Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет89/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   130
Философия Оқулық (3)

Шалабаева Г.К. Постижение 
культуры: мировоззренческие парадигмы и исторические реалии Казахстана. – 
Алматы: Ақыл кітабы, 2001. – 420 с.).
Тарихта саяси тəуелсіздікке ие болғанымен, өз халқының əлеуметтік 
мəселелерін шеше отырып, əлемдік экономикадан өз орнын да тапқан елдер 
некенсаяқ, көпшілігі экономикалық тұрғыда сол бұрынғы метрополияға тəуелді 
болып қала береді. Қазақстан Республикасы тоталитаризм шырмауынан босап 
шығысымен өзінің тарихи таңдауын нарықтық қатынастары бар мемлекет 
құруға бағыттады. Бұл таңдау ескі кеңестік жүйенің қондырғыларынан арылып, 
мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын реформалауды талап етті. 
Экономикалық тəуелсіздікке жетуді көздейтін бұл реформалардың іске 
асырылуы мемлекетіміз бен халқымыз үшін кезек күттірмейтін мəселе болды. 
Жəне оның басты мақсатына мыналар жатады: қоғам мен мемлекеттің озық 
дамуы, халықтың тұрмысын сапалық тұрғыдан жақсарту мақсатында ұлттық 
экономика мен саяси өмірді, оның құрамдас бөліктерін замана ағымына 
лайықтап қайта құру жəне өзгерту. Әлеуметтік бағдардағы толыққанды 
нарықтық экономикаға қол жеткізу үшін экономикалық реформалар төмендегі 
міндеттерді шешуі тиіс: еңбек, кəсіпкерлік түрлерін таңдау еркіндігі, əр түрлі 
меншік формаларының дамуы, толыққанды бəсеке, адамдардың экономикалық 
тұрғыдан өзін-өзі айқындауы, кəсіпкерліктің құқықтық-заңдылық негіздерін 
қалау; бюджет, салық, кеден салығы арқылы тұтыну рыногын қалыптастыруда 


246 
мемлекеттік реттеуді белсенді пайдалану; табиғи ресурстарды орынды 
пайдалану негізінде əлемдік рынокқа ену, экономиканы қайта құру арқылы 
дайын өнім өндіруге көшу, технология мен техниканы дамыту; тауар мен 
қызмет түрлеріне бай рынок құру, кəсіпкерлікті өркендете отырып адамдардың 
материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет