249
мағынасында өнер əртүрлі формалардағы
көркем шығармашылықтың
нəтижелері мен процестері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия жəне т.б.) болып
табылады. Дəл осы мағынасы қазіргі əлемде негізгі болып табылады жəне біз де
оны осы мəнде қарастырамыз.
Жекелеген ғылымдар жəне рухани, практикалық əрекеттің салалары
əлемнің əртүрлі қырларын игереді, тұлғаның
белгілі бір қырларының
қалыптасуына жағдай жасайды жəне соған сəйкес белгілі бір мəдени
құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол əлемді өзінің тұтастығында
қабылдаудың кепілі, адамзаттың өмірлік тəжірибесі мен мəдениетінің
тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкілəлемдік-тарихи мақсаты адамзат
дамуының барлық этаптары үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз
ететін оның полифукнционалдылығын (көп қызметтілігін) тудырады.
Алайда
дамыған
қоғамдық
жүйелерде
көркем
шығармашылықтың
барлық
функцияларының дерлік өз “дублерлары” (қосалқылары) бар: өнер – бұл таным,
алайда əлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тəрбие, бірақ бұл мəселемен
айналысатын педагогика бар: өнер – тіл жəне ақпарат құралы, бірақ онымен
қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер – əрекет, бірақ
еңбек – əлемді өзгертуші адамның əрекеттік мəні
көрінісінің ең басты
формасы. Алайда өнер адам əрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды,
өйткені ол əрбір əрекетті ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті
ешнəрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік əрекеттің ерекше
пререгативасы болып табыладын өнердің эстетикалық жəне гедонистік
функцияларында.
Ерте кездің өзінде-ақ өнердің көңілді көтере отырып, үйрететіндігі белгілі
еді. Өнерді қабылдау мен көркем шығармашылық процесі барысында адамның
лəззат алуы мен эстетикалық ықпал етуі арқасында оның тəрбиелік əсері де,
ақпарат алу да, тану да, тəжірибе алмасу да, əлем жағдайын талдау да, шаттану
мен шабыттану да жүзеге асады. Адамның жаратылысы
өнердің ерекшелігін
анықтайды.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тəжірибесін тереңдету, кеңейту
үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол – адам өмірқамының
бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлығында жəне тұтастығында
қайта жаратады, оның өмірлік жəне көркемдік тəжірибесімен өзара əрекеттесе
отырып, адамның əрекеті мен санасының барлық құрылымына əсер етеді.
Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара əрекет барысында бейнелік
ойлаудың құрылымын айқындайтын тұлға – ұлт – адамзат сияқты əлеуметтік
бастаулар қиылысады.
Өнер өзінің аудиториясына тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге
отырып,
оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Жəне
осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана
көркем идея əркімде əртүрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің
деңгейі ғана əртүрлі. Өнерде болса иеленудің деңгейі де, мазмұны да əртүрлі:
көркемдік шығармада берілген əлеуметтік-тарихи тəжірибені адам өзінің
индивидуалдық
аснасына көшіреді, нəтижесінде көтерілген мəселелер мен
нақтылыққа деген оның жəне тұлғалық қатынасы қалыптасады.
250
Өнерде тек суретткердің тұлғасы ғана таңбаланбайды. Шығармада
адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды қажетті, тұрақты нəрселерді
бейнелей отырып, ол оған тұлғалық форма береді, яғни əлемді өзі арқылы
ашады.
Осылайша, суреткер халықты өзінің өмірлік тəжірибесін иеленуге
мəжбүрлейді. Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлауының
ерекшелігінен көрінеді. Өнердің төлтумалығын ашудың кілті де осында.
Бейнелік (образдық) ойлаудың əртүрлі ұлттық құрылымдарында сезімдер,
бояулар, белгілер алмасуының эмоционалдық алгоритмдері де əртүрлі.
Өнердегі ұлттық ерекшеліктің дəл анықтамасын Н.В.Гоголь береді: “…нағыз
ұлтжандылық сарафаны (алжапқышты) сипаттауда емес,
халықтың рухының
өзінде. Ақын, тіпті, мүлде бөтен əлемді сипаттаған кезде де ұлтжанды бола
алады, ол оған өзінің ұлттық стихиясының, өз халқының көзімен қарайды, өз
отандастары қалай сезініп жəне сөйлейтіндей етіп, сезінеді жəне сезінеді жəне
сөйлейді (
Достарыңызбен бөлісу: