252
əлемдік рухтың бейнесі, өйткені əлемдік рухтағы реттелген тұтастық пен
формалардың тəртібі сияқты бұл да үйлесімді үндестік жəне тəртіптен
құралады, үйлесімді əндегі, насихатты ой-толғау
немесе өлеңдердегі
дыбыстардың тəртібін естудің нəтижесінде біздің рухымыз онда бейнеленген
əлемдік рухтың үйлесімділігі мен үндестігіне қуанады”. Дж. Сантаяна:
“…Сұлулық … идеалдың көрінісі, құдіретті парасаттың символы болып
табылады”.
Жаңа заманда əсемдіктің құндылықтық мəні
Гегельдің эстетикалық
еңбектерінде қарастырылған. Эстетикалық құбылысты Гегель танымның
диалектикалық методы позициясынан қарастырады. Эстетиканың маңызды
категориясы – əсемдіктің мəніне берген оның анықтамасы терең
диалектикалылығымен ерекшеленеді. Әсемдік
идеяның сыртқы болмыспен
нақты бірлігінің сезімдік құбылысы ретінде, ұғым мен нақтылықтың, сыртқы
форма мен ішкі мазмұнның тұтастығы ретінде көрінеді.
Әсемдіктің осы
түсіндірмесіне сүйене отырып, Гегель идеал мен оның даму сатылары туралы
ілімін дамытады, идея мен оның сыртқы бейнесі арасындағы арақатынасқа
байланысты өнер формаларының қалай өзгеретінін көрсетеді. Гегель əсемдіктің
мынадай анықтамасын береді: “Әсемдіктің мəніне сəйкес, əсем объектіде оның
ұғымы, мақсаты жəне
жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзінен туындайтын
сыртқы айқындылығы, алуан түрлілігі мен нақтылығы да көрінуі тиіс. Біз
жоғарыда
айтқандай, əдемі зат нағыз мəн мен ұғымның жəне белгілі сыртқы
болмыстың имманентті тұтастығы жəне келісімі ретінде ғана шынайы… Ұғым
мен құбылыс арасындағы келісім олардың толық өзара бір-біріне енуін
білдіреді. Сондықтан сыртқы форма мен образ сыртқы материалдан
ажыратылған болып қалмайды… оның ұғымына сəйкес нақтылықтың өзіне тəн
тəнкристалданған форма
болып табылады”
Достарыңызбен бөлісу: