Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет71/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130
Философия Оқулық (3)

Зұлымдылықтың әртүрлі концепциялары. Этикалық ой тарихында 
зұлымдылықтың əртүрлі концепцияларын кездестіруге болады: оны ақтаудан 
бастап, «аз зұлымдық» теориясымен сипатталатын апологиясына дейін. 
Олардың арасында зұлымдылық туралы діни ілім белді орынды иеленген. 
Оның бизнес этикасына тікелей қатысы бар. Егер нарықтың дамыған 
ошақтарын (Батыс жəне АТА) алар болсақ, онда христиандық пен буддизмнің 
(əртүрлі көріністегі) үстем ықпалын байқауға болады. Әлеуметтік зерттеулер 
мəліметіне сүйенсек, еуроамерикандықтар негізгі этикалық құндылықтар 
ретінде христиандықтың он өсиетін атайды. 
Зұлымдылықтың христиандық концепциясы бойынша зұлымдылық 
Құдайдан емес, əлемнің Құдай жаратқан бейболмысынан шығады. Бүтіндей 
алғанда, əлем игілікті жəне əсем болып табылады, ал зұлымдық онда 
салыстырмалы түрде өмір сүреді: жетіспеушілік, жоқшылық, терістеушілік 
жəне бейболмыс түрлерінде. əлемде жетілмеген заттар – балшық, ірің, 
тұрпайлықпен қатар, моральдық зұлымдықтар да – күнə мен күнəқарлар да өмір 
сүреді. Күнəлі əрекеттердің мазмұны алуан түрлі: өтірік, адасушылық, қулық, 
өзімшілдік, ыза, өлім, қырқыс, алдау, өсек, реніш, мақтаншақтық, тəкаппарлық, 
бірбеткейлік, сатқындық, қаталдық, маскүнемдік, ұрлық, жала жəне т.б. Олар 
жалпыадасзаттық адамгершілік нормалардың бұзылуын білдіреді, ал діни 
тұрғыда жаратылыстағы күнəқарлық туралы мифпен байланысты. Қанауды, 
құлдықты, түрмені, қару мен бомбаны Құдай емес, адам ойлап тапты. 


198 
Жоқшылық пен ауыр еңбекті Құдайдың еркі емес, адамның менмендігі мен 
ақымақтығы тудырды. Біз қаруымызды тастауға тиіс бүлікшілдерміз.
Зұлымдылықтың христиандық түсіндірмесінде тəн құмарлығын сынау 
идеясы үлкен орын алған. Інжіл уағызы былай дейді: «Тəннің қамын жеуді 
құмарлыққа айналдырма». Адамның табиғаты алғашқы күнəқарлықтан бері 
бұзылған, тек Құдайдың шапағаты ғана адамды құтқара алады. 
Христиандықпен салыстырғанда исламда адам үшін зұлымдықтың көзі өзге 
адамда емес. Адам үшін тозақ болып оның өзімшілдігі табылады. Адам өз-
өзінен бас тартып, Құдайға жақындауы керек.
Бүгінгі əлемде адамның бейшаралығы идеясы өз көрінісін авторитарлық 
жүйелерден (фашизм, социализм, автократия жəне т.б.) тапса, оларда мемлекет, 
партия, элита, автократ үстем күштерге айналса, ал мүгедек өз бейшаралығын 
мойындап, бағынуға мəжбүр болады. Қазіргі кездегі көптеген «демократиялық 
мемлекеттердегі» нақты демократия мен еркіндіктің жоқтығын, жоғарыда 
келтірілген зұлымдылықтардың үстемдігін олардың билеушілері «халық еркі» 
туралы арзан демагогиямен жапқысы келеді. Шындығында, алдау – күнə, ал 
арам пиғылымен алдау – екі есе күнə. 
Егер зұлымдық нақты өмір сүрген болса, онда гуманистік этиканың 
алдында мынадай сұрақ туындайды: авторитарлық бұйрықтар мен тыйымдарға 
сүйенбей адам жаратылысының деструктивті қырларын қалай шектеуге 
болады? Бұл сұраққа Э. Фромм өзгеше жауап береді. Оның пікірінше, жек 
көрудің рационалды жəне иррационалды түрлері бар. Реактивті, рационалды 
жек көру – бұл адамның өзінің жəне өзге адамның өміріне, еркіндігіне, 
идеясына төнген қаупіне жауап. Ол өмірлік қатерге жауап ретніде пайда болады 
жəне қатер сейілгенде жойылады: ол өмірдің ұмтылыстарына қарсы тұрмайды, 
керісінше, оған серік болады. 
Иррационалды жек көру – бұл мінездің белгісі, үнемі жек көруге дайын 
тұру. Жек көруші адам өзінің осы сезімін көрсетуге қолайлы жағдай туғанда 
өзін бақытты сезінетіндей көрінеді. Өзінді-өзің жек көруге де болады, ол 
құрбаншылдықтан, аскетизмнен жиі көрінеді. өмірді бектуші энергияға кедергі 
келтіретін жеке жəне əлеуметтік жағдайлар деструкивтілікті тудырады, ал ол, 
өз кезігінде, зұлымдылықтың əр алуан көзінің бастауына айналады. Бұдан 
шығатын қорытынды, адам міндетті түрде зұлым емес, ол өзінің өсуі мен 
дамуына қажетті жағдайлар жоқтығынан зұлым адамға айналады. Зұлымдық өз 
алдына дербес өмір сүре алмайды, ол қайырымдылықтың жоқтығының, өмірде 
өзін іске асырудағы сəтсіздіктің нəтижесі болып атбылады. 
Жоғарыда қоғамдық өмірге тəн оның əдептік ортасын құрастыратын 
идеалды бастаудың онда үлгі идея ретінде, яғни адамның жүріс-тұрысын іске 
асатын мұрат немесе «солай болуға тиістілік» ретінде анықтайтын құндылық 
ретінде көрініс беретіні атап көрсетілді. Сол арқылы қоғамдық өмірдің мəнін 
құрайтын бастаудың адамгершілік сипатта болатыны (сөздің кең мағынасында) 
айтылады. 
Парыз – этикадағы маңызды категриялардың бірі. Ал кəсіби этикадағы 
оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен 
міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, əділ бол. Бол! 


199 
Парызда басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ əлдеқайда 
жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен 
қатар, оған бұйрықтық сипат беріп шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын 
қалайды. Борышты адам болу – оның мəнін, талаптарын білу ғана емес, осы 
талаптарды тəжірибеде сақтау да. Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары 
бағалаған И. Кант жазғандай, борыш – адамды өзінен өзі жоғары етіп қоятын 
ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: «Парызсыз шынды ұмытпа, ол – бұл 
əлемдегі жалғыз əуен. Парызсыз өмір де, құштарлық та жоқ» деген. Бұрынғы 
тоталитарлық-əкімшілік 
жүйе 
əдептің 
маңызды 
ұғымы 
парызды 
адамгершіліктен бөліп алып, тұлғасыздандырылған жалпылама талап 
мағынасында қолданды. Адам өзінің ішкі қажеттіктері мен мүдделерінен бас 
тартып, қоғамның, мемлекеттің, партияның бұйрықтарын бұлжытпай 
орындауын парызды өтеу деп түсіндірілді. 
Шын мəнісінде, парыз – ар өлшемі, жер бетінде жаратылғандардың ең 
тамаша туындысы да – адам. Ұлы Абай айтқандай, құдай адамзатты өз 
махаббатымен жаратқан. Парыз адам болудың қадірін білу деген сөз. Адамға 
дүниедегі ең қиыны, күрделісі – нағыз адам болу. Ол осы жоғары аттың иесі 
екендігін ешқашан ұмытпай, күнделікті өмірде көрсетіп отыруы тиіс. Әйтпесе, 
адамдық келбетін жоғалтып, хайуанға құсап кетуі мүмкін. Ондай жағдайда 
адам өзінің кісілік қасиеттерінен айырылып та қалады. «Адам болар баланың 
кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деген халқымыз. 
Кісілік бұл жерде адамгершілік ұғымының баламасы ретінде қолданылып отыр.
Кəсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой 
категориясын жатқызуға болады. Кəсіби абырой – бұл өз борышын жан-
тəнімен орындаудың жоғары əлеуметтік құндылығын (қажеттігін жəне 
маңыздылығын) түсіну жəне оны қоғамдық көзқараспен тану.
Абырой категориясы намыс категорясымен тығыз байланысты. Бұл 
категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша сəйкес келеді, 
бірақ оларды нысандары бойынша ажыратуған болады. Абыройды бағалау – 
бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал намысты бағалау – бұл, ең алдымен, 
тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. əрине, намысты бағалау 
қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік 
бағалау ерекше ролді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезегінде, тұлғаның қоғам 
алдындағы жетістіктерін сезінуімен негізделеді. «Намыс» ұғымы Д. 
Кішібековтың пікірінше, адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің 
біріне жатады. Әрине, намыстың түрлері көп. Ол отандық намыс, ұлттық 
намыс, діни намыс, жершілдік намыс, рулық намыс, жыныстық намыс, 
жанұялық намыс, мамандық намыс болып бөлініп кете береді. Намыс бар жерде 
жігер бар, қайсарлық, алған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын 
табандылық бар. Намысы жоқ, ар-ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. 
Намыс азаматтықтың басты бір көрінісі. Қазақ халқының тегі нашар емес. Ол 
мықты халық. Онда намыс та, жігер де, батырлық та болған. Оның негізі де бар. 
Тарихқа үңілейікші. Александр Македонский көп əскерлерімен Орта Азия 
жерлеріне енгенде мықты қаруланған күштің қарсылығына тап болған, олардың 
ішінде əсіресе ерекше қимыл көрсеткен сақ-скифтер екендігі тарихтан белгілі.


200 
Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, 
яғни, құқыққорғау органдары қызметкерінің осы жүйеде қызмет ететіндігін 
сезінудің моральдық қанағаттанған сезімін тудырады. ғайтып, жоғарлыта 
түседі, қызметкерлердің кəсіби борышын тиімді орындауға көмектесді.
Абырой катеориясының тағы да бір құрамдас бөлігі – өз сөзінде тұру. 
Сөзінде тұратын адам! Бұл – адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде 
абырой түсінігімен теңестіріп жатады. Сөз бердің бе – сөзінде тұр, уəде бердің 
бе – орында. əйпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады жəне өтірікші, бос сөздің 
адамы деген атқа қаласың. Абыройды қадірлеу, бағалау – бұл борыш əрі 
күнделікті міндет. Абыройдың мазмұны белгілі бір дəрежеде адамның жалпы 
мəдениетінің деңгейіне, оның рухани жəне физикалық дауына, мемлекет 
туралы ойлай білу қабілетіне тəуелді. Ал бұған үздіксіз, тұрақты үйрену керек. 
Қазақ халқының моральдық-этикалық тəрбиесінің басқа халықтарға 
ұқсамайтын өзіне тəн мəн-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бəрі атадан-
балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, 
толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық 
дəстүрлер дегеніміз моральдық сана тəжірибесіне ендірілген, адамгершілік 
қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.
Тарихи кезеңдердің жаңа дəуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын 
моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, борыш, 
парыз, т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-
ұят керек əр уақытта», «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы», «Ұят 
кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын 
білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мəтелдері дəлел бола 
алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны 
адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде 
«Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма», – деп тілек білдіріп 
отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс 
– адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нəзік, өткір, күшті лап етпе сезім. 
Ол адамды жаман əрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. Қазақ халқының 
моральдық-этикалық тəрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға 
т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында 
қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған 
мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сəлем бер, 
үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. 
Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-
анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы – өтелмейтін парыз. Соның 
ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң 
да өтей алмайсың», – деп халық бекер айтпаған. Халықтық тəлім-тəрбиеде 
əкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «əкең біледі», 
«əкеңмен ақылдас», «əкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нəрсені əкесінің 
нұсқауымен істеуге үйретуі əкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді. Мұның 
бəрі қазақ халқының бала тəрбиесіне үлкен мəн бергенін дəлелдейді. «Он үште 
отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы 
өмірге даярлаған, əсіресе ер бала шыр етіп келген сəтінен он үшке дейінгі 


201 
кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл 
мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа 
дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін 
қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең 
негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті 
ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану жəне адамды айырбастайтын, 
оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну 
болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам 
болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық 
даналығындағы мақал-мəтелдер адамның құндылық екенін дəлелдейді. Қазақ 
халқының 
моральдық-этикалық 
нормалары 
болашақ 
мұғалімдерді 
мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру жəне жұмыс істеу дағдысын 
қалыптастыру ісіне, барлық жағдайда моральдық кодекс принциптері мен 
жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа ала отырып, оларды оқу-тəрбие 
ісінде жүзеге асыруға, кəсіби парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына 
көмектеседі. 
Этиканың негізгі категориясы «қайырымдылықты» қарастыру оның 
«пайда» түсінігімен арақатынасын анықтамай толық жүзеге аспайды. «Пайда» 
адамдардың экономикалық ұмтылыстарының соңғы мақсатын білдіреді. Бұл, 
əсіресе, ұзақ жылдар бойы теңестірілуі мен аскетизм рухында тəрбиеленген , 
байлық, лəззат алу, табыс туралы ойлаудың өзі əдеттен тыс саналған кешегі 
посттоталитарлық қоғам мүшелері үшін маңызды. 
Қайырымдылық пен пайданы қарсы қоюдың бұрыннан келе жатқан 
дəстүрі бар. Кезінде Аристотель өзінің «Никомах этикасында» этиканың 
айналысатын мəселесі жай игіліктер емес, жоғары игіліктер деген болатын. 
Еуроаплық этикада əртүрлі ойшылдар моральдық əрекет пен утилитарлық 
əрекет арасын ажырата зерттеген. Алайда «қайырымдылықты» да, «пайданы» 
да біріктіретін нəрсе бар. Олар қалыпты əлеуметтік құндылықтарды білдіреді. 
Егер қайырымдылық адамның мақсатымен көбірек байланысты болса, ал пада – 
бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін жарамды құралдардың сипаттамасы. 
«Пайда», «табыс», «тиімділік» – бұлар максиамалды мақсаттарға минималды 
құралдармен жетуді білдіретін негізгі ұғымдар. Мұндай пайдалы əректті арнай 
зерттейтін ғылым праксеология деп аталады. 
Утилитаризмнің негізін қалаушы И. Бентам ізгілік пайдаға қарсы 
тұрмайды, өйткені, мүдделер əртүрлі, ізгілік үлкен мүдде үшін кіші мүддені 
құрбан етуді білдіреді деп санайды. Утилитаризмнің негізгі құндылықтарын 
мынадай қанатты сөздер арқылы аңғаруға болады: «Табысқа ұмтыл, өз 
мүдденнен шыға отырып, барлығынан пайда тап», «Мақсатқа жетуде тиімді 
құралдарды қолдан». Мұндай адамның бойында тартымды қасиеттер болады: 
мақсаткерлік жəне тəуекелшілдік, тəуелсіздік, батылдық, үнемшілдік, тəртіптік 
жəне т.б. Егер пайданы өзімшілдікпен араластырмаса, онда пада қағидасы жеке 
мүдделер үйлесімділігінің маңызды тетігі ретінде көрінеді, оның үстіне мұндай 
синэнергетикаландыру жалпы игілікке жақын жатады. 
Әрине, пайдалылық қағидасын абсолюттендіріп, оны жоғарғы ізгілік 
ретінде идеал тұтуға болмайды. Пайдалылық қағидасы, сөз жоқ, жоғары 


202 
гуманизмнің абсолюттік мораліне қайшы келеді. Мысалы, алкоголь, темекі 
өнімдері, экологияға зиянды техника өндірісі сияқты бизнес түрлері 
тұрғындардың бір бөлігі үшін пайдалы. Қызмет көрсету мен тауардың кейбір 
түрлерінің нарыққа тартылуы оларды экономикалық тұрғыда ақтағанымен
адамдарда жаман əдеттер туғызады, қоғамның адамгершілік денсаулығына зиян 
келтіреді. Мұны Б. Мандевиль аңғарып, өінің «Аралар туралы аңызында» 
былай дейді: «Жеке адамдардың жаман қылықтары – қоғам үшін ізгілік». 
Пайдалылық қағидасы жоғары моральға қайшы келгенімен, ол қоғамдық 
қатынастарға ене отырып, ол үшін жағдай туғызады, қоғамның үйлесімді 
дамуның, ондағы адамдардың күш, қабілеті ашылуыгың маңызды факторына 
айналады. Қайырымдылық пен пайдалылықтың арақатынасын қарастыру 
əлеуметтік жəне моральдық əділеттілік мəселесін туындатады. 
Қайырымдылықтың нақтыланған формасының бірі əділеттілік болып 
табылады. Ол ізгіліктер арасында негізгі орынды алады, өйткені, адамдар 
арасында ізгіліктер мен зұлымдылықтар бөлінісін сипаттайды жəне бағалайды. 
əділеттілік адам өмір сүруінің тəсілдері мен шарттарының бағасы ретінде 
адамдар өмірі мəнімен тығыз байланысты. «Әділеттілік, – деп жазады Д. Роулс, 
– ғылым жүйесінде ең басты ізгілік ретінде ақиқат саналатынын сияқты, 
қоғамдық институттардың ең басты ізгілігі болып табылады» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет