Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


 Адам құқықтарын философиялық талдау



Pdf көрінісі
бет82/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
10.2 Адам құқықтарын философиялық талдау 
Адам құқықтары – туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз 
құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жəне кез келген 
өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен 
саяси бостандықтарды, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтарды, 
сондай-ақ қауымдар құқықтарын (балалар, əйелдер, ұлттық азшылықтар, 
халықтар жəне т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы 
бойынша əрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар 
деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам 
құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет 
қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары. 
Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерінен 
қайталанып отырған байланыстар мен қатынастар нысандарынан қалыптасқан. 
Осылардың нəтижесінде адамдардың қарым-қатынастарын тəртіпке келтіре 
алатын белгілі бір тұрақты нормалар, эталондар, құндылықтар пайда болған. 
Әрбір адам белгілі бір материалдық жəне рухани игіліктерді иемденуге 
талаптанады, ал оларды иемденуге қоғам мен мемлекет көмектесуі керек жəне 
осы игіліктер көлемі тарихи тұрғыдан əрқашанда қоғамның сыныптық 
құрылымындағы, материалдық өндіріс жүйесіндегі индивидтің жағдайымен 


234 
белгіленіп отырады. Индивидке берілетін осы игіліктерді адам құқықтары деп 
атауға болады. 
Адам құқықтары мəселесі əрқашанда қоғамдағы адам орнын белгілейтін 
құқықтарды иемдену үшін, олардың көлемін кеңейту үшін жүргізілетін 
сыныптық шайқастар мəселесі болған. Тарих көрсететіндей əр ұрпақ адам 
құқықтарын қайта қорғауға мəжбүр болады, адам құқықтары мен 
бостандықтарын қорғау жəне қолдау үшін күш қажет болмайтындай жағдай 
адамзатқа кездескен емес. Әр ұрпақ адам құқықтары мен бостандықтары 
сияқты ұлы құндылықты қорғауға байланысты тарихтың шақыратын мəңгілік 
жекпе-жек шайқасына шығады.
Адам құқықтары ең жоғары мəдени құндылықтардың бірі, өйткені олар 
барлық қоғамдық даму процестерінің ортасына тұлғаны қояды, оның еркіндігі 
мен тең құқықтығын белгілейді. 
Адам құндылығының идеясы ежелгі қоғамда айтылған еді жəне, егер 
басында бастапқы негіз ретінде полис қарастырылған болса, эллинизм 
дəуірінен бастап ол индивидке ауды. Феодализмде діни сана адам даралығынан 
басым түссе, жаңа дəуірде мəдениет адамды қайтадан барлық заттың 
өлшегішіне айналдырды.
Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі либерализмнен бастау алады, ал оның 
көрнекті өкілдері Локк, Гроций, Монтескье, Джефферсон, Смит, Милль жəне 
т.б. болған. Осы ғұламалар адамның өмір сүруге, қауіпсіздікке, еркіндікке, 
езушілікке қарсы қарсылық көрсетуге жəне т.б. іргелі құқықтарын мемлекеттен 
тəуелсіз жəне онымен қорғалуға тиісті адам жүріс-тұрысының табиғи, 
ажырағысыз жəне қасиетті нормалары ретінде негіздеген еді. Бұл жағдайда 
адам құқықтарының табиғи, жаратылыс сипаты дегеніміз олардың адам 
туылғанынан пайда болуы, адам құқықтарының ажырамасыздығын жəне 
оларсыз индивидті қоғам мүшесі, нағыз əлеуметтік субъекті қылатын ерекше 
адамдық қасиеттерден айырылу қатері пайда болатын олардың индивидке тірі 
жан ретінде тəн болуы, ал адам құқықтарының қасиеттілігін оларды ең жоғары 
құндылықты мəртебе ретінде қарастырғандықтан сыйлау, құрметтеу жəне 
оларға табыну деп түсінуімізге болады. 
Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің 
құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз 
болған 1776 жылғы тəуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сəл кешірек
адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат
құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді.
Адам құқықтары категориясы – индивидтің құндылығы жөнінде, тұлға 
еркіндігін қамтамасыз ететін құқық пен оның негізінде құрылған тəртіп 
жөнінде көзқарастарды қалыптастырған жоғары гуманистік мəдениетті 
туындатқан христиан дініне негізделген европалық өркениеттің даму нəтижесі 
екенін айтып кеткеніміз жөн. 
Сонымен қатар, өзге де, батыстық емес қоғамдарда адам құқықтары 
жөніндегі идеялардың бастамалары қалаптасқан. Мысалы, қазақ даласында 
белгілі бір көшпенді демократия болған, оның негізгі белгілері – индивидтің 
қатал жауыздық (деспоттық) ережелермен езіліп байланбауы, əйел адамның 


235 
белгілі бір дəрежедегі еркіндігі жəне теңдігі, ежелгі жəне орта заманның 
отырыңқы егіншілік өркениеттеріне тəн билікке құл ретінде тізе бүгушіліктің 
болмауы. 
Қазақ хандарының билігі ешқашанда қатал жауызды, (деспоттық) 
болмаған, ал көшпенді тайпалар жүз немесе ру басшылырымен келіспеушілік 
болған жағдайда əрқашанда басқа жерлерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие 
болған. Адам құқықтары Тəуке ханның Жеті Жарғы деп аталған заңдарында 
реттелген, онда индивидтің жеке (азаматтық) жəне экономикалық құқықтары 
көрініс тапқан. Қоғамның кейбір мүшелеріне берілген саяси құқықтар ханды 
сайлау институттарынан көрініс табады.
Билер иститутының маңызы зор болған, олар жеке жəне ұжымдық 
дауларды шешу бойынша сот-əкімшілік қызметті атқарған еді жəне бұл 
институттың демократиялық сипатын би атағы тұлғаның тек халық арасындағы 
беделі негізінде берілетіндігінен көруге болады. Тарихтағы Әбілхайыр ханды 
өлтіргені үшін Барақ сұлтанды билердің соттау фактісі ақсүйектердің 
сотталудан иммунитеті болмағанын көрсетеді. Қазақ жерін патшалық режим 
отарлағаннан кейін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың дəстүрлі 
құрылымдары бірте-бірте жойылды.
Сонымен қатар, егер индуизм өркениеті туралы айтатын болсақ, оның 
негізіндегі барлық қоғамдық өмірді егжей-тегжейлі реттейтін ережелер жүйесін 
құрайтын индуизм діні белгілі бір жүріс-тұрыс жəне өмір сүру қалпын белгілеп, 
əдет-ғұрыптар мен дəстүрлерді саналы түрде бағалауға мүмкіндік бермейтін. 
Басқа да əлеуметтік себептермен бірге (экономикалық жəне ұлттық 
шашырандылық, қауымдардың тұйық оңашалануы) бұл – қауымның, 
"кастаның" шартсыз билігін көріп отырған адамның мақрұм қалуына үлкен əсер 
жасады.
Ислам негізінде діні жатқан мұсылман өркениетінде тұлғаның жұріс-
тұрысын реттеудің мақсаты – "діндарлар" мүддесін, жалпы ислам мүддесін 
қамтамасыз ету. Өзін осыған қарсы қойған адам ислам дінінен жаңылған 
болып саналып, ауыр жазаланған. Мұсылмандық құқық діни сипатқа ие 
болғандықтан оның нормаларын сақтау "діндарлар" үшін діни міндет болып 
табылады. Мұсылмандық құқық мұсылмандардың тек сыртқы жүріс-тұрысын 
ғана емес, оның негізіндегі ішкі себептерді де егжей-тегжейлі реттеуге 
бағытталған. Бұл болса ислам ережелеріне сүйенген қауымға индивидтің өз еркі 
бойынша, саналы түрде бағынуын белгілейді жəне сол кезде бұл "мемлекетке 
сенушілік" болып та табылады. Ислам мəдениеті бойынша индивидтің билікке 
деген талаптары ретінде адам құқықтары идеясын қалыптастыру діни 
ережелерінің мызғымастығына қол сұғушылық болып табылар еді.
Сонымен, еркіндік пен адамның даралығы идеясын қалыптастырған 
христиан дінінің негізіндегі европалық өркениет қана индивидке барынша 
таңдау еркіндігін беріп адамды басшылық ететін ілімнің негізін қалады. 
ХV –ХVІ ғасырлардан бастап, адам құқықтары мемлекеттердің екіжақтық 
шарттарында бекітіле бастады, ал ХХ ғасырда адам құқықтары бойынша 
көпжақтық келісімдер де қабылданды. Адам құқықтарын қорғауға арналған 
алғашқа халықаралық шарттар діни азшылықтарды қорғау жөніндегі европалық 


236 
елдердің екіжақтық келісімдері еді. 1815 жылғы Вена конгресінде поляк 
азшылығының құқықтарына кепілдік беретін, яғни діни емес, ұлттық 
азшылықтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат қабылданды. Сонымен 
бірге, осы конгресте европалық мемлекеттер алғаш рет негрлерді сатуды жою 
туралы Декларацияны қабылдады жəне бұл құжат бойынша осындай əрекеттер 
абыройсыздық болып танылып, мемлекеттерден осы тəжірибені тоқтату талап 
етілді. 
Ұлттар Лигиясының шеңберінде халықтың ең осал топтарының бірі –
ұлттық азшылықтарды арнайы халықаралық қорғау жүйесі алғаш рет 
орнатылды. Бірақ, қорғау механизмінің ойластырылмағандығынан, сондай-ақ 
осы саладағы Ұлттар Лигиясы мүшелерінің міндеттер көлемінің теңсіздігінен, 
бұл жүйе құрушылырдың үмітін ақтамады. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылғаннан кейін адам құқықтары осы 
ұйым қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды. БҰҰ Жарғысында адам 
құқықтарына біраз көңіл бөлінген. Мысалы, бұл құжаттың кіріспе бөлімінің 
өзінде БҰҰ-ң негізгі мақсаттарының бірі ретінде "адамның негізгі 
құқықтарына, адам баласының абыройы мен қадір-қасиетіне, ерлер мен 
əйелдердің теңқұқықтығына жəне үлкен мен шағын ұлттардың теңдігіне 
сенушілікті қайта бекітуге" белбайлаушылық белгіленген. Осымен бірге, 
Жарғының 1 бабы БҰҰ-ң басты мақсаттарын айқындай отырып, солардың 
ішінде нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет