Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет88/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130
Философия Оқулық (3)

жөн (Шоқай М. Таңдамалы. – 
Алматы, 1998. – 1-т. – 176 б.) 


243 
Ұлт-азаттық қазақ мəдениетінің саяси ұйымдасқан құрылымы «Алаш» 
партиясы екендігі белгілі. Енді осы саяси партияның бағдарламасына көңіл 
бөлейік. 
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның 
құрамындағы əрбір мемлекет тəуелсіз əрекет етеді. 
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік 
Республикасының құрамды бөлігі болып табылады. 
3. Ресей Республикасында тең праволық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар 
еріктігі болады. 
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы, қазақтардың 
өзіндік мүфтийлігі болуы керек. 
5. Билік пен сот əр халықтың ерекшеліктеріне сəйкес құрылуы қажетті, би 
мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті. 
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу 
тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта жəне жоғары оқу орындары, 
университеттері де болуы керек
(Алаштың саяси бағдарламасы // «Қазақ», 1917, № 
238, 31 маусым). 
Алайда тарих қисыны бойынша бұл бағдарлама іске аспай қалды. 
Қазақтың төлтума мəдениеті Қазан төңкерісінен кейін жаңа жағдайға душар 
болды. Енді 70 жыл қазақ мəдениеті өз басынан өткізген социалистік идеяның 
ұлттық мəдениетке қатысты қағидаларына назар аударайық. Бірден тосын 
жағдай назарды аудартады. Социалистік мəдениет дегеніміз жалпы ұлттық 
құндылықтарды жоюдың сатысы ретінде қарастырылады. 
Кеңес Одағы ұлттық аймақтарда дəстүрлі этномəдениеттерді шектеу 
бағытында мынадай іс-шаралар жүргізді: 
1. Халықтың мəдени мұрасы екі бөлікке бөлінді: «үстем тап өкілдері 
жинақтаған кертартпа əдет-ғұрыптар» жəне «қаналушы таптардың моральдық 
ұстындары». Алғашқылары «революциялық құқық» дегеннің атымен заңсыз 
деп жарияланды. 
2. Атеистік идеология тұрғысынан канондық-құқық пен мораль мүлдем 
теріске шығарылды. 
3. Адам құқықтары идеясы (табиғи құқық) «буржуазиялық наным» болып 
жарияланды. 
4. Сталинизм нығайғаннан кейін «тап күресі одан сайын шиеленісе береді» 
дегенді желеу етіп тоталитарлық жүйе қызметінде əдет-ғұрып нормаларымен 
күресу сарыны жəне бағыты күшейе түсті, сөйтіп ол əдет-ғұрып нормаларын 
пайдалану ісін жоққа шығарып қана қоймай, ұлттық сана мен психологияның 
ерекшелігін көрсететін көпшілік сана мен психологияны есепке алуды да жоққа 
шығара бастады. 
5. Қазақтардың көпшілігі ауылда тұрғаны белгілі жəне көшпелілік 
жағдайда өмір сүрген. Отырықшылық мəдениетке ауысу Кеңес Одағында 
дəстүрлі ұлттық мəдениеттердің тамырына балта шапқанмен бірдей болды. Біз, 
əрине, көшпелілікте қала беру керек еді деп отырғанымыз жоқ. 
Тоталитаризмнің негізінде орталықтық ұстанымды қолдау жатты. Яғни 
қоғам мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылды. Бұл жүйеде адам 


244 
құқықтары кейін шегіндірілді. Мақсат барлық құралдарды ақтауға себеп бола 
алды. Социалистік қоғамның мəдени негізінде теріс таңбалы сенім мен наным 
жатты. Бұл жүйеде партияның қаулысы құдай сөзі іспеттес болып келеді. Дүние 
күйіп кетсе де нұсқау-инструкция орындалуы қажет. Сөз жүзінде құдайды 
терістегенімен, социалистік жүйеде діннің барлық белгілері болды 
(пайғамбарлар, рухани көсемдер, идеологияны жүзеге асырушылар т.т.).
Тəуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясы тек бүгін пайда болған жаңалық 
емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі 
болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты 
бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея қалыптастырып, 
бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру.
Еліміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында аталып өткендей, Ел 
болашағын тереңнен ойлай білу үшін ұлттық идеяның өзегі ретінде қазақтың 
тілін, рухын, мəдениетін көтеру міндет. Тəуелсіздік алғаннан бері 
Қазақстанның негізігі идеясы – Ел Тəуелсіздігін баянды ету, халықтық, ұлттық 
бірлікті нығайту, əлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту, көрші 
елдермен тату-тəтті өмір сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты 
аса маңызды мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің 
тəуелсіз ұлттық идеяның ауқымы 2050-ға дейін аралықты қамтып жатыр.
Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып келген 
игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-əр 
кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр халықтың өркениет 
əлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып қалыпты жағдайда өмір сүруін 
қамтамасыз етеді. Біздің əлемдік өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. 
Бұл орайда əлемдік өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен 
елдердің тəжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың 
маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дəстүрімізге сай халықтық 
қалпымызға оралып, əлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің де 
өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті биігіне 
көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған көптеген шаралар 
жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ халқының рухани 
түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни 
жəне тілдік сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша 
сезіле бастады.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақстанның саяси тəуелсіздікке қол 
жеткізуімен қазақ халқының қоғамдық санасындағы орын алған түбегейлі 
өзгерістер тарихи тағдырдың тəлкегімен ұмыт болған ұлттық дəстүр мен 
мəдениетті қайта жаңғыртуымен сипатталды. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық 
пен тоталитаризмнің ықпалымен мəдени деградация мен трансформацияға 
ұшыраған ұлттық мəдениетті қайта өркендету мемлекеттік деңгейде төмендегі 
міндеттерді шешуді жүктейді: ең алдымен ұлттық мəдениеттің негізін құрайтын 
түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын 
ұлттық тіл мен дəстүрді қайта жаңғырту; осы уақытқа дейін тыйым салынып 
келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы 
қалпына келтіру, тарихи сананы қалыптастыру арқылы мəңгүрттік жағдайдан 


245 
арылу; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мəдени-
рухани мол мұрасын игеру.
Отыз жыл ішінде елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, 
дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық 
қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік 
экономикада өз орны бар бəсекеге қабілетті елге айналуда. Осы отыз жыл 
ішінде жеке адамның, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары заңмен 
қорғалатын, демократиялық институттар мен құндылықтар орныққан ашық 
қоғам құру ұстінде. Сонымен бірге қазақстандықтар бұрыңғы қасаң идеология 
шырмауынан арылып, шынайы құндылықтар мен мұраттарды қастерлейтін 
тұтас бір жаңа толқын өсіп жетілді, отыз жыл ішінде қазақ халқының ұлттық 
санасы мен дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің 
бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дəстүрлерін құрметтеу, ұлы 
тұлғалары мен ойшылдарын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани жəне мəдени 
қазынасы əлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар 
атқарылды. 
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды модерндеу барысында 
туындаған қайшылықты үдерістерден, Г. Шалабаеваның пікірінше, мынадай 
тұжырымдар жасауға болады: «бүгінгі күні қоғамды жаңарту үшін жаңа 
технологиялар мен жаңа саяси жəне əлеуметтік құрылымдар қалыптастырумен 
салыстырғанда, рухани факторлардың маңызы бір де кем емес; қазіргі 
модернизация – ішкі де сыртқы да, төлтума да, кірме де факторлар өзара 
əрекетке түсетін қоғам өзгеруінің күрделі əрі қайшылықты тəсілі; модерндік 
өзгерістердің нəтижесінде қазақстандық əлеумет үшін мəдениетті өндірудің, 
таратудың жəне сақтаудың жаңа типі пайда болады» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет