Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991.- 384 б.)



Pdf көрінісі
бет87/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991.- 384 б.)
Қазақ ағартушылары мен ұлт-азаттық қозғалысының өкілдері «исламға 
қарсы болдың деген келте ұрым əлі күнге дейін бой көрсетіп келеді. Шын 
мəнісінде, Ыбырай Алтынсарин мұсылмандық мəдениетте халыққа түсіндіру 
мақсатында 1884 жылы Қазақ қаласында «Ислам Шариатың атты кітабын 
шығарды, Абай имандылық, адамгершілік жəне мұсылмандық туралы 
тақырыпқа жиі оралып отырды. Басында исламға өзінше сырттай «қамқорлық» 
жасап келген патша əкімшілігі кейін исламды қудалау саясатына көшті. Қазақ 
зиялылары бұл саясатқа қарсы тұра білді. Мысалы, Шəкəрім Құдайбердіұлы 
қазақ тілінде «Мұсылмандық шарты» атты еңбегін жариялады. Шəкəрім 
ықшамдаған мұсылмандық ілім қағидаларында екі нəрсе қатал сақтанған: а) 
қазақы салт-дəстүр мен исламдық нормалардың арасындағы үйлесімдік; ə) 
жалпыадамзаттық мораль құндылықтарының əмбебаптылығы. Шəкəрім 
еркіндікті жақсылық пен жамандықтың арасындағы таңдау деп қарастырады. 
Ресейге бодандық жайдағы қазақ халқы үшін ислам мəдени қорғаушы қызметін 
атқарды 
(Ғарифолла Есім. Қазақстандық өркениет және өркениеттік сана
//Жаһандану контексіндегі Қазақстандық өркениет және мәдени айқындалу 
жолдарындағы ізденіс: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы,
2003. – 338 б.) 
Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысында империялық нормаларды қабылдамау 
жəне төл мəдениетке қатысты құндылықтарды заман талабына сəйкестендіруге 
бағытталған ұмтылыс үлкен рөл атқарды. 
XX ғасырдың басында ағартушылықпен қатар жəдидшілдік пен «түрікшілдік 
идеясың (пантюркизм) кең тарай бастады. Пантюркизм идеясының 
партикулярлық (оқшаулық) белгілері болғанымен, бұл ұстаным исламмен қатар 
қазақ халқының өзіндік санасында этникалық ассимилияцияға қарсы қорған 
есебінде болды. Яғни түрікшілдіктің мəдени маңызы осында деп айта аламыз. 
Егер М.Шоқаев, «түркістаншылдық» идеясының қазақ мəдениеті өзіндік санасы 
мен бірегейлігін қалыптастырудағы рөліне оралсақ, онда оны «Қазақты оятқан 
адамдар» қатарына қосу керектігін атап өткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет