Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет102/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   130
Философия Оқулық (3)

түсіндіру және интерпретациялау философиясы ретіндегі үлкен маңызы бар. 
Әлеуметтік философия мен "əлеуметтік философтардың" қазіргі жағдайы екі 
христианды еске түсіреді: біріншісі өз құдайына сыйына отырып, оны үнемі 
мадақтап отырса, екіншісі оған үнемі сұрақ жаудырумен өтеді. Әлеуметтік 
философияда да сол сияқты: біріншілері өзінің "құдайы" - қоғамды мадақтай 
отырып, оның ақыл-ойынан, жетістігінен жəне прогресінен үміт күтсе, 
екншілері - "Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегі біздің 
болмысымыздың мəні неде?" – деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың 
шешімін іздейді. Бұлардың екеуінің арасындағы ұқсастық олар ең алдымен 
түсінуге ұмтылып, сонан кейін ғана "түсіндіруге" тырысады (ал Құдай болса 
өзін түсінуді емес, өзіне сенуді қалайды, бірақ қоғам Құдай емес қой!) 
Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, 
эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мəдениеттің элементі 
ретінде нақтылықты тек "бейнелеп" қана қоймай, қоғамдық өмірдің 
заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бірнəрсені ашуға 
қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады. 
Төртіншіден, əлеуметтік философия əлеуметтік болмыстың құндылықтың 
негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық функцияны атқарады. Оның 
ішінде белгілі дəрежеде тəрбиелеуші функция да кіреді: əлеуметтік философия, 
біріншіден, танымның, 
гуманитарлық 
ойлаудың белгілі 
мəдениетін 
тəрбиелейді; екіншіден, адамдардың жəне бүтіндей қоғамның белгілі 
құндылықтық бағдарларын тəрбиелейді, қалыптастырады.
Бесіншіден, 
əлеуметтік 
философия 
кейбір 
философиялық 
концепциялардағы əлеуметтік болжаудың сəтсіз жəне ғылыми негізі жоқ деп 
жарияланғанына қарамастанболжамдық қызмет те атқарады. 
Сонымен, əлеуметтік философия, ең алдымен, тарихтағы қоғамдық 
болмыстың онтологиялық негіздерін зерттеумен айналысатын философиялық 
білімнің бөлігі. Неге біз қайтадан оның тарихи қырына үлкен мəн береміз? 
Өйткені, адамдардың қоғамдық өмірі де, яғни экономикалық, саяси, 
мемлекеттік-құқықтық жəне əлеуметтік-мəдени өмірі де, ең алдымен Тарихтың 
ағымында өтеді. Ол біздің əлеуметтік болмысымыздың ерекше "үйі". Қоғамдық 
өмірдің заңдылықтары мен логикасы, оның əуел бастағы мəні жəне мақсаты 
туралы барлық сұрақтар – бұл біздің тарихи болмысымыздың мəні, 
заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар. Дəл осы Тарихта, жəне тек Жерде 
ғана адамдар өз болмысының негізін жаратады, ол туралы ойды дамытады жəне 
барлық "методологиялық мəселерді" қарастырады. Оның үстіне бұл ілімдер, 
концепциялар, көзқарастар өздерінің қандайда бір тарихи уақыттың кезеңдеріне 
жатқызылғандықтарынан жəне олардың өткінші, өзгеруші сипаттарына орай 
белгілі бір тарихи өлшемге ие болады. Сондықтан да егер "Тарих 
философиясының лекцияларында" айтылған "философия - оймен ұсталып 


269 
қалған дəуір" деген Гегельдің пікірін назарға алар болсақ, онда бұл пікір ең 
алдымен əлеуметтік философияға өте сəйкес келер еді. 
Белгілі философ М.К.Мамардашвили өзінің лекцияларында былай деген: 
"əлеуметтік философия" деп аталатын пəндегі бар нəрсе – бұл əрқашанда ең 
алдымен "адам феномені", яғни біздің нақты өміріміз. Біздің бүкіл өміріміз - 
өзімізді "жинау", өзімізде адамды жинау. Біз ең алдымен өз өмірімізді "біз үшін 
пайымдалған қандай да бір бүтінге жинаумен" айналысамыз. Ал өзіңді 
"сөздердің шырмауынан шығып өзіңді өз санаңда игергенде ғана" белгілі бір 
"кеңістікте", "топоста" жинауға болады. 
Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлердің
шырмауынан шығып адамның қоғамдық жəне индивидуалдық өмірінің 
мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мəні туралы қандай да бір 
"нағыз Сөзге" ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасының көмегі 
арқылы ие болу формасы ретінде, өзін "жинақтауға" деген саналы рухани 
жігері ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі "дəуірдің талабына" жауап 
іздеудің негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болатын теориялық-
методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді жəне 
табады. 
Бұл бөлімді аяқтай отырып, кез-келген философиялық білімнің 
метафоралық білім екендігін ескерте кетейік. "Метафора" деген не? 
В.И.Дальдің "Түсіндірмелі сөздігі" "метафораны" бөтен сөз деп түсіндіреді. 
Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып философия адамдар əлеміндегі 
жүріп жатқан нəрселерді адекватты сөзбен, ұғымдық-категориялық тілмен 
бейнелеуге ұмтылады. Тарихи тұрғыда бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп 
отырады. 
Айталық Гегель дəуірінде əлеуметтік өмірдің заңдылықтарын білдіретін 
"Сөз" "халықтар рухы", "еркіндік" ұғымдарымен байланысты болды. Маркс 
үшін қоғамның тарихи дамуының мəнін бейнелейтін метафора "қоғамдық-
экономикалық формация" ұғымы болды. Біздің казіргі заман да мұнан қалыс 
қала алмайды. Қазіргі əлеуметтік философияның негізгі метафоралары 
қатарына "мəдениет", "өркениет", "этнос", "менталитет", "құндылықтар" 
ұғымдарын жатқызуға болады. Біздің пікірімізше қазіргі əлеуметтік философия 
негізінен мəдениет философиясы болып табылады. 
Мұндай 
сапада 
ол 
өзінің 
өткен 
дамуы, 
принциптері 
мен 
методологиясының тəжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірдің барлық 
өзекті мəселелерін талдап жəне шешуге ұмтылады. Әрине, қазіргі бағдардағы 
өзгерістерді ескере отырып, əлеуметтік философия өзінің методологиялық 
"құмарлығын" заманға бейімдеп, төзімділігімен, икемділігімен көзге түседі. 
Бұдан онда қатаң концептуалдық позициялар мен басымдылықтар жоқ деген ой 
туындамауы тиіс. Бір нəрсе күмəнсіз жəне өзгеріссіз: заман мен нақтылықтың 
динамикасына байланысты əлеуметтік философияның "метафорлық бағдары" 
сапалы өзгергенімен, ол қоғамдық өмірдің онтологиялық негіздерін игеруге, 
ұғынуға жəне түсіндіруге бағытталған жүйелі, методологиялық жəне 
құрылымдық тұрғыда ұйымдасқан білім болып табылады жəне солай болып 


270 
қала береді. Басқаша айтқанда əлеуметтік философия бұрынғысынша 
адамдардың əлеуметтік болмысының онтологиясы болып қала береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет