Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999, 136 б.)



Pdf көрінісі
бет7/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999, 136 б.). 
Тарихқа XIV-XV ғасырлардан “қазақ” деген атпен енсек те, қыпшақ 
мəдениетінің 
төл 
мұрагерлерінің 
біріміз. 
Сондықтан 
халқымыздың 
дүниетанымы мен ойлау мəдениетінің де мың жылдан аса тарихы бар деуге 
əбден болады. Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның болмыс-
тұрмысынан аңғарылуы заңды, сондықтан араб-парсы мистикалық пəлсапасын 


13 
қазақ халқы дəл сол күйінде қабылдап қоймай, өзінің өмір сүру тəсілінің 
ерекшелігіне сай қабылдаған.
Жаңа дəуірге – машиналық индустрия пайда болғанға дейін – қазақ 
жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы көшпелі мал шаруашылығы болды. 
Сондықтан, біздің арғы бабаларымыз мындаған жылдардың шеңберінде осы 
іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас иіуді, оған табынуды талап етті 
– казақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың 
патшасы болу, оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған 
жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының қазіргі тілмен айтқанда экологиялық 
санасы биік етеді, оған тəн саяси формалар – соғыс демократиясы, əрі кеткенде 
– алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерінде 
ешқашанда болған жоқ, ол көшпелілік шаруашылық формасының табиғатынан 
шығады. 
Екіншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) жəне 
гносологиялық (дүниетаным) мəселелерден гөрі адам мəселесіне көбірек көңіл 
бөлінеді; 
Үшіншіден, 
адам мəселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне 
экзистенциялдық тұрғыдан қаралады жəне ол көшпелілік өмір туған жеріңнің 
ұлан-ғайыр уақыт пен кеңістік əлемінде жалпы дүние болмысымен барынша 
бауырластығын сену көркемдік таным игілігінің маңызды бір шарты болып 
табылады. Кешегі мен бүгінгінің бəрін аялап, адамзат ұрпағын бір-бірімен 
сабақтастырып жатқан алмаймыз. Бұл дүние – нақты құбылыс пен адам 
бауырластығынан туатын шындық.
Төртіншіден, 
көшпелі 
халықтың 
арасындағы 
əлеуметтік 
айырмашылықтар аэ болғандықтан тендікке негңзделген əділеттілік 
құндылығы. Сондықтан да бүгінгі танда жүріп жатқан қайта əлеуметтік топталу 
– рестратификация – (аса байлар мен қатар кедей, қайыршылардың пайда 
болуы) адамдардың жан-дүниесінде ауыр жарақаттар қалдыруда; 
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау – бұл да 
халықтың қанына терең сіңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз 
байланыста бар нəрсеге қанағат ету де қазаққа тəн нəрсе; 
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден горі жоғары ұстау – ол 
да көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық; 
Жетіншіден, үне бойы көшіп-қону барасында əрқашанда неше-түрлі 
қиындықтарды, қауып-қатерлерді бастан кешуге тура келеді – ол ерлікті, 
батырлықты қасиет етуді талап етеді. Сондықтан, беске келген жылқының 
жылында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, біздің 
бабаларымыздың көбі 20-25-інде елін аман сақтау жолында өмірлерін қия 
білген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиетті бүкіл 
əлемге айқын көрсетті. Қазақ халқының дербестігін көтере алмай жүрген кейбір 
арам пиғылды саясаткерлар оны білуі қажет; 
Сегізіншіден, көшпелінің өмірі қысқа, үне бойы қауып-қатерлерден, 
соқтығыстардан тұрганнан кейін ол күнбе-күнге өмірді бағалап өмірден алудан 
гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, 


14 
даналықпен көрсете білу, неше-түрлі сайыстарға қатысу, “бір сырлы, сегіз 
қырлы болу” – бабаларымызға тəн нəрселер болған; 
Тоғызыншыдан, 
дүниеге, 
басқа 
халықтарға 
деген 
ашықтық, 
қиналғандарға риясыз қол ұшын беру – бұл да біздің халықтың керемет 
қасиеттерінің бірі; 
Оныншыдан, көшпелілердің негізгі құндылықтарының бірі – ата-ананы, 
үлкендерді сыйлауы. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, 
хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – 
бəрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, 
жалпы алғанда жоғарылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының 
қоғамдық, саяси, мəдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің 
құрылымын жасады. Олар – анайы реализм, білімнің негізгі жақтары, екрін 
ойлау, деистік жəне пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, 
зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, хұқтың саяси жəне философиялық жақтары, 
мемлекет, қоғам, жеке адам мəні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар 
сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа жəне білімсіздікке, қазақ 
халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы 
бағытталды. Бұны да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының 
өзіндік ерекшелгі деп атап айтуға болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет