18
құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап-арбаусыз
ой кешіп, атманды түсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, əлемдік
құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты
идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан
құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып
саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық
ілімдер сол ведалардың
беделін мойындау-мойындамауына байланысты əртүрлі бағыттарға бөлінеді:
жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья т.б.
Жайнизм (“жина” – жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық
көзқарастары “Сиддханта” деп аталатын кітаптар жинағында берілген.
Жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға
(əділ жаза заңдылығы) жəне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді.
Жайнизмнің басты мақсаты – қасірет деп түсінген өмірден азат болу.
Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе
қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің
салдарын осы өмірді жеңуге болады. Ол үшін сансардан құтылу қажет.
Жайналықтар əлемді тіршілігі бар жəне тіршілігі жоқ деп екіге бөледі.
Тіршілігі жоқ (аджива) əлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала)
құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар,
кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта жəне қозғалыс жатады.
Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі
əртүрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға,
жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тəн. Жалпы алғанда,
тіршілік мəңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген
жандарға
бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен
алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мəңгі əлемдік процесс жүріп
жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді
дүниеге əкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі
– тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктіруді негізі болып есептелетін
құштарлыққа, лəзаттануға қатынасты айқындайды.
Ал сансардан азат болу үшін “үш қазынаны” сақтау керек. Олар: дұрыс
қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім – тиртханкалар деп аталатын
24 əулиенің іс-əрекетіне сену болса, дұрыс қылық – тазалықты, шындықты,
сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім –
жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-
білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал
түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның
үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында – жан
алшақтығы жəне ұзақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында – өз бойындағы
адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жеңген жан адамдардың қазіргі
жəне өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші
сатысында – азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.
19
Жайналардың пікірінше, əлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан
тұрады. Төменгі екі қабатында – əзəзіл (перілер), ортаншы қабатта – жер, келесі
қабатта – құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта –
құдайларға ұқсас джиндар
орналасқан. Шындап келгенде, жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар
екендігі туралы келтіріп жүрген дəлелдердің бəрі негізсіз, қате, сондықтан да
құдайға емес, 24 тиртханкараға (əулиелер) жəне джиндарға сену керек.
Жайнизм кейінірек келе дигамбар жəне шветамбар деген екі сектаға
бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар
сенеді.
Буддизм. Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта
Гаутаманың (б.д.д. 563-83 жж.) есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі
бойынша, өмір – қасірет. Адам қандай əлеуметтік сатыда тұрса да аурудан,
кəріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған
құдайға шалған құрбандық та
көмектесе алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы – сансардан
(жанның бір денеден бір денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам
төрт түрлі ақиқатты білуі қажет: 1) өмір – қасірет. өмірге келу, кəрілік, ауру,
өлім, жақсы көрген нəрсеңнен айрылу, қажетіңе жете алмау т.б. – осылардың
бəрі – қасірет. 2) Қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат. 3) Қасіреттің пайда
болу себебі – өмірден лəззат алуға деген құштарлық екенін түсініп аталған
құштарлықтардан құтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену. 4)
Құштарлықтан құтылу жолдарын білу. Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол
үшін сегіз əдептілік қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға
тырысу қажет. Олар: 1) Дұрыс жол – төрт ақиқатты дұрыс түсіну. 2) Дұрыс
шешім – төрт ақиқатқа өз өмірін айтпау біреуді босқа жамандау, балағат сөз
айтпау. 4) Дұрыс іс-əрекет – ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау,
ұрлық-қарлықтан қашық болу. 5) Дұрыс күш жасамау – құмарлықпен,
жаман
оймен күресу. 7) Дұрыс ой бағыты – бұл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша
екенін түсіну. 8) Дұрыс жинақтала білу – өз денеңді сезінуден, ойлаудан,
түйсінуден арылу.
Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады: 1. Ойды 4 ақиқатқа
түсініп, пайымдауға бағыштау. 2. Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің
жанымыздың тыныштықта жəне қуанышта болуына мүмкіндік береді. 3.
Қуаныш-қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу. 4. Толық сабырлық жəне
талғаусыздық жағдайға жету. Соңғы сатыны будда “нирвана” деп атайды.
Нирвана – қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгерген түрі. Тек
нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде
азат етсе, нирвана – бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды
архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына
жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай болса, нирвана – ең жоғары
лəззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл əлемдік
көрініске
ауысады. Әлемдегі нирвана мəңгі, оны ешкім дүниеге əкелмейді жəне пайда
болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау
мүмкін емес, оны тек ғана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті
қызықтан алшақ адам танып-біле алады.
20
Біздің дəуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда буддизм Үндінің ресми идеологиясы
болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна –
“кіші шеңбер” деп аталатын ағым алғашқы буддизмге жақынырақ болса,
махаяна – “үлкен шеңбер” деп аталатын ағым – архаттан гөрі “бодхисатваны”
пір тұтады. “бодхисатва” – архатқа жетпеген бірақ толық білімге жетуге
талпынып жүрген адам. Ол білгір адамнан гөрі дін уағыздаушы адамға көбірек
ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз
күшімен нирванаға жете алмайтындардың бəрін құтқарады. Сөйтіп, нирвана
өзінің бұрынғы мағынасынан айрылып, “жұмақ”
ұғымға пара-пар ұғымға
айналды.
Буддизмге сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде
көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон т.б.). Ал Үндістанның өзінде
буддизмнің орнын брахманизм басады да, буддизмдегі будда вишну құдайдың
бір көрінісі болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: