248
11-ТАҚЫРЫП. ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Тақырыптың мақсаты: Өнер феномені мен эстетикалық санаға философиялық
талдау беру
11.1. Өнер философиялық талдау нысаны ретінде
Өнер өзінің көп қабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым болып
табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мəдениетінің ілгерілмелі
дамуы əлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады.
Өзінің
консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дəстүрлі мəдениеттердің өмір сүруінің
өзі тоқыраудың белгісін көрсетеді. Мұндай мəдениеттер, əдетте, декоративті
формаларды, қолөнер бұйымдарын ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үйдің
интерьерін жəне т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен
шектеледі. Мəдениеттануда соңғы жылдары мəдениеттің белгілі бір құбылысы
мен көріністерін рухани немесе материалдық мəдениет
салаларына жатқызудың
өлшемі неде деген мəселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің
ойымызша, эстетикалық мəдениет саласы өзінің құрамына материалдық
мəдениетке де, рухани мəдениетке де қатысты нəрселерді енгізеді. Бұл
мағынада эстетикалық мəдениеттің универсалдылығы айдан анық.
Өнердің қабаттары көп жағдайларда субъекттің рухани күш-жігерін
пайдалану негізінде де, əрекеттің практикалық тəжірибесін, шеберлігін қолдану
нəтижесінде
құралады.
Оның
үстіне
эстетикалық
құндылықтарды
қалыптастыру
құралдарды, құрылғыларды жəне т.б.қолдануды талап етуі
мүмкін. Тіпті музыкант немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық
құралдарға жүгінеді. Адамзат өнері
мен талантының шығармасын
қалыптастыруда не нəрсенің мəнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін
дарындылықтың, эстетикалықтың қажет екендігі айдан анық. Алайда,
эстетикалық мəдениет құбылысының рухани немесе материалдық мəдениет
саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен бұл құбылыстың бір рет
табылған шешімді немесе
шаблонды қайта көшіруі емес, оның қаншалықты
мөлшердегі нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзаттың өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып
табылады. Алайда бүгінде өмірдің дəстүрлі түсінігі
қайта қарастыруды қажет
етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің
қызмет етуін қамтамасыз
ететін əрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен,
өнердің
нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өзінің еңбегінде
өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада – кең жəне тар мағыналарында
қолданылатынын айтады
Достарыңызбен бөлісу: