247
қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы əрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны
айдай ақиқат. Армансыз адам
- қанатсыз құспен тең, дейдi халқымыз. Ендеше
ұлттық идеясыз қала берсек қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық
идеяны таппайынша елде жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана
мiндетiн атқарып шығатындай көрiнедi. Ұлттық идеясы жоқ қазақстанда өмiр
сүру қазақтан басқаның бəрiне майдай жағатын шығар, бiрақ түптiң түбiнде
өкiнiште қалатыны – қазақтар. Өзiн-өзi жарылқамағанды басқалар ұшпаққа
шығарады деудiң еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаhанданудың
табанында жаншылып қалмау үшiн де ұлттық идеяның
өзектiгi мен қажеттiгi
күн санап артып келедi. Демек қарап отыруға болмайды.
Біз ұлттық идея ретіндегі тəуелсіздікті ақыл таразысынан өтіп халықтың
басым бөлігі қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеміз. Ұлттық
идея Қазақстанда жүріп жатқан мəдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен əлемдік
өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің арақатынасында
қарастырылуы тиіс. Соңғы процестің объективтік негіздеріне өркениеттің
ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес
Одағы тарқағаннан кейін
батыстандыру мен америкаландырудың жаңа пəрменге ие болуы, бұқаралық
мəдениет үлгілерінің жаңа тəуелсіз елдерде барынша таралуы, этникалықтан
өркениеттіліктің басымдылыққа ие болуы т.т. жатады. Қазақстанда ұлттық
идеяның қалыптасуына үш суперөркениеттердің
тоғысуында орналасуы
(православтық,
мұсылмандық
жəне
конфуцийлік),
мəдени-əлеуметтік
транзиттік, тоталитарлық жəне атеистік сана қалдықтары, номадалық діл
архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты, Қазақстанда ұлттық
идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Қазіргі өркениеттік жəне
ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс əлемдегі елу озық елдердің
қатарына қосылуға себебін тигізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: