаған ұмтылыстар мен істерді,
өмірді сақтауға мақсатындағы ауыр еңбекке ысырап болмайтын өмірді іздейміз.
178
Сонымен біз қойылған сұраққа қайтып ораламыз. Біздің өміріміз əлде-бір
парасатты мақсатқа қызмет еткенде саналы ойластырылады, ал бұл мақсаттың
мазмұны жай ғана осы эмпирикалық өмірдің өзі бола алмайды. Бірақ оның
мазмұны неде жəне ең алдымен қандай жағдайларда біз соңғы мақсаттарды
парасатты деп тани аламыз?
Егер оның парасаттылығы ол басқа бірдеңеге арналған құрал емес
екендігінде болса, керісінше жағдайда ол нағыз, соңғы мақсат болмас еді,- онда
ол бұл мақсаттың ол туралы «Не үшін» деген сұрақты қоюдың өзі мағынасыз
болатын өзіне өзі толымды сөзсіз құндылығында. Біздің өміріміз мағыналы
болу үшін ол «өмірдің өзі үшін өмір» жақтастарының сендірулеріне қарамастан
жəне біздің жанымыздың айқын талабына сай жоғарғы абсолютті игілікке
Достарыңызбен бөлісу: |