Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет72/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Роулс Д. Теория 
справедливости // Этическая мысль. – М.: Мысль, 1992. – С. 67-82. ).
Қоғам өз мүшелеріне игілік беріа қана қоймай, ол əділеттілік 
қағидасымен тиімді реттелгенде ғана жақсы ұйымдасады. Қалған теорияның 
ертелі-кеш теріске шығатыны сияқты, əділетсіз қоғамдық қатынастар да 
жойылуы немесе түзетідуі тиіс. Әділеттіліктің кепілдікке берген құқықтары 
саяси сауда объектісі бола алмайды. 
Әділеттілік ұғымы, сонымен қатар, салыстырмалы, нақты тарихи болып 
табылады. Алғашқы қауымдық мəдениетке əділеттілік «қанға – қан, жанға –
жан» мағынасында табуға, талионға жақын тұрды. Ру игілігі құдайлардың 
мəңгігіе бекітілген заңдары қамқорлығында болды. əдəлеттілік осы қасиетті 
дəстүрлерге дұрыс қатынаспен сипатталады. əділеттілік осы қасиетті 
дəстүрлерге дұрыс қатынаспен сипатталады. Оны бұзғандар жазаға тартылды. 
Оның көріністерінің біріне рулық кек институты жатады. 
Қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды ұғым-ұстанымға 
əділдік жатады. Жалпы этика категориялары арасында əділдік құқық 
этикасының жалпы кəсіби этиканың орталық ұғымы ретінде баяндалады. 
Ғылымға ақиқат қандай қажет болса, əлеуметтік əділеттілік сондай керек.
Дəстүрлі мəдениетте əділдік ақиқат, шындық ұғымдарымен тығыз 
байланыстырылды (əділ шешім қабылдау үшін істің анық-қанығына, яғни 
ақиқаттығына жету қажет). Әділдік əр уақытта байсалдылықты қажет етеді. 
Көзді жұма сала, интуиция бойынша бірден біреудің тағдырын шешу-қазақ 
қоғамына жат нəрсе. Әділ ақсақал, мысалы, толық сұрастырғаннан кейін ғана өз 
түйінін айтатын болған. Әділдік-ашылған, табылған ақиқат қағидалар, қатып-
сеніп қалған ережелер түрінде емес, ой-сезімнің, іс-əрекеттің бірлескен 
қимылының нəтижесі, демек əркез қайта-қайта жаңғыртып отыруды қажет 
ететін құбылыс ретінде қаралды.


203 
Рулық құрылыстан өркениетке өтуге байланысты əділеттіліктің 
жоғарыдағы ұғымы оның таратылушылық түсінігімен алмасты. Алдыңғы 
орынға əділеттілік – теңдік шықты. «Бəріне бірдей бөлу» идеясы мен көбірек 
алып қалуға ұмтылу адамзаттың кейінгі моральдық дамуына үлкен ықпал етті. 
Тек моральдық дамуда ғана емес, əділеттілік пен теңдік туы астында 
революциялар, бүліктер, басқыншылықтар болды. «Әлеуметтік əділеттілік» 
ұранымен большевиктер Ресей империясындағы бай жəне іскер адамдарды 
қырып-жойды. Жетпіс жыл бойы номенклатура КСРО-дағы бөлініс 
құралдарын қолдарында ұстады. Теңдікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік 
биліктің қандай да бір органына қоғамдық өнімді орталықтандырған басқару 
құқығын беру керек. Алайда, бұл моральдың салдары адамдардың орасан зор 
мөлшерінің жойылуына жəне қалғандарының кедейшілікке ұрынуына алып 
келді. «Әлеуметтік əділеттілік» деген тіркес те «халықтық демократия» сияқты 
жай семантикалық бос сөз ғана. Бөлінуші əділеттілік идеясы – əрбір индивид өз 
адамгершілік абыройына сай алуы тиіс деген мұндай кеңейтілген адамзат 
қауымдастығында өз мəнін жоғалтады. 
Алайда, абстрактілі теңдік пен бөлініс əділеттілігінің жарамсыздығы 
əділеттіліктің моральдық қағидасының құнсыздануын білдірмейді. Д. Белл 
жазғандай, «адамзат санасының табиғатында əділеттіліктің моральдық схемасы 
барлық əлеуметтік тəртіптің қажетті негізі болып табылады: заңдылықтың 
болуы үшін билік ақталуы тиіс. Жəне, ақырында, дəл осы адамгершілік 
идеялар, яғни, қалаулы нəрсе туралы көзқарастар адамзат ұмтылыстары арқылы 
тарихты қалыптастырады». Теңдік туралы идеяның өзі гуманистік əлеуетін 
сарқыған жоқ. Бұқаралық санада теңдіктің үш түрі кездеседі: Құдай алдында, 
мораль алдында жəне заң алдында. Теориялық ойдағы «мүмкіндіктер теңдігі» 
концепциясы қызығушылық туғызады. «Нəтижелер теңдігі» талап ету 
байлықтың кедецлер пайдасына қарай радикалды қайта бөлінісін білдіреді, ал 
бұл бөлініс пен экономикалық өсімнің арасындағы байланысты бұзады. Крістің 
шамалы болса да қайта бөлінісі инвестиция есебінен тұтынуды ұлғайтады жəне 
экономикалық өсімнің қарқынын баяулатады. Кезінде Аристотель «мөлшер 
бойынша теңдік» пен «абырой бойынша теідіктің» айырмашылығын айтқан 
болатын жəне теңге теңсіз ретінде, теңсізге тең ретінде қатынас орната 
əділетсіздік пайда болатынын айтқан еді. Д. Беллдің пікірінше, теңсіздік 
индивидтің қоғамдағы орымен анықталатын өмір жағдайына, əлеуметтік 
ортаға, қызмет түріне, мұрасына сəйкес келуі тиіс. Сондықтан да, дəрігер мен 
санитардың, жұмысшы мен менеджердің, ассистент пен профессордың 
теңсіздігі туралы айту мүмкін емес. 
Алайда, қоғам игіліктерінің бірден-бір қолға жинақталуы мен 
қалғандарының кедейшілікке ұрынуына жол бермеуі тиіс. Қоғамдық топтар 
арасындағы мұндай айырмашылыққа əртүрлі əлеуметтік қимылдар арқылы 
қарсы тұру қажет. Қазіргі уақытта əлеуметтік-экономикалық жəне моральдық 
мəселелерді реттеуде мемлекеттің рөлі күшеюде. Ендігі жерде өмірдегі 
теңсіздік үшін жауапкершілікті нарыққа артып қою мүмкін емес. Жолы 
боламғандардың топтық құқықтарын қамтамасыз ету мəселесі туындайды. Бұл 


204 
мəселелерді шешу адамзат дамуына əділеттілік жолмен жетуге жағдай 
жасайды. 
Теңдік түсінігінің дəстүрлі қазақ мəдениетіндегі əдептік-құқықтық 
жақтарын арнаулы зерттеген мамандардың пікірі бойынша бұл ұғым əділдіктің 
басты бір шарты болып есептелген. Айталық, қазақ қоғамындағы теңдік ұғымы, 
негізінен адамның жаратқан (құдай) табиғат, өлім алдындағы теңдігі жəйлі ой-
ағымдарға келіп тірелетін. Сонымен бірге адамның бір-бірімен рухани теңдігі, 
оның ар-ұжданының, ақылының, талантының, жан дүниесінің басқа да 
қасиеттерінің байлыққа, лауазымға, билікке, яғни, əлеуметтік өмір 
атрибуттарына байланысты емес екендігі, олармен анықталмайтындығы туралы 
ой-санаға негізделген. Ал, бұлардың негізінде адам өмірінің жалғандығы, 
шолақтылығы, олардың бір-біріне бұл дүниеде қонақ екендігі туралы ой-
түйіндер, толғамдар жататын. Яғни, теңдік туралы ұғым əлеуметтік 
қатынастардан гөрі табиғатпен, рухани өмірмен байланыстылығымен 
ерекшеленетін. 
Теңдік туралы ұғымның ендігі бір астары – əділдікке, ақиқатқа жету. 
Теңдік іздеу, теңдік бермеу деген тіркестер осы мағынаны білдіреді. Әдетте, 
теңдік іздеу белгілі бір мəселе (дау) бойынша əділ төрелік ету мағынасында 
айтылады. Соған сəйкес теңдік бермеу-арызын тыңдата алмау немесе əділ 
билікке қол жеткізе алмау деген сөз. Яғни, бұл тұрғыдан келгенде де теңдік 
туралы ұғымның негізгі тұлғасы – əділ би. Әдет-ғұрып нормалары сол теңдіктің 
тетігі, ал оның кілті бидің қолында. Әділ би жоқ жерде, ол тетік те іске 
аспайды, оған қол жеткізу қиын, демек, теңдік табу да күмəнді жəйт. Сонымен, 
əділдік ұғымы дəстүрлі қазақ мəдениетінде тек рухани ұстаным түрінде ғана 
емес, күнделікті өмірге тікелей қатысы бар реттеуші əдеп нормасы болған. 
Қазақы түсінікте ол ар-ұятпен тікелей қатысты болған. Әділдік-адамгершілік, 
ар-намыс инабаттың ірге тасы. Әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ. Әділдік 
болмаса, тіршілікте мəнді ештеңеге орын қалмайды. Кісіге қиянат жасамаған, 
жұрт ақысын жемеген, айтқан уəдесінде тұрып, туралықты ту еткен адам ісін 
көңілдегідей орындайды, қанағат сезіміне бөленеді. Әділ кісіге біреуді алдап 
арбап олжа табу, өз мақсатына орай өтірік айту жат қылық. Турашылдық 
əділдіктен нəр алады. Кімде-кімнің əділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ
(Абай). 
«Бақыт» ұғымы – этикадағы ең іргелі (фундаментальды) түсініктің бірі. 
Оның үстіне ол ең жемісті əлеуметтік идеялардың бірі болып табылады. 
Спинозаның айтуынша, «бақыт» – бұл ізгіліктің қайтарымы емес, ізгіліктің өзі, 
өз құмарлықтарымызды ноқталағанымыз үшін бақытты емеспіз, керісінше, 
біздің бақытты болуымыз оларды ноқталауға қабілетті етеді».
Бақыт адамға сезілетін құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ішкі қайшылықтарға 
толы. Этика тарихында бақыттың мəні туралы пікірлер мен көзқарастар өте 
көп. 
Мəдениет 
тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пəн- 
фелицитология қалыптасқан. Маңызды фелицитарлық шығармалар қатарына 
төмендегілер жатады: Аристотельдің «Никомах этикасы», Сенеканың «Бақытты 
өмір туралысы», Ф. Аквинскийдің «Бақыт туралы трактаты», Боэцийдің 


205 
«Философиялық жұбанышы», Августиннің «Бақытты өмірі», Гельвецийдің 
«Бақыт» поэмасы, Л. Фейербахтың «Эвдемонизмі», Дж.С. Милльдің «Еркіндік 
туралысы», Э. Фроммның « Өзі үшін адамы», В. Татаркевичтің «Адамның 
бақыты» жəне т.б. Этика тарихындағы бұл шығармалар бір тақырып 
төңірегінде жазылғанымен, алуан түрлі көзқарастарды ұстанады. 
Бірі бақыт сүйіспеншілікте деп тұжырымдайды. Алайда, бақыттың тез 
өткіншілігі де белгілі. Бақыт жастықта ма? Бірақ, Цицерон кəрілік –
бақыттылау деп есептейді. Көпшілігі бақыт қажеттіліктерді қанағаттандыруда 
деп санайды. Алайда, тойымшылықтан бас тартып, өзін-өзі шектейтіндер 
қателесе ме? Мүмкін достықта болар? Бірақ «достан қашық бол, жауың одан 
қауіпті емес». Білім ше? Бірақ «білім алған адам қашыны да арқалайды». Даңқ? 
Алайда, «даңқты іздеме? Өйткені онда сені кезкелген жағымпаз тауып алады». 
Бақыттың парадокстары көпқырлы. 
Алайда бұл бақыт ұстатпайды жəне теориялық талдауға көнбейді дегенді 
білдірмейді. В. Татаркевичтің пікірінше адамдар бақытты əр қалай түсінеді. 
Негізінен бақытты ерекшелеуге болады. Бұқаралық санада ең кеңінен 
таралғаны: бақыт – бұл сəттілік, кездейсоқтық, бізге бағынбайтын тағдыр 
(«бақыт құсы»). Екіншісі, бақыт – өмірден қанағат, лəззат алу, қуаныш. 
Үшіншісі, бақыт – бұл жоғары игілік пен ізгілікке ие болу. Жəне, ақырғы 
төртіншісі, бақыт – бұл лəззат алу мөлшері де емес, ол бүтіндей өмірден толық, 
ұзақ қанағат алу қайғы-қасіреттер арқылы болмыстың құпия мəніне ие болу. 
Осы соңғысы көңілге қонымды секілді. Бірақ ол да «бақыт формуласын» 
толығымен ашпайды. 
Фелицитарлық идеялардың жалпы мазмұнына үңілсек, ондағы пікірлердің 
қайшылықтарымен қатар, бақыт ұғымындағы жалпы белгілерді де аңғаруға 
болады: 
1) лəззат алудың субъективті көңіл-күйі өз-өзімен бақыттың жеткілікті 
өлшемі бола алиайды; 
2) бақыт ізгілікпен қатар жүреді; 
3) бақыттың объективті өлшемін табуға болады. Платон мұның өлшемі 
ретінде «жақсы адам» идеясын, ал Аристотель «адамның мақсаты» идеясын 
есептеді. Спиноза – адамның өз күшін пайдалана отырып, жаратылысын іске 
асыруы деп санаса, Спенсер – адамның биологиялық жəне əлеуметтік 
эволюциясын атайды. 
Адам бақыты туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады: 
бақыт психологиясы, бақыт аксиологиясы,бақыт социологиясы. Психологиялық 
тұрғыда бақыт позитиві көңілкүй, өмірден лəззат алу, қуаныш пен шаттық жəне 
рақаттану болып табылады. 
Бақыт сезімі бүгінгі күнгі бір оқиғаға байланысты туындаған бір сəттік, тез 
өткінші нəрсе болуы мүмкін. Ол үнемі, тұрақты берік, рухани күштің, жақсы 
келешектің, үйлесімділік пен қанағашылықтың толассыз қуанышы болуы да 
мүмкін. Бақыт сезімі осылажиа адамның өзіне жəне əлемге қатынасының алуан 
түрлілігін білдіреді. Бұл жағдайда бақыт пен қуаныштың арасын ажырату 
маңызды. Олардың айырмашылығы, егер қуанышы жекелеген атқа ғана сəйкес 
келсе, ал бақыт – бұл қуанышты үздіксіз жəне толық сезіну. Бақыт, – Э. 


206 
Фромның анықтауынша, – бұл өмір сүру өнеріндегі кемелдік өлшемі, өзінің 
гуманистік этикадағы мағынасына сай ізгілік.
Адам əрекетінде, əрине, бақыттың тура жəне ашық соңына түсу жоқ. Әр 
түрлі өмірлік мақсаттарды қою жəне оған жету адамды автоматты түрде 
бақытты ете алмайды. Алайда, соған ұмтыла отырып, ол бақытты сезінеді. Бұл 
«қитұрқы стратегия», бақыттың «психологиялық, заңы» болып табылады (Дж. 
С. Милль). Адамда индивидуалдық өмірқамының ішкі құндылық мəнін жəне 
оның соңғы тиімділігін бақылап отыратын ішкі «мүлгімейтін көз» болады .
Алайда, бақыт психологиясы негізінен көңіл-күй айғақтарын айқындайтын 
сипаттаушы терминдерді қолданады. Лəззат алу немесе қасірет бақыт немесе 
бақытсыздықтың ең ең басты көрсеткіштері бола алмайды. Кейбіреулер 
садизмнен, деструктивтіліктен, біреулерді балағаттағаннан лəззат алса, ал 
кейбірі сүйіспеншіліктен, достарымен бөліскеннен, шығармашылықтан лəззат 
табады. Егер бақыт пен бақытсыздық олар туралы біздің сезімдерімізге сай 
болса, онда бұл туралы білмей лəззат алу немесе қайғыру бəрібір лəззат 
алмауды жəне қайғырмауды білдіреді. Егер құлдар қожайыны келтірген 
қасіретін сезінбесе, онда бейтарап адам жалпы адамның бақыты үшін қалай 
құлдыққа қарсы шыға алады? (Э. Фромм). Бақыт та бақытсыздық сияқты 
ақылдың жағдайы ғана емес, бақыт немесе бақытсыздық – бұл бүкіл тұлға 
жағдайының көрінісі. Бақыт сезім мен ойлау күшінің, тірліктің, жемістіліктің 
ұлғаюына сəйкес келеді; бақытсыздық бұл қабілеттер мен функциялар 
əлсіреуіне ықпал етеді. 
Аксиологиялық тұрғыдан алғанда, бақыт – бұл құндылық, адам 
өміріндегі қайырлық өлшемі. Бақыт қайырымдылықты,ізгілікті білдіреді, тек 
сол адам ғана бойында оның болмысы мəні мен байланысты ең жақсы деген 
адами қасиеттерді дамыта алады. Бақыт жекелеген сезімдер немесе белгілі бір 
əрекет емес. Батыс этигі Р. Борроудың айтуынша, адамның өліммен қатынасын 
жəне байланысын бағалауда өз позициясы болуы керек. Егер ол нақты болса, 
объективті мүмкіндіктерге сай болса, онда адам бақыттың үш мəнді шартына 
жетеді: қауіпсіздік, өзін-өзі бекіту жəне ахуалды дұрыс түсіну. Моральдық 
құндылықтар бақыттың тікелей себебі бола алмайды. Өйткені моральды адам 
бақытсыз болуы мүмкін, ол бақытты адам аморальды болуы мүмкін. Бірақ 
құндылықтық дағдарыс рухани-эмоционалды дағдарыспен міндетті түрде 
бірігеді. 
Бақытқа ұмтылу əрқашан да адамдарды біріктіре бермейді, əсіресе біреудің 
бақытсыздығы екінші бақытының шарты болған жағдайларда. Адамдар кейде 
«кішкентай бақытқа» да ырза болады, өзі үшін зиян жəне өзін төмендететін 
жағдайларды, оның нағыз мəнін аңғармай жатып бақыт деп есептейді. 
Адамдардың бақыт туралы көзқарасы мен бақыт ұғымы нақтылық пен 
абстрактылық сияқты ажыратылады, қажеттілік пен мəнділік арасында 
қайшылық туады. Бақыт ұғымы ахуалды алғышарт емес, императивті негіздегі 
идеалдылықты, шынайлықты, толымдылықты білдіреді. Этика адамның пікірін 
«басқашалау» бақытқа толы деп кінəласа, ал адамдарға нағыз бақыт үшін бүл 
берілген өмір сай келмейтіндей болып көрінеді. 


207 
Бақыт социологиясы – фелицитологияның маңызды құрамдас бөлігі. Ол 
адамдар ұмтылатын құрмет, байлық, ұрпақ өсіру, дəулетті кəрілік сияқты 
жалпы белгілі игіліктерді сипаттайды. Сондықтан бақыт социологиясында 
қоғамдық игіліктерге жету жолдары мен құралдары жəне ең алдымен өзінің 
барлық формаларындағы адал, таза еңбек ерекше орын алады. 
Бақыт социологиясы уталитаризм классиктері еңбектерінде кеңінен 
сипатталған. Мысалы, И. Бентам адамды бақытқа жақындататын құндылықтар 
тізімін келтіреді: денсаулық, іскерлік, достық, абырой, билік, адамдық, ізгілік, 
шыдамдылық, қарымқатынас, жұбаныш жəне т.б. Бұл əсіресе өтпелі қоғамдарға 
тəн. Қазіргі адам өзгермелі тағдырға бейімделген өз-өзінен реттелетін 
құрылғымен жəне өзінше еркін толқымалы «психика - гироскоппен» 
қаруланған. Нарықтық экономика мен бұқаралық мəдениет жағдайларында 
өмір сапасы мен өз-өзіңді іске асыру бағаланады. Бұрын ол қоғамның этикалық 
қабатына төн болса, енді бұқаралық сипат алды. 
Жас ұрпақ өмірдің жоғары стандарттарына зор мəн береді, аштық пен ауру 
туралы аз ойлайды. Алайда, ҒТР жəне ақпараттық жарылыс адам өмірі ырғағын 
жылдамдатып жібереді, қақтығыстарды оқшауландыру тетіктері əлсіреді, 
адамгершілік пен экологиялық ахуал шиеленісті. Бұл үдерістің жағымсыз 
салдарлары, дəлірек айтқанда, түңілу, өмірдің маңызды ешнəрсе бермейтіндігін 
сезіну, ерік жұмылысының төмендеуі, уайым, кінəлілік сезімі мен агресивтілік 
адамның бақытты өмір сүруіне кедергілер келтіреді. 
Нарықтық экономика мен адам бақытының өзара əрекеті мəселесі 
этикалық, 
жаратылыстық-ғылыми, 
техникалық 
əдебиеттерде 
кеңінен 
талқыланды. Бақыт – бұл əр алуан қажеттіліктерді өтеуге қабілетті айырбас 
затының пайдалылығы (тауар) жəне «қалтаға салып жүретін» зат (ақша). Өз 
бақытын көбейтіп жəне өзгелерге əкелу адамгершілігі мол адамның қолынан 
келеді. Т. Джефферсонның «Тəуелсіздік декларациясында» былай жазылған: 
«Бақытқа деген ұмтылысты қорғай отырып, мемлекет өз мақсаты бойынша 
адамдардағы кəсіпкерлік рухты, тəуекелшіл дербестік сезімін қолдауы жəне 
қорғауы тиіс, дəл осы бақыт үшін маңызды». 
Қорытындылай келе бақыттың төмендегі құрылымдық элементтерін 
келтіруге болады. Біріншіден, қайғысыз, жоқшылықсыз аурусырқаусыз, 
бəлежаласыз өмірді білдіретін игілікті береке. Екіншіден, қажеттіліктерді 
қанағаттандыру. Қажеттіліктерді өтеу үшін белгілі бір дəрежеде қалыпты 
баланс қажет. Бұл жерде адам меншігі үлкен мағынаға ие болады, онсыз 
еркіндік те, байлық та жоқ. Үшінші элимент – қанағат, ырзашылық. Бұл 
адамның өз қалауына сай өмір сүріп жатқанына ризашылық сезімін білдіреді. 
Төртіншіден, бақыт қуанышсыз болмайды. Адам өз қуанышында ақылын 
да, сезімін де, құндылық спектірін де көрсетеді. Бесінші элемент ретінде өмірді 
адами мəнділік пен міндеттілік тұрғысынан бағалауды айтуға болады. Этика 
өзінің ең басты изгіліктері ретінде бақыт пен қуаныш құндылығын өте жақсы 
негіздей алады, алайда ол адамнан анау-мынау емес, ең қиын міндетті шешуді 
талап етуді де біледі: бұл оның жемісті де толық дамуы.
Ұлы Кантта мынадай тамаша ой кездеседі. «Адамды екі нəрсе жанын 
тебірентіп, шексіз тандандырады: жұлдызды аспан мен ішкі моральдық 


208 
заңдылық шексіздігі». Бірінші шексіздікті адам жаңа кеңістіктерді бірте-бірте 
игере отырып меңгерсе, ал екіншісін ар-ұят дауысына бағыну арқылы игереді. 
Ар-ұят деген не? Ар-ұят өмірдің əр түрлі көріністерінде шатасқан түрінде 
көрінетін феномен. Ар-ұят түрлері мазмұныныңайырмашылықтары бар ма? 
Тарихтың бүкіл өн бойында қарама-қайшы қондырғыларды ұстанатын адамдар 
өз «ар-ұятымыз бойынша» əрекет еттік деп есептеді: Конфуций мен Сократ, 
Заратуштра мен Платон, Иса мен Мұхамед адамдарды руханилыққа, ар-ұят пен 
ар-ождан үніне құлақ түруге шақырса, инквизиторлар мен ксенофобтар, 
басқыншылар мен тирандар, фашизм мен болыневизм фанатиктері де өз ар-
ұяттары бойынша əрекет еттік деп санады. 
Этикалық əдебиет бұл сұрақтарға əр түрлі жауап береді. Сенеканың 
пікірінше, өз этикалық қасиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын 
немесе қорғайтын ішкі дауыс ар- ұятты білдіреді. Стоиктік философия оны 
өзіндік сақтанумен (адамның өз-өзіне қамқорлығымен) байланыстырады. Діни 
философияда ар-ұят құдайдың адамға жіберген ақыл-ойының заңдылығы. 
Фихтенің айтуынша, ар-ұят адамдардың қоғамдық жағдайынша байланысты 
емес, ол ішкі «Меннің» дауысы жəне моральдың нағыз беделі болып табылады. 
К. Маркс бойынша ол ішке қарай бағытталған ашуыза. Ж.П. Сартр ар-ұятты 
адамға қоғам тарапынан қойылатын сыртқы талаптар мен тыйымдарға қарсы 
тұратын ішкі тұлғалық əрекеттің жалғыз аралы деп жариялайды. 
Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық-психологиялық тетігі ретінде 
қоғамдағы моральдың императивті (бұйрықты), байланыстырушы күшіне 
ұқсас. Ол қоғамдық қатынастарда, мəдениетте, əлеуметтік субъектілер əрекеті 
мен өмір сүру тəртібінде объективті бекітілген адамгершілік құндылықтардың 
белгілі бір жүйесін тұлғаның рухани ішкі əлемінде қорғайды. Ар-ұяттың 
адамгершілік- психологиялық ерекшілігі, адамның психикалық өмірінің ең 
алуан түрлі элементтерін органикалық тұрғыда өз құрамына біріктіретін 
бүтіндей механизм ретінде көрінуімен сипатталады. Ол барлық психика 
қабаттарының, өзара əрекеті нəтижесінде қалыптасады: рационалдылықтың, 
интуитивтіліктің, ойлаудың салқын есебі ғана емес, өмірлік тəжірибе 
бейнеленетін субъективизмдер даналығына, моральдық интуицияға сүйенеді.
Ар-ұяттың өзгешелігі қатарына оның тылсымдылығы, бүркемеленуі жəне 
таңдамалылығы жатады. Ар-ұят 

бұл ішкі монолог, кейде онда диалог, тіпті 
көп дауысты дискуссия да жүзеге асып жатады. Ар-ұят дегенің мыңдаған 
куəгерлер. Адам бойында мəңгі оппонент пен мəңгі қорғаушы рухқа ұйқы 
бермей пікірталасып жатады. Адамдағы мəңгі төреші қоғамдық пікірден 
жасырын жатқан нəрселерді көріп, ойлап жəне сезіп отырады. 
Күнделікті 
өмірде ар-ұят сезімі адам қылығы əдеттегі жəне 
«автоматтандырылған» үлгідегі шеңберінен шығып кеткен кезде қосылатын 
өзіндік адамгершілік компас рөлін атқарады. Әрине, ар-ұят барлығын 
қамтитындай құдіретті емес. Адамгершілік компромисс жағдайында немесе 
адамгершілікке жатпайтын сарындар басым болған жағдайында еркін таңдау 
мүмкіндігі бар кезде ар-ұят өз бойына өзге текті сіңіріп, өзін-өзі мүжуі, əдетте, 
бастапқыда адамгершілікке жатпайтын қылықты сезінумен сипатталады, уақыт 


209 
өте келе тұлғаның өзі жасықтанып, адамгершілік атрофия жолымен жүреді 
жəне өз қылығын моральдық реттеу щеңберінен сырт қалады. 
Ар-ұят адамның ішкі дауысы, «қайырымдылықты іштей анықтау үдерісі» 
(Гегель) болғанымен, ол жан-жағын аңғаруы тиіс. Мынадай қайшылық болуы 
мүмкін: моральға жатпайтын қылық білместікпен сипатталатын адамгершілік 
максимализм күшімен таңдалуы мүмкін. Ақиқат пен жоғары адамгершілік 
талаптар үйлесімдігінің өзі де «ар-ұятқа сай қылықты» еркін талдауға кепіл 
бола алмайды. Еркіндік пен демократия жойылып, сыбайлас жəне бюрократтық 
күштер үстемдігі жағдайында индивид міндетті түрде қуыршақ рөлінде 
көрінеді. Мəдени аномалия, қоғамның маргиналдануы мен люмпеңденуі 
жағдайында оның мүшелерінің ар-ұяты ұйқыға кеткен тəрізді болады... Ар-
ұятсыз билік – бұл өзін-өзі жоятын билік. Ал оның деструктивті табиғаты 
адамдарға шексіз зиянын тигізеді. Тирандар мен баскесерлердің ең тиімді 
ақталуы – «заманның қаталдығына» сілтеме жасау. Қандай да бір «эталондық 
топтық» үлгілері деңгейіне дейін моральды төмендету ар-ұяты бар адамдарды 
қудалаумен тікелей байланысты. Жалған жүйеде адал адам аномалия тəрізді 
көрінеді. Тоталитарлық жəне сыбайлас қоғамдардағы нақты практика мұның 
мысалдарына толы. Жалпы «қолдаймыз» жағдайы ар-ұятқа аномалиялық 
құбылыс ретінде төзбейді. Айуандық, садизм, демагогия, егер осылардың 
көмегімен қара бас мүдделеріне септігі тиіп жатса, қайсыбіреулерді қуантады. 
Сонымен қатар өзгелердің адал жəне бақытты өмірі қызғаныш пен көре 
алмаушылық туғызуы мүмкін. Көптеген «тарихи қайраткерлкр» мен «халықтар 
өкілдері» қоғамдық пікірді бағындыру арқылы өздеріне қолайлы моральды 
қалыптастыруға ұмтылады. Көбіне бұл мораль «көсемдік» үлгілер мен 
утилитарлы мақсаттарға қызмет ететін есепке құрылған мораль. Олар үшін ең 
бастысы – имансыздықтың жалпы фонында оңай қол жеткізуге болатын жақсы 
көріну жəне мақтау есту. 
Посттоталитарлық қоғамдағы адамгершілік ахуалды таңдау үшін
Э. Фроммның авторитарлы жəне гуманистік ар-ұят туралы ілімі өзекті болып 
табылады. Оның анықтауынша, авторитарлық ар-ұят – бұл сыртқы беделдің, 
ата-ана, мемлекет беделінің немесе қандайда бір мəдениеттегі бедел 
болатынның дауысы. Бұл жерде ар-ұят туралы айтудың өзі қиын; мұндай 
қылық сəт талабына жай ғана сəйкес келеді, жазалану қорқынышымен жəне 
марапатталу үмітімен көрінеді. Әрқашан белгілі бір авторитеттер тегеурініне, 
олардың жазалауға, марапаттауға деген нақты немесе жалған мүмкіншілігіне
тəуелді болады. Көбінде жұрт бойында ар-ұяттан туындайтын, өздері кінəлілік 
сезімі ретінде қабылдайтын көңіл күлер авторитет алдындағы қорқыныштан 
өзге ештеңе де емес. Ең маңыздысы, авторитарлық ар-ұят қағидалары адамның 
өз құндылықтық пікірлерімен анықталмайды, авторитеттер бұйрықтары мен 
тиымдары арқылы анықталады.
Авторитарлы ар-ұяттың екі түрі бар. Таза ар-ұят – бұл авторитет саған 
ырза деген сана; кінəлі ар-ұят – «Ол» саған ырза емес деген сана. Таза 
(авторитарлық) ар-ұят игілікті жағдай мен қауіпсіздік сезімін тудырады, 
өйткені ол авторитет қолдауын жəне оған жақындығын білдіреді. Кінəлі ар-ұят 


210 
қорқыныш пен үміт үзушілікті тудырады, өйткені ол авторитет еркіне қарсы 
əрекет жазалану қауіпіне əкеледі. 
Бағынбау басты күнə, ал тіл алғыштық басты ізгілікке айналады. Бас 
шұлғушылық авторитеттің жоғары билігі мен данышпандығын, оны өз еркі 
бойынша бүйыру, марапаттау жəне жазалау құқығын мойындауды білдіреді. 
Авторитет өз бұйрықтары мен тыйымдарын, марапаттаулары мен 
жазалауларын түсіндіруге дейін төмен түрсе алады, бірақ индивидтің 
авторитетке еш сын айтуға құқығы жоқ. Индивидтің сын айтуға батылы 
жеткендігінің өзі айғақ ретінде оның кінəлілігінің дəлелі болып табылады. 
Авторитеттің прерогативі қандай болмасын, мейлі ол Ғаламның билеушісі 
немесе тағдыр жіберген халықтың əкесі болсын, олардың жəне адамдардың кез 
келгені арасындағы түбірлі теңсіздік – міне, авторитарлы ар-ұяттың негізгі 
догматы осы. 
Авторитарлы ар-ұятпен салыстырғанда гуманистік ар-ұят – бұл сыртқы 
санкциялар мен қолдауларға бағынбайтын жəне əрбір адамға берілген біздің 
өзіміздің жеке дауысымыз. Ол ар-ұяттың дұрыс қызмет етуі немесе оның 
бұзылуына біздің бүкіл тұлға-тұрқымыздың жауабы. Ар-ұят адам мақсатының 
орындалуын бағалайды, ол өмір өнеріндегі табыстарымыз бен шалыстарымыз 
туралы хабар беріп отыратын біздің бойымыздағы ақпарат. 
Сонымен, ар-ұят - бұл біздің өзімізге беретін жауабымыз. Бұл бізден жемісті 
өмір сүруден, толық жəне үйлесімді дамуды талап ететін біздің нағыз 
«Меніміздің» дауысы. Бұл біздің адалдығымыздың қорғаны, өзімізге тұра алу 
қабілеті, тіпті өзімізге «Иə!» деп тəкапарлықпен айтуға мүмкіндік беретін 
қабілет. Жеке ар-ұятымыздың дауысын есту үшін, біз өзімізді тыңдауымыз 
керек, ал бұл біздегі мəдениет адамдарының көпшілігі үшін қиынға соғуда. Біз 
өз дауысымыздан гөрі, өзге дауыстардың қандайына болмасын құлақ түреміз. 
Үнемі кино, газет, радио, бос мылжың сөздермен толтырылған пікірлер мен 
идеялар қоршауындамыз. Көбіне біз өз-өзімізбен жеке қалуға қорқамыз. Біз ең 
жағымсыз көпшілікпен, мəнсіз-мағнасыз уақыт өткізуді қалаймыз. Біз өз-
өзімізбен бетпе-бет келу келешегінен қорқатын сияқтымыз. Өзіңмен жеке 
қалудан қорқу – бұл жалығу сезімі болар шамасы, бір мезгілде өзіңе сондай 
таныс əрі сондай бөтен адамды көруден туындайған қобалжу күйіне ұқсас, біз 
шатасамыз да аулаққа қашамыз.
Ар-ұят ұғымы, егер берік өмірлік сенімі болмаған жағдайда, бай жəне 
игілікті адамдарда өте тайғанақ болуы мүмкін. Дəулеті енді құрала бастаған 
адам мен байлыққа тойынған адамның ар-ұят туралы ұғымы əр түрлі болуы 
ықтимал. Адамның ар-ұяттылығының маңызды элементі бала кезден басталған 
тəрбие болары хақ. Оған оны қоршаған орта, сол ортаның психологиясы мен 
құндылықтық бағдары зор ықпал етеді. Сондықтан да, іскер адамдар маман 
таңдағанда бұл адамның ар-ұятына өсер ететін факторларды ескеруі қажет. 
Ар-ұят ұғымына тарихи кезең, ұлттық, территориялық, климаттық 
ерекшеліктер де орасан ықпалын тигізеді. Ар-ұят ұғымының қазіргі кезең мен 
өндірі үдерісіне машиналар, механизмдер енді ене бастаған XVIII-XIX 
ғасырлар арасында айырмашылығы бар екендігін де ескерген жөн. Француздар 
мен қазақтардың неке қатынастарында да ар-ұят ұғымы бір-бірінен 


211 
айырықшаланады. Алғашқылары үшін бөлелер (кузендер) арасындағы неке 
қалыпты болып саналса, қазақтар үшін мұндай неке қан алмасушылыққа жол 
берген ұятсыздардың ісі. Шығыс халықтарына тəн ар-ұяттылық батыс елдері 
халықтары пікірімен үнемі сай келе бермейді. Сондықтан да, адамгершілік 
қатынастарда əрқашан бұл факторларды ескеріп, əдеп-ғұрыпқа құрметпен 
қараған жөн. 
Адамның рухани өмірінің практикалық көрінісі болып табылатын 
адамгершілік санада ғана адам тиістілік сезімін сезініп, өз өмірінің абсолютті 
мұратын саналы түсініп, өзінің эмпирикалық табиғатынан жоғары көтеріліп 
самғай алады; бұл самғау – адамның нағыз мəні. Бұл мəн қоғамдық 
болмыстың адамгершілік немесе адамгершілік-құқықтылық сипатында (жалпы 
кең мағынада) көрініс табады. Жоғары да біз моральды қоғамдық бірлікті 
ұйымдастырушы ретінде қарастырдық. Енді біз моральдық бастаудың тамыры 
мен мағынасын анағұрлым тереңірек қарастыруға жақын келдік. Неліктен 
адамзат қоғамын адами қатынастардағы тиістілікті анықтайтын жəне оларды 
бұзуға болмайды деп танитын моральсыз, нормаларсыз елестетуге болмайды? 
Себебі билікті бұйыру (биліктің өзі сияқты), адамдар арасындағы келісім, факт 
ретінде ғана немесе таза эмпирикалық күш ретінде қабылданғандықтан емес, 
керісінше адам бағынуға тиісті құқылы əлдене ретінде, инстанция ретінде 
қабылданғандықтан ғана құқыққа негіз бола алады. 
Ұят туралы ұлы ақын өзінің отыз алтыншы сөзінде адамдарда екі түрлі 
ұяттың болатынын келтірді. Біріншісі – надандық та-ұят. Оған жастардың 
ұялмас нəрседен ұялуын жатқызады. Екіншісі – адамдық қасиеттен туындайтын 
ұят. Бұл ұятты ақын былай танытады: Ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір 
бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұндай ұят қылық 
жасағаныңды жұрт білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен 
ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. 
Абай мұндай ұятты өте жоғары бағалады. Бұл-адамның өзіне-өзінің қатаң 
жазасы екенін, осыны түсінген адамның, басқа біреудің жасаған ұятты 
қылығын, қайталамайтындығына көз жеткізеді. Бұл ретте бірінші қоятын 
талабы-мораль жағынан ұстамды таза болу. Адам басқаға үлгі болу үшін, 
басқаға тəрбие беру үшін, ең алдымен моральдық жағынан өнеге 
көрсетерліктей болу керек. Бұл тұрғыдан ақын алдымен, сыпайы мінезді, жақсы 
құлықты, əділетшіл, шыншыл болуды ұсынады. Жаман мінездер мен 
əдеттерден, «əдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұраншақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, 
кеселді осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып» өзін одан жоғары санап, 
ондай қылықтарды басына лайықсыз көрсе ғана адам парасатты болады,– дейді. 
Мұндай мінездер, «ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі». Бұл 
мінезді бойына тұтқан жақсылар мақтанғаннан аулақ, өзімді жаман дегізбесем 
деп азаптанады, соңынан сөз ерітпейді. Ал мақтан сүйгіштер: Демесін демейді, 
десін дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, əрдайым не түрлі 
болса да десін деп, азаптанып жүріп, демесінді ұмытып кетеді. 
Жақсы мінез, жақсы қылық қандай болу керек дегенде Абайдың қоятын 
екінші талабы – тұрақтылық. «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде 


212 
тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты 
бар болсын».
Қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды түсінік – ар. 
Жоғарыда аталып өткендей, ұят – арға апаратын төте жол. Қазақ халқының ар 
туралы түсінігінің түйіні «Малым жанымның садағасы, жаным арымның 
садағасы» деген мақалында берілген. Шəкəрім жалпы этиканы «ар ілімі» деп 
атаған. 
Халық – ұяла біл, бірақ ынжық болма деп үйретеді. Ал ұятсыздық ел 
ұғымында адамгершілік қалыпты бұзудың ең дөрекі түрі, имансыздықтың бір 
көрінісі. Ол арсыздықпен астарласып жатады. Арсыз адам-халыққа қасірет 
əкелетін, ұлттық намысқа дақ салатын кісілігі жоқ, адамдық қасиеттен жұрдай, 
қуыс кеуде. Ғылыми əдебиетте ар негізінен адамның өзіне қойған талабы, өзіне 
адамгершілік тұрғысынан баға беру деп анықталады. Халықтық түсінікте ар 
адамдық абыройды жоғары деңгейде ұстап тұруға бағытталған тетік. «Жарлы 
болсаң да, арсыз болма!» – дейді қазақ мақалы. Авторитарлық жəне гуманистік 
ар жөнінде сөз бар. Авторитарлық ар иегері біреудің беделінің тасасында 
жүргенді қалайды. Гуманистік ар тұлғасы жауаптылықты өзіне алады, яғни өзі-
өзін таңдайды. Кейбір зерттеушілер қазақтың дəстүрлі қоғамында «Мендік» 
сезім болған жоқ, онда тек рулық адам болды дейді. 
«Өзін білу, өзін-өзі дөп басып тану жанның тереңдігін тілейді. Мен мен 
менікінің мағынасы екі деп Абай айтқандай, мен дегеннің мағынасы əртүрлі. 
Адамда меншіктік мен бар, мендік мен бар, əлеуметтік мен бар. Біздің менікі 
деп меншіктеп жүрген денеміз (тəніміз) меншік мен, менікі жалғыз денемен 
тəмам болмайды. Менің үй-ішім, əке-шешем, олардың қызығы, қуанышы, 
қайғысы, менің де қуанышым, менің де қызығым. Ендеше олар да «меншік 
мен», киетін киім, тұратын үй, кітабым, сайманым, тағы маған меншікті 
мүліктің бəрі – меншік менге жатады. Жалпы көпшілік өмірде меншік менді 
артық көреді, соны бағалы санайды. 
Айналамыздағы дүниені мен не деп ұғамын? Не деп танимын? Өзіммен 
өлшесем, олар сыртқы зат. Бұл – əлеуметтік мен болады. Бəрінен жоғары 
санайтынын мендік мен бұл менің ішкі өмірім, менің жан дүнием, рухым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет