Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет64/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130
Философия Оқулық (3)

қызмет ету болуға тиісті. 
Бірақ бұл аз. Біз салыстырмалы «парасаттылық» аймағында үшінші бір 
адамның көзқарасы тұрғысынан, бірақ оның өзі үшін емес (жоғарыда 
келтірілген құл еңбегі құл иеленуші үшін саналы түсінілген болсада құл үшін 
олай емес), бірдеңе саналы түсінілген болатын жағлайлардың болуы мүмкін 
жəне жиі кездесетінін көреміз. Бұл абсолютті парасаттылық аймағына да 
қатысты. Егер біздің өміріміз өзіміз үшін игілік болып табылмайтын немесе біз 
оған қатыспайтын жоғары жəне абсолютті игілікке қызмететуге арналсада, ол 
біз үшін мағынасыз болып қалатын еді. Міз болашақ ұрпақтардың игілігіне 
арналған өмірдің қаншалықты мағынасыз екенін көрдік; бірақ сол кезде-ақ бұл 
мағынасыздық мақсаттың өзінің салыстырмалылығы, шектеулілігі немесе 
таластылығымен анықталған деп айтуға болады. Мысалы, Гегельдің 
философиялық этикасын алайық. Онда адам өмірі абсолютті рухтың өзіндік 
дамуы мен өзіндік танымының көрінісі мен құралы ретінде мағынаға ие 
болады; бірақ бұл құрылымның қандай моральдық қиыншылықтарға тап 
болғаны белгілі. Белинский Гегельдің философиясымен танысқаннан кейін, 
мен өзім үшін танып, өмір үшін сүрмей, қайдағы бір абсолютті рухтың дамуы 
үшін өмір сүреді екем. Мен ол үшін еңбектенбей-ақ қойдым деп кейіген екен. 
Абсолютті жəне жоғарғы игілікке қызмет етумен қатар өзін жоғалтпай, өзін де 
орнықтырып жəне байытқанда, абсолютті игілікке қызмет ету менің өзім үшін
игілік болғанда өмір мағыналы болады. Немесе басқаша айтқанда, талас 
тудырмайтын абсолютті мағынасында біз игілік деп өзіне өзі толымды, менің
барлық жеке мүдделерімнен жоғары игілікті және мен үшін де игілікті 
мойындаймыз. Ол сонымен бір уақытта соның өзі үшін ұмтылытын əрі 
объективті, əрі субъективті мағынадағы игілік жəне жоғары құндылық, менің 
өзімді де байытатын құндылық болуы керек. 
Бірақ бұл екі ұшты шартты қалай жүзеге асыруға болады жəне оның өзінде 
қайшылық жоқ па? Объективті мағынадағы игілік деп біз басқа ештеңеге 
қызмет етпейтін жəне оған ұмтылу оның ішкі құндылығымен ақталатын өзіне 
өзі толымды құндылықты немесе өзіндік мақсатты түсінеміз; суъективті 
мағынада біз керісінше, өзімізге жағымды, қажет, пайдалы, яғни өзімізге жəне 
біздің субъективті қажеттіліктерімізге қатысты қызметтік сипаты бар, 
сондықтан біз жоғары мақсаттық мəні жоқ, тек біздің жақсы тұрмысымыздың 
құралы ғана болатын нəрсені түсінеміз. Бірақ егер біз осындай əртүрлі жəне 


179 
қарама-қайшы сияқты сипаттарды біріктіретін игіліктерге қанағаттансақ, 
оларды біз тым құрығанда ойлай алатын жəне осы мағынада болуы мүмкін 
нəрселер деп түсінеміз. Біз ол туралы армандағанда, оны нақты көз алдымызға 
елестеткенде бұл дерексіз қарама-қайшылық бізге тіптен кедергі келтірмейді 
жəне біз оны мүлдем байқамайтынымыз анық; қателіктердің өзі біз осы 
ұғымдарды түсіндіруге қолданған дерексіз анықтамалардың өздерінде болса 
керек. Бірақ өзіне өзі толымды игілік – объективті мағынадағы игілік – бізді 
қанағаттандырмайды; тіпті менің өзім қатыспайтын жəне менің өмірімді 
нəрлендіріп, жылытпайтын абсолютті бастауға қызмет ету оған мағына бере 
алмайды. Бірақ субъективті мағынадағы игілікте- субъективті рахаттану
қуаныш, бақыт – маған мағына бере алмайды, өйткені біз көріп 
отырғанымыздай, тіпті «не үшін» деген сұрақпен уланған кез-келген ең 
бақытты өмірдің де өз өздігінде мағынасы жоқ. Біз мағыналы өмірдің шарты 
ретінде ұмтылатын нəрсе осы екі бастауды онда жеке бастаулар сөніп, олардың 
бірлігінің өзі ғана берілетіндей қылып үйлестіруі керек. Біз қаншалықты 
бақытты болсада ана немесе басқа субъективті өміргеде, өз өзінде қаншалықты 
жетілген болсада суық, жансыз объективті игілікке де ұмтылмаймыз- біз 
өзіміздің жани бостығы мен сары уайымын толықтыратын қанағаттану деп 
аталатынға ұмтыламыз; біз мағыналы, объективті -толық, өзіне өзі толымды-
құнды өмірге ұмтыламыз. Міне сондықтан ешқандай дерексіз анықталған 
игілік; ол сұлулық болсын, ақиқат болсын, үйлесімділік жəне т.б. болсын бізді 
қанағаттандыра алмайды; өйткені онда өмір, тұтастық ретіндегі өмірдің өзі, ең 
алдымен- біздің өз өміріміз шетте қалып, осы игілікпен тұтастай қамтылмайды 
жəне онымен біте қайнасып кетпейді, тек сырттан оғанқұрал ретінде қызмет 
етеді. Ал біз өз өміріміздің мағынасын тануды аңсаймыз ғой. Біз шындығында, 
мағынасыздығын түсінген субъективті рахаттануды іздемейміз; бірақ біз 
мағыналы өмір толықтығын, өз өздігінде сөзсіз жоғары құндылық болып 
табылатын рахаттанған қанағаттанушылықты іздейміз. Яғни жоғарғы 
құндылық өмірдің өзінен басқа ештеңе емес; бірақ мəнсіз өтетін процесс жəне 
басқа бірдеңеге мəңгілік ұмтылу ретіндегі өмір емес, шаттықтың мәңгілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет