Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет93/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130
Философия Оқулық (3)

Шығыс жинағы,1953, т.6. - 34 б.).
Ұлттық өмірлік-тарихи жəне көркем тəжірибе өз қайталануында да 
қайталанбайды. Ол халықтар біртұтас қоғамдық заңдар бойынша өмір сүріп, 
жасампаздықпен айналысқандықтан қайталанады. Ол жалпы заңдардың əрбір 
халықтың тарихында өзінің индивидуалдық өзгешелігімен көрінгендіктен 
қайталанбайды. Әрбірр халықтың өнері ұлттық пен жалпы адамзаттықтың осы 
диалектикасын бере алады. Нағыз жоғары өнердегі ұлтжандылықпен тұтастығы 
арқылы көрінеді. Суреткердің ұлттық алғышартпен сипатталатын санасы 
белгілі бір əлеуметтік мүдделерге сай сынған күйінде жалпы адамзаттылықты 
бейнелейді. Бұл ұлы туындылардың өз жаратушыларының тарихи шектеулі 
щеңберінен тысқа шығып, ғасырлар бойы өз құндылығын сақтауға, өзге 
құндылықтың бағдардағы жаңа дəуір адамдарының санасына еркін кіруге 
мүмкіндік береді. 
Әлемге деген құндылықты қатынас түрлерінің бірі эстетикалық қатынас 
болып табылады. Әсемдік пен тұрпайылық, асқақтық пен таяздық, трагедиялық 
пен комедиялықты өнер мен нақтылықтың қасиеттерін бағалау мен тануды 
білдіреді. Бұл бағалау құндылықтық мəнге ие эстетикалық қатынастың объектін 
игерудің жалғыз мүмкін болатын тəсілі болып табылады. Табиғатты 
эстетикалық игеру процесінде адам табиғи-биологиялық та, əлеуметтік те жан 
болып есептеледі. Жəне табиғатта оған оның физиологиялық өмірқамы үшін 
қажетті нəрсе ғана бағалы емес, оның əлеуметтік болмысымен байланысты 
нəрселер де құнды. Өйткені адам табиғатты өз өмірімен, өз қайғысы жəне 
қуанышымен пайымдай отырып, оны адамдандырады. 
Ақындар, суретшілер, музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік 
іздейді. Жəне үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсаттылықтағы, заңдылықтың 
көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мəселе 
оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік – бұл аулантүрліліктің тұтастығы, 
өзінше құндылық емес, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың 
өзінде үйлесімділік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда 
мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы – бұл адамзат 
мəдениетінің құбылысы. 


251 
Эстетикалық құндылықтардың категориялдық талдауын эстетикалықтың 
мазмұнының өзінен бастаған дұрыс. Эстетикалықтың аксиолологиялық 
түсіндірілуі эстетикалық құндылықтардың нақты формаларын қарастырудың 
бастапқы позициясы ретінде қызмет атқарады. Эстетикалық – бұл əсемдікке, 
тұрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа жəне өзге 
де өнер мен өмірдің сипаттамаларына тəн жалпылықты бйнелейтін эстетиканың 
ең кең жəне фундаменталды категориясы. 
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнердің кейпіне енетін əсемдік болып 
табылады. Демек, əсемдік – бұл “адам” туралы ұғымдардың бірі, өмірдің 
барлық күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамаларының бірі. Тек 
нақты өмірді ғана емес, əсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған 
өмірлік əлемнің шеңберінен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе 
утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де 
қамтиды. Әсемдік эстетикалық құндылық ретінде адамзат мəдениетінің 
тарихында, ең алдымен антикалық философияда терең теориялық тұрғыда 
талданған еді. 
Софистердің бізге дейін жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалық 
мəселелерге арналған. Мысалы, “ Dіalexeіs“ деп аталатын трактатты алуға 
болады. Бұл шығарманың алты тарауының екіншісі “сұлулық пен тұрпайылық” 
мəселесіне арналған: “Әсемдік пен тұрпайылық туралы екі жақты пікірлер 
айтылады. Біреулер оны өз атаулары көрсетіп тұрғандай əсемдік басқа, 
тұрпайылық басқа деп тұжырымдайды; келесілері əсемдік те, тұрпайылық та 
бір деп есептейді. Мен болсам былайша пайымдаймын. Әшекейлермен безену, 
иіссуларды жағу, алтын заттарды тағу еркек үшін – тұрпайы, ал əйел үшін - 
əсем. Достарыңа жақсылық жасау – əсем, ал жауларына – тұрпайы. 
Дұшпаныңнан қашу тұрпайы да, ал алаңда жүгіру – əсем. Достарың мен 
азаматтарды өлтіру – тұрпайы, ал дұшпандарды өлтіру – əдемі. Жəне барлығы 
да осылай. Менің ойымша, егер біреу адамдарға барлық тұрпайы нəрселерді 
бір жерге жинауға бұйрық беріп (əркімнің өз қалауы бойынша) жəне осы 
үйіндіден əркім өзінше əсем деп есептейтін нəрселеріңді алыңдар деп бұйырса, 
онда адамдар бұл дүниеден түк қалдырмай талап əкетер еді, өйткені адамдар 
əртүрлі ойлайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет