Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет69/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130
Философия Оқулық (3)

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Адамның табиғаты, мəні, мақсаты. 
2. 
Философия тарихындағы адам өмірінің мəні мəселесі. 
3. Адамзаттың рухани тəжірибесіндегі өмір, өлім мен мəңгілік мəселелері. 
4. 
Адам - қоғам дамуының өзіндік мақсаты.
5. 
Адамның мəні: тарихи-философиялық талдау. 
6. 
Қазіргі əлемдік мəселелер жəне адамның тіршілігі. 
7. Адам өмірі: оның құндылығы жəне өзіндік құндылығы.
8. Кісі, адам, индивид, дара адам ұғымдарының диалектикасы. 
9.Адамның өмiр сүру мəнiнiң мəселесi. Экзистенциалдық вакуум жəне оны шешу 
жолдары. 
10. Адам өмірінің мəн-мағнасы жəне адамның өлместігі 
 
 
 
 
9-ТАҚЫРЫП. МОРАЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ. АКСИОЛОГИЯ 
Тақырыптың мақсаты: Әдеп пен аксиологияның мәселелеріне философиялық талдау 
беру 


188 
 
9.1. Мораль философиясы және этика 
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дауының белгілі бір 
кезеңінде, яғни, филогенезде жəне онтогенезде пайда болады. Мораль адамдық 
қарым-қатынастарды реттеу сатыларымен байланысты. 
а) Табыну сатысы адамның «Біз» феноменімен көрініс табатын əлеммен 
біртұтастығын, оның əлем мен басқа адамдардан ажырамайтығын, адамның 
дүниетанымының басқалармен біртұтастығын білдіреді. 
ə) Мәдениет сатысы адам қызметінің жəне адамдық ерекшеліктердің алун 
түрлілігі жағдайындағы мəдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз 
адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың 
табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, 
жақсылық, жамандық, əділдік пайда болады. Мəдениет сатысы өркениеттің 
пайда болуымен аяқталады. 
б) Әлеумет сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары 
борыштың əлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда əлеуметтендіріледі 
де, əлеуметтік жəне құқықтық нормаларға айналады. Бұл кезде олардың 
адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді. Егер алдыңғы 
сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite – адамды сүю) туралы сөз қозсақ, 
бұл сатыда əдеп жөнінде пікірлер айтылды. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі – 
ол жекелеген, нақты бір адамның емесе, социумның мүдделеріне бағытталған. 
Адам бұл этикада қоғам əсер ететін объект ретінде немесе басқа социум 
(қоғамның немесе белгілі бір əлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс 
табады. 
Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы 
келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен 
ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен 
айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы əсер мен жеке мінез-құлық 
арасындағы ішкі шиеленіс жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс 
Моральдың гносеологиялық қайнар көздерінің қатарында ерекше 
орынды антропология иеленген. Антропология – адам туралы ілім. Табиғи-
ғылыми жəне медициналық антропология тірі ағзалар əлеміндегі адамның 
орнын анықтайды. Оған анатомия, физиология, нəсілдер тулары ілім жəне тағы 
басқа жатады. Моральды нормалар мен құндылықтар жүйесі ретінде талдау 
оны статикалық жағдайдағы қоғамдық құбылыс ретінде көруге мүмкіндік 
береді. Моральдық таңдау көзқарасы тұрғысынан моральды танып-білу оның 
динамикалық жағын ашуға, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі нормалардың, 
қағидалардың, адамгершілік құндылықтардың жəне бағалаудың қызметін 
көтеруге мүмкіндік береді.
Этика əлем халықтарының əдеп жүйесін, моральды, адамгершілік 
мəдениетін зерттейтін философиялық пəн. «Этика» термині ежелгі грек тілінде 
«бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін 
əдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының 
тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мəдениетінің ықпалымен енген. 
Көптеген мамандар этиканы əдептану деп аударып жүр. Қазақ этикасы туралы 


189 
басылымдарда «əдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар 
қолданыла береді жəне оларға əртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл 
терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-əрекет 
ұқсастықтарын білдіретін əдет-ғұрып деген мағынаға ие болған. 
Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен 
байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар жəне 
олар əдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы 
оның басты ұғымы болды жəне бола береді, оның басты мақсаты – адам 
өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын
себептері мен тетіктерін анықтау. Этика мəдениет жүйесіне оның рационалдық-
логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі əдептік-адамгершілік 
көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді. Этика – 
ғылымның маңызды саласы, əдеп – қоғамдық алғышарттардың саласы, 
адамгершілік – адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы. 
Этика 
практикалық философия ретінде, адам өмірінің 
күнделікті 
қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Әдеп, адамгершілік 
дегеніміздің өзі не? Әдеп – этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің 
формасы жəне жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық 
қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік – жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, 
оның жəне жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің 
қайырымдылыққа ұласатын адамның шығармашылығы бағытының саласы. 
Этикадағы нормативтілік сəтін ғылымда жиі атайды. Этика – болуға 
тиісті туралы ғылым ретінде, адамгершілік заңы, принциптер, ұждан 
қағидалары, нағыз адамшылық қағидалар туралы ғылым ретінде болғандықтан 
абстрактылы сипатты иеленбеуі мүмкін емес. Болуға тиісті туралы ғылым 
ретінде болғандықтан ол адамның адамгершіліктік, шығармашылдық-
өзгерткіштік идеалдының табиғаты туралы да ғылым. 
Адамгершіліктік еркіндік құбылысына негізделетін моральдық таңдау мен 
қойылған мақсаты жүзеге асыру арасында сəйкессіздік пайда болады. 
Бостандық деген шексіз ерік емес, еркін тілектерді орындау емес, танылған 
қажеттілік негізіндегі адамның жеке жауапкерішілігі дегенді білдіреді. Бұл 
жерде қайырымдылық пен тиістілік ұғымдарын сипаттайтын адамгершілік 
мақсат, мотив, жауапкершілік пен ақталудың мəні зор. Шығармашылық 
жолындағы əрбір адам бастапқыдан еркін, азат, шығармашылық бостандыққа 
ие болуға тиіс. Әйтсе де əрбір шығармашылық актісінен, істен немесе əрекеттен 
соң адамгершілік мақсат пен талапты іштей қабылдаудың, ақтық ұғынудың 
нəтижесін бейнеленген сенім-пікір қалыптасатын бағалау кезеңі, моральдық 
ақталу, айыптау немесе қолдау сəті туады.
Адам кең жүйедегі ойлауға көшеді, өйткені көз жеткізу, сену – танымдық 
факторлар, бағалау өлшемдері мен тəртіп мотивтері шоғырланған дүниетаным 
негізі болып табылады. Этика тарихында түсініктің бұл бағыты əрқашанда 
кардиналды деп саналды, өйткені дүниетаным – тұлғаны, оның қажеттіліктері 
мен мотивтерін зерттеудің алдын алады. Қоғам, əлеуметтік орта адам 
тіршілігінің басты белгілері: кез келген адам бүкіл адамзаттың өкілі болып 
табылады. Оның индивидуалдылығы барлық адамға ортақ адам тіршілігімен 


190 
шартталған. Сондықтан адамзаттың жалпы сипатын қарастыру тұлғаны, адам 
индивидуалдылығының қасиеттерін зерттеуден басталуға тиіс. 
Адамдардың тарихи жаттануында өзінің бұқаралық болуына қарай 
əлеуметтік жаттануына мүмкіндік беретін ұждан үлкен роль атқарды. Ұждан - 
қажеттілік жəне дағды ретінде көрінетін, тиісті  жеке дағды мен өзіндік бағаға 
айналатын парыздан тікелей туындайды. Өзіндік баға ретінде ұждан тұлғаның 
қоғамда өз орнын анықтай алу қабілетін көрсетеді. Ұждан – тұлғаның 
моральдық дағдыларында іске асатын, моральдық жауапкершілік пен 
бейконформизмді білдіретін интимді сенім, «бейсаналық əмірші». 
«Мораль» ұғымы оны, бір жағынан, инстинкті, импульсивті мінез-құлық 
қалпына, екінші жағынан, белгілі бір нəтиже алуға бағытталған рационалдық 
есепке қарсы қоюшылық арқылы ашылады. Ең алдымен моральдық уағыздар: 
«Өзінің қаламаған нəрсені өзгеге жасама» ( адамгершіліктің алтын заңы) немесе 
сүйіспеншілік қағидасы: «өз жақынынды өзінді-өзін сүйгендей сүй» – адамнан 
ізгілікті сақтауды талап етеді. 
Этика үшін игілік негізгі ұғым болды жəне бола береді. Өйткені, оның 
басты мақсаты – адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі 
мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этиканың мəдениет жүйесіне 
оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде, адамның өмірдегі əдептік-
адамгершілік көріністердің рационалды ойлау тіліне аударуға тəуекел жасауы 
кіреді. Этика – ғылымның маңызды саласы, əдеп-қоғамдық алғы шарттардың 
негізгі тірегі, адамгершілік-адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру 
тетігі. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті 
қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Этиканың өмірлік 
пратикамен қатысты байланысы бір бағытта сақталды – бұл кəсіптік этика, 
адамның кəсіптік қызметінің саласы. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не? 
Әдеп – этиканың зерттейтін объектісі, қоғамдық сана-сезімнің формасы 
жəне жеке тұлғаның өзіндік бағасын бекітуге бағытталған қоғамдық қарым-
қатынастардың түрі. Адамгершілік – жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның 
жəне жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің 
қайырымдылыққа ұласатын адамның көркемөнері мен шығармашылығы 
бағытының саласы. 
Әдеп – адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты 
қасиеті. «Халықта ауру қалса да, əдет қалмайды» деген мəтел осы жəйттің 
мəнін айқындай түседі. Жағымды əдет адамның бар күш-жігерін пайдалы 
істерді тындыруға көмектеседі. Ал жағымсыз əдет, керісінше, адамның іс-
əрекетіне, мінез-құлқына нұқсан келтіреді. Әдет адамның іс-əрекет түрлеріне 
орай, жан қуаттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше салаға бөлінеді. 
Мысалы, тазалық сақтау, ұқыптылық, орнымен сөйлеу, адамгершілік, 
кішіпейілділік сияқты қасиеттер адам бойындағы жағымды əдеттерді 
қалыптастыруға жəрдемдеседі. 
Қазақтың дəстүрлі əдеп мəдениеті дүниенің екі бөлігі табиғат пен адамның 
етене жақын болғандығы мен олардың еншісі бөлінбеген күйде өмір 
сүргендігін куəлайды. Мұның басты негізіне көшпелілік өмір салты жатады. 
Көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы ретінде 


191 
сезінді. Өздеріне дейін қолданысқа енбеген, қуаң даламен шөлейтті тек көшпелі 
ғана меңгере алды. Осындай қатал табиғи ортада өмір сүрген көшпелі 
айналасындағы мəдени арнаға ерекше бір икемділікпен қараған жəне бұл 
атадан балаға үлгі ретінде беріліп отырған.
Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде əдет-ғұрып 
мінез құлықтың неғұрлым көне əрі қуатты нормативі болып табылады. Бұл 
тапқа дейінгі қоғамда жəне таптық қоғамда да, өтпелі кезеңде де осылай болған. 
Қай қоғамда болмасын əдет-ғұрып мінез құлықтағы өзге ережелерден өзгеше 
инерцияға ие, қоғам мүшесінің психологиясына тікелей əсер беріп, басқа 
нормативтерді ығыстырады.
Дəстүрлі этиканың негіздерін ұғыну үшін ғарыштың тернарлық үлгісі 
əлеуметтік айна екендігін, яғни, өз кезегінде, орталық шеңберді құрастыратын, 
үш горизонтальды буындарға бөлінушілікті ескеру маңызды. Космологиялық 
көзқарастарға сай, діңгекпен құрастырылатын, орталық шеңбер əлеумет 
құрылымының бірлігін, тұтастығын жəне мəңгілігін рəміздейді. Қазақтардың 
артта қалғандығы жəне енжарлығы туралы кездесетін түсініктерден қылық 
бағдарларының жоқтығы шықпайды, қайта керісінше, көшпелі өмір салты мен 
қатал ауа-райы индивидтерді дербестікке мəжбүрлейді. Алайда, қасиетті 
тəртіпке қатыстылық пен оны ұстап тұрудың маңыздылығы əрекеттердің 
мақсаттары мен түпкі мағынасын айқындап отырды, оның өмірлік 
табыстарының болашақтығын жəне тұлғалық бірегейлікке жете алуды 
себептеді. 
Адам өз мəні бойынша тек қана өзінің жеке нақтылы қалпымен ғана емес, 
сондай-ақ оны құрайтын барлық табиғи қасиетермен де, мүмкіндіктермен де
таусылмайды жəне қанағаттанбайды. Адамның эмпирикалық табиғаты мен 
оны құрайтындардан шығатын адамның өзі қалағанымен жəне істей 
алатынымен қатар, оның барлық талпыныстарымен қатар, адамға тиістіліктің 
идеалды күші, жоғарыдан, өзінің эмпирикалық табиғатынан асып түсетін жəне 
оны қайта өңдейтін инстанциядан берілген үндеу ретінде сезінетін – ар дауысы 
ықпал етеді; өзінің нағыз мақсатын, өзінің нағыз ішкі мəнін жүзеге асыруды ол 
осы үндеуді орындаудан, өзінің эмпирикалық тіршілігінің шегінен шығудан 
көреді. Адамның «табиғи құндылығы» басқада, терең мағынада маңызы зор 
оның табиғатына сай келетін өмір салты туралы натуралистік формадағы 
барлық ой-тұжырымдардың адам табиғатының өзіндік ерекшелігі өзінің осы 
табиғатын жеңіп, оны өзгертуде деген іргелі фактінің алдында тас талқаны 
шығады. Объекторталықтық дүниетаным адамды табиғи-тарихи үрдістің 
нəтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сəйкес, адамның дамуы 
экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың 
жоғарғы сатысы болып адамның ақыл-парасаты табылады. Аталған бағыт 
арқылы көптеген мəселелерді түсіну қиынға соғады: неге көп жағдайларда 
адамды гумандаудан алшақтады, неге адам нақты əлеуметтік жағдайларға 
нашар бейімделеді, неге ол қарама-қайшылықсыз бағытты көтере алмайды 
жəне т.б. 
Субъекторталықтық дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл 
бағытқа сəйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс 


192 
тапқан. Оны тек ұтымды əдістермен танып-білу мүмкін емес. Адам – 
микрокосм, оның əлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның 
өзін-өзі дамытуының «соқыр тəуекелі», ал объективтік шындық – адамның 
ішкі күш-қайратының дамуының көрініс табуының нəтижесі. 
Моральдық таңдауды кейде, тіпті, тар мағынада, адамның шешім 
қабылдаудағы саналы əрекетіретінде түсіндіреді. Алайда, осы шешім 
қабылдану үшін белгілі бір объективтік жəне субъективтік алғышарттардың, 
таңдау шарттарының жəне осы таңдауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы 
қажет. Жəне де шешімнің қабылдануымен таңдау əрекеті аяқталмайды. Оның 
жалғасы болып шешімді жүзеге құралдарын таңдау, оны іс жүзінде жүзеге 
асыру жəне нəтижелерді бағалау табылады. Сол себепті де, моральдық 
таңдауды қарастыру кезінде адамның жүріс-тұрысының барлық объективтік 
жəне субъективтік құрамдас бөліктері көзге түседі.
Бұл көзқарас тұрғысынан моральдық таңдаудың құрылымын былай 
көрсетуге болады: мəселені анықтау, таңдау түрлерін тану, шешім қабылдау, 
мақсатқа жету құралдарын тану, таңдауды іс жүзінде жүзеге асыру, 
нəтижелерге жету жəне оларды бағалау. Сонымен қатар, адамның мəселені 
шешу жолын таңдауы объективтік жəне субъективтік жағдайларға байланысты 
екендігін ескерген жөн. Объективтік жағдайлардың қатарына жүріс-тұрысты 
таңдау жəне оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің түрлерінің болуын 
жатқызуға болады. Ал субъективтік жағдайларға тұлғаның адамгершілік 
дамуының деңгейі, оның белгілі бір мораль жүйесінің талаптарын түсіну 
дəрежесі, борыш, ар-ұят сезімінің дамуы жəне жеке тұлғаның басқа да 
адамгершілік мінездемесі жатады.
Адамның, қоғамның немесе топтың алдында тұрған моральдық таңдау 
қажеттігін анықтайтын мақсаттардың ауқымы өте кем. Ол субъектілердің 
ортақтығы дəрежесімен де, маңыздылығымен де, күрделілік деңгейімен де 
сипатталады. Яғни, əртүрлі мақсаттарды адамгершілік бағалаудың бірдей 
болуы мүмкін емес. Егер таңдау түрлерін анықтау кезінде мораль таңдаудың 
жағдайлары мен мүмкіндіктерін толық жəне жан-жақты зерттеуге бағыттайтын 
реттеушінің ролін атқарса, онда жүріс-тұрыс түрін таңдай кезеңінде оған 
шешуші роль беріледі. Жүріс-тұрыстың түрін таңдауда маңызды роль 
адамгершілік себептерге берілген. Неге дəл осы əрекет дұрыс? Мұндай таңдау 
неге негізделген? Осы сұрақтар жүріс-тұрыс түрін таңдауға мейлінше мол 
сипаттама береді. Таңдау əрқашанда белгілі бір құндылықтан бір құндылықтың 
артықшылығын білдіреді. Кейбір жағдайларда таңдауды негіздеу жəне 
таңдаудың өзі ешбір қиындылықтарды туғызбайды, ал бір кездері олар 
себептердің ерекше күресінің тууына негіз болады. Осы екінші жағдайды 
адамгершілік шиелініс жағдайы деп атайды.
Адамдардың өз алдарына қойған мақсаттары мен оған жетуде 
қолданылатын құралдардың ара-қатынасы туралы мəселе көптеген ғасырлар 
бойы дау туғызуда. Басқаша айтқанда, мақсат кез келген құралды пайдалануды 
ақтай ала ма? Әрине, бұл жерде адал ниетті мақсат туралы айтылып отыр. 
Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы туралы 
мəселеге қатысты екі баламалық жауап ұсынған. Олар макиавеллизм 


193 
концепциясынан жəне абстрактілі гуманизмнен көрініс тапқан. Бірінші бағыт 
«мақсат кез келген құралды ақтайды» қағидасы түрінде белгілі. Бұл бағытқа 
сəйкес, құралдар мақсатқа тəуелді, оған бағынады, ал мақсат құралдардан 
тəуелсіз. Құралдарды таңдаудың негізгі талабы ретінде олардың мақсатқа 
жетудегі тиімділігі ұсынылады, ал олардың адамгершілік жағдайы есепке 
алынбайды. 
Екінші концепция жоғарғыдағы концепцияға қарама-қарсы бағытты 
ұстанған, бұған сəйкес, ешқандай мақсат оған жету құралдарын ақтай алмайды. 
Құралдар мақсаттар толығымен тəуелсіз жəне өзіндік оң немесе теріс 
құндылыққа ие. Мысалы, бірінші концепцияның өкілі ретіндегі иезуиттер «егер 
ол мақсатқа тезірек жетуге жəрдемдессе, кез келген зорлықты атауға болады» 
деп санаған, ал екінші концепцияны жақтаушылар зорлықты абсолюттік 
зұлымдық ретінде тани отырып, оны мақсатқа жетудегі құрал ретінде қолдануға 
тыйым салған. Соңғылардың пікірінше, құралдар қандай болса, мақсат та 
сондай болады: адамгершілік сипаттағы құралдар адамгершілік сипаттағы 
мақсатқа алып келсе, арам ниетті сипаттағы құралдар арам мақсатқа алып 
келеді. Басқаша айтқанда, бұл концепцияның негізі мына анықтамада 
бекітілген: мақсат құралдарды анықтамайды, керісінше, құралдар мақсаттарды 
анықтайды. 
Жалпы жəне бастапқы əлеуметтік-философиялық мағынасында бостандық 
бастауы, əрине оның қазіргі жаңа «саяси бостандық» ұғымына кіретін арнайы, 
жеке мазмұнымен сəйкес келмейді. Қоғам азаматтарына белгілі мөлшерде 
мысалы, баспа жəне ауызша сөз бостандығы, жиналыстар мен одақтар 
бостандығы, саяси сайлауларға қатысу бостандығы берілу керек - бұл нақты 
қоғамның нақты рухани жағдайына байланысты жəне тек жалғыз бір жалпы 
бостандық бастауынан априорлы анықталмайды. Адам тұлғасының белгілі бір, 
қатаң белгіленген жəне бостандықтың бұзылмайтын ауқымын мен оларды 
табудың белгілі бір формаларына құқы туралы индивидуалистік идея, 
«адамның туа біткен құқықтары» туралы жалған ұғымнан шыққандықтан 
қызмет етудің жоғары бастауымен сəйкес келмейтін ретінде жалпы теріске 
шығарылуы керек, ал жеке бостандық идеясының өзі тек қызмет ету 
бастауымен байланыста ғана өзін ақтап шыға алады. Іс жүзінде əлемдегі тіпті 
ең либеральды жəне демократиялық деген бірде бір қоғам мызғымай 
белгіленген адам құқықтарын нақты іске асыруға жол бермейді: қоғамға қауіп 
төнген кезде бұл құқықтар сөзсіз шектеледі; жалпы қоғамның рухани 
жағдайына жəне қызмет етудің жалпы бастаулары іске асатын ағымдағы 
қоғамдық міндеттердің сипатына байланысты бұл құқықтардың жалпы ауқымы 
мен олардың əр қайсысының жеке салыстырмалы салмағы айтарлықтай 
өзгереді. Жалпы бостандықтың өз мүдделері, еркін қоғамдық құрылыс 
жекеленген адам «құқықтарын» шектеуді талап етеді, ал олардың өзі қызмет 
ету бастауларымен жəне онымен байланыстағы ынтымақтастық пен 
бостандықты тауып, іске асырудың тек қосалқы құралы болғандықтан əрқашан 
салыстырмалы жəне туынды болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет