12-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ:
ҚАҒИДАТТАР, ТЕОРИЯЛАР, ТӘСІЛДЕР
Тақырыптың мақсаты: Қоғам жəне мəдениет философиясына теориялық талдау беру
12.1. Қоғам философиясы
"Қоғам философиясы" терминінің айналымға қашан жəне кімнің енгізгені
туралы дөп басып, дəл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға
енуі XІX ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл
мəселенің шешімі əлеуметтік философияның немен айналысатыны, оның
265
пəндік ерекшеліктері, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын
талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды.
Сонымен, ең алдымен тарих философиясының дамуы, сонымен қатар,
қоғамның саяси-құқықтық ұйымдасуы туралы ілімдердің орасан зор ықпалын
философияда пəндік тұрғыда анықталған білімнің ерекше аймағының бөлініп
шығуына алып келді. Бұл сала қоғамдық өмірдің мəні жəне фундаменталды
заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның
өзара байланысы жəне өзара қатынастарымен жəне жалпы əлеуметтік
таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдардың
принциптері жəне логикасы, заңдылықтары жəне ерекшеліктерімен байланысты
болды. Осы сала əлеуметтік философия деп атала бастады.
Әлеуметтік философияның негізі ұғымына «қоғам» жатады. Қоғам
ұғымының орнына көп жағдайда оған мəн-мағнасы жағынан жақын
категориялар қолданылады. Сондықтан, ең алдымен біз оларды бір-бірінен
айыра білуіміз қажет. “Ел” жəне “қоғам” категорияларын салыстырсақ,
біріншінің географиялық жағы басымды. Мысалы, Қазақ елі – Азия
құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. “Қауым” жəне
“қоғам” категорияларына келер болсақ, біріншіге жан-ұя, ру, тайпа, халық, ұлт
секілді əлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал “мемлекет” пен “қоғамды”
салыстырсақ, - ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып
мұздың кішкентай ғана бөлігі – ол мемлекет болатын болса, су астындағысы -
қоғам. Қоғам өміріндегі сан-алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана
мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары əдет-ғұрып, моральдық,
эстетикалық, т.б. əлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан-
алуан байланыстар мен қарым - қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада
мына нəрсеге көңіл аудару қажет – ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол
қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда, “өз-өзіне
жеткілікті” деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі
таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті
заттарды шығара алмайды. Сондықтан, басқа елдермен экономикалық, саяси-
құқтық, мəдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, “өз-өзіне жеткілікті”
деген ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі қоғам өзінің мыңдаған жылдар
бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай отырып, негізгі
өмірге қажетті нəрселерді өзі өндіруі қажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда
жер көлемі бойынша 9-шы орында болсақ та, ет, көгөністерді басқа елдерден
алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан -
Бразилия емес, сондықтан, тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин,
банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шет елдерден алмаса
болмайды. Сондай-ақ жеңіл мəшине, неше-түрлі компьютерлер, радио – теле
аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар, жер бетіндегі үлкен егін
өсіретін ел болғандықтан, ауыл-шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз
шығармай көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де
өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз
өз-өзімізге жеткілікті қоғам боламыз. Бұл мəселелер қазіргі саясаттану
266
ғылымында “ұлттық қауіпсіздік” категориясы арқылы талданады. Оқырманның
байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп өмірге керек тауарларды шығара алмай,
сырттан əкелуге мəжбүр болып отырмыз.
Екінші үлкен сұрақ - қоғам өміріндегі сан-алуан байланыстар мен қарым-
қатынастардың ішіндегі негізгі - оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?
Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани,
саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені, бір қарағандағы қоғамның
жануар тобырынан айырмашылығы – ондағы рухтың пайда болып сол қоғамға
тигізетін зор əсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы
тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше-
түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни, идея
əрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін
анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-əрекеті. Мұндай
көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дəуірде өмір сүрген
ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.
“Халық - шөп, ел билеуші – жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа
майысады”,- дейді көне Қытай философиясы.
Орта ғасырдың ұлы ойшылы Аль-Фарабиге келер болсақ, ол қоғамның
ақуалын Халифтің адалдығы, əділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол
замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын
алдын-ала болжанған Құдайдың əмірімен ұштастырады.
Жаңа дəуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье
қоғамның өрлеуін “ағарған монархтың” іс-əрекетімен байланыстыра отырып,
қоғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірде-бір шешуші фактор ретінде
қарайды (мұны “құқтық көзқарас” деп əдебиетте атап кеткен болатын). Бүгінгі
таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам өміріндегі заңдар
сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар,
заңның өзі – адамдардың (кəсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан əлеуметтік философияға өзгеше
анықтама
берген
орыс
ойшылдарының
(Н.А.Бердяев,
И.А.Ильин,
П.А.Флоренский, С.Н.Булгаков жəне т.б.) пікірлерін атап өткен жоқ.
Осылардың қатарына жатқызуға болатын С.Л.Франктың (1877-1950) əлеуметтік
философияға қатысты пайымдауларына кеңірек тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі - "Қоғамның рухани
негіздері" атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде əлеуметтік философияға
мынадай анықтама береді: "… əлеуметтік философия мəселесі – бұл қоғам
деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мəні неде
жəне ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді".
С.Л.Франктың əлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай
сұрақтарға жауап берудің төңірегінде:
1) "Қоғамдық өмір" деген не?
2) Адамның өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады жəне оның
шынайы мақсаты не?
3) Адам өзінің қоғамдық болмысының формасын құра отырып неге
ұмтылады жəне неге жетуі мүмкін?
267
4) Адамның қоғамдық өмірі əлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын
алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады жəне оның нағыз мəні
неде?
5) Қоғамдық өмірдің жалпы өмірдің негізін құрайтын абсолюттік
бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?
Оның айтуынша əлеуметтік философия – "қоғамдық болмыстың жалпы
мəңгі негіздерін" зерттеумен айналысатын философиялық таным. "Әлеуметтік
философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен
нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады".
Енді осы келтірілген пікірлерде өзіміздің философиялық білімнің
құрылымы туралы көзқараспен жəне схемалармен біріктірейік. Мұнан
шығатыны: əлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық
"əлемдерінің" – тарих, мəдениет, дін, саясат, құқық экономика жəне т.б.
əлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық білімнің
саласы.
Бұған əлеуметтік философияның əлеуметтік құбылыстар мен процестерді
танудың теориялық-методологиялық мəселелері, заңдылықтары, социум
болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымымызды қосайық.
Жəне ақырында С.Л.Франктың анықтауынша əлеуметтік философияның
зерттеу аймағы - қоғамдық өмірдің мəні, оның адамның индивидуалды
өмірімен қатынасы жəне қоғамдық өмірдің құндылықтық қырларының жалпы
өмірдің фундаменталды құндылықтарына қатынасы. Осылайша, "əлеуметтік
философияның" көпқырлы, көпөлшемді "түпкілікті формуласын" тауып жəне
оның тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын
əлеуметтанумен, мəдениеттанумен салыстырғанда немен айналысатынын біле
аламыз.
Бұл "формуладан" шығатыны - əлеуметтік философияның функцияларын
тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл əлеуметтік-гуманитарлық білімнің
жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен,
əрине, əлеуметтік философия бойынша оқу жəне арнайы əдебиет авторларымен
толық келісе отырып, оның дүниетанымдық функция атқаратынын бекітуге
болады, өйткені ол "əлеуметтік əлемді" бейнелеп қана қоймай, оның саналы
бейнесі ретінде "оны жаратады да". Әлеуметтік философия əлеуметтік əлемнің
"картинасы", оның бейнесі ғана емес. Ол, сонымен қатар, əлеуметтік идеалдар
мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты
өмірмен байланысын анықтай отырып, осы əлемді жаратады да.
Екіншіден атқаратыны – методологиялық функция. Оны əлеуметтік
философия пəндік жəне теориялық форма ретінде қызмет ете отырып жəне
əлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы
философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып атқарады.
Олардың қатарына, мысалы, диалектика принципі (тарихилық принципі,
абстрактылыдан нақтыға өту принципі жəне басқалары) жəне синергетика
принципі
(бүтін,
органикалық,
өзін-өзі
басқарушы
жəне
өзін-өзі
ұйымдастырушы жүйелердің жүйелік-құрылымдық ұйымының жалпы
теориясы) жатады. Әлеуметтік философия əлеуметтік-гуманитарлық білімдерді
268
пəндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде
көрінеді (мысалы, кешегі өткенде ғана ол "тарихи материализм" рөлімен көзге
түсті).
Әлеуметтік танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да
Достарыңызбен бөлісу: |