185
объективті, əрі субъективті мағынадағы игілік жəне жоғары құндылық, менің
өзімді де байытатын құндылық болуы керек.
Бірақ бұл екі ұшты шартты қалай жүзеге асыруға болады жəне оның өзінде
қайшылық жоқ па? Объективті мағынадағы игілік деп біз басқа ештеңеге
қызмет етпейтін жəне оған ұмтылу оның ішкі құндылығымен
ақталатын өзіне
өзі толымды құндылықты немесе өзіндік мақсатты түсінеміз; суъективті
мағынада біз керісінше, өзімізге жағымды, қажет, пайдалы, яғни өзімізге жəне
біздің субъективті қажеттіліктерімізге қатысты қызметтік сипаты бар,
сондықтан біз жоғары мақсаттық мəні жоқ, тек біздің жақсы тұрмысымыздың
құралы ғана болатын нəрсені түсінеміз. Бірақ егер біз осындай əртүрлі жəне
қарама-қайшы сияқты сипаттарды біріктіретін игіліктерге қанағаттансақ,
оларды біз тым құрығанда ойлай алатын жəне осы мағынада болуы мүмкін
нəрселер деп түсінеміз. Біз ол туралы армандағанда, оны нақты көз алдымызға
елестеткенде бұл дерексіз қарама-қайшылық бізге тіптен кедергі келтірмейді
жəне біз оны мүлдем
байқамайтынымыз анық; қателіктердің өзі біз осы
ұғымдарды түсіндіруге қолданған дерексіз анықтамалардың өздерінде болса
керек.
Бірақ өзіне өзі толымды игілік – объективті мағынадағы игілік – бізді
қанағаттандырмайды; тіпті менің өзім қатыспайтын жəне менің өмірімді
нəрлендіріп, жылытпайтын абсолютті бастауға қызмет ету оған мағына бере
алмайды. Бірақ субъективті мағынадағы игілік те –
субъективті рахаттану,
қуаныш, бақыт – маған мағына бере алмайды, өйткені біз көріп
отырғанымыздай, тіпті «не үшін» деген сұрақпен уланған кез-келген ең
бақытты өмірдің де өз өздігінде мағынасы жоқ. Біз мағыналы өмірдің шарты
ретінде ұмтылатын нəрсе осы екі бастауды онда жеке бастаулар сөніп, олардың
бірлігінің
өзі ғана берілетіндей қылып үйлестіруі керек. Біз қаншалықты
бақытты болсада ана немесе басқа
субъективті өміргеде, өз өзінде қаншалықты
жетілген
болсада суық, жансыз объективті игілікке де ұмтылмаймыз – біз
өзіміздің жани бостығы мен сары уайымын толықтыратын
қанағаттану деп
аталатынға ұмтыламыз; біз мағыналы, объективті толық,
өзіне өзі толымды-
құнды өмірге ұмтыламыз. Міне сондықтан ешқандай
дерексіз анықталған
игілік; ол сұлулық болсын, ақиқат болсын, үйлесімділік жəне т.б. болсын бізді
қанағаттандыра алмайды; өйткені онда өмір, тұтастық ретіндегі өмірдің өзі, ең
алдымен- біздің өз өміріміз шетте қалып, осы игілікпен тұтастай қамтылмайды
жəне онымен біте қайнасып кетпейді, тек сырттан оғанқұрал ретінде қызмет
етеді. Ал біз өз өміріміздің мағынасын тануды аңсаймыз ғой. Біз шындығында,
мағынасыздығын түсінген субъективті рахаттануды іздемейміз; бірақ біз
мағыналы өмір толықтығын, өз өздігінде сөзсіз
жоғары құндылық болып
табылатын рахаттанған қанағаттанушылықты іздейміз. Яғни жоғарғы
құндылық
өмірдің өзінен басқа ештеңе емес; бірақ мəнсіз өтетін процесс жəне
басқа бірдеңеге мəңгілік ұмтылу ретіндегі өмір емес,
шаттықтың мәңгілік
Достарыңызбен бөлісу: