Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет103/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130
Философия Оқулық (3)

12.2. Мәдениет философиясы  
Мəдениетті бағалаудың, түсінудің, зерттеудің əртүрлілігі сияқты мəдениет 
əлемі де алуан түрлі. Біз "дəуір мəдениеті", "этнос мəдениеті", "ұлттық 
мəдениет", "христиандық мəдениет", "мұсылмандық Шығыс мəдениеті", 
"апполондық мəдениет", "Қытай мəдениеті" жəне т.б. ұғымдарды көп 
кездестіреміз. Осыған ұқсас барлық ұғымдар əртүрлі мəдени тұтастықтарды 
тарихи, немесе əлеуметтік, немесе философиялық көзқарастар тұрғысынан 
жіктеу нəтижесінде тізбектеледі. Білімнің əрбір гуманитарлық саласы 
мəдениеттің алуан түрлілігін өз негіздеріне сай белгілі бір классификацияда 
жіктеуге ұмтылады, мұның ақыры, бүтіндей алғанда, мəдениеттің 
типологиясына 
немесе 
философиясына 
əкеледі. 
Мəдениеттің 
əрбір 
типологиялық суреттемесі өзгелерін көлегейлемейді жəне мүмкін болатын 
жалғыз типология деп есептелмейді, өйткені объекттің өзі, яғни мəдениет – 
көпқырлы жəне өз болмысының барлық қырларын толық жəне жан-жақты 
қамтуға көнбейді. Мəдениеттің əрбір теориясы, мəдениеттегі универсалдылық 
пен өзгешеліктің дамуының, өзгерісінің немесе көрінісінің белгілі бір 
заңдылықтарын зерттеудегі əрбір жаңа тəсіл пəндегі, эмпирикалық материалды 
таңдаудағы пайымдалу объектін өз бетінше айқындайды жəне əрқашанда 
мəдениеттің жаңа концепциясын тудырады.
Мəдениет философиясының пəні мəдениет формаларын, олардың 
мағынасын философиялық талдау болып табылады. Басқаша айтқанда, 
культурфилософия 
(мəдениет 
философиясы) 
мəдениеттің 
идеясын, 
мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін, универсалды жəне 
барлығын қамтитын феномен ретінде мəдениетті философиялық пайымдауға 
бағытталған философиялық пəн болып табылады. "Мəдениет философиясы" 
терминін XІX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. Мəдениет 
философиясы дербес сала ретінде XVІІІ ғасырдың аяғында XІX ғасырдың 
басында бөлініп шыға бастағанымен, ХХ ғасырда ерекше қарқынды дамыды. 
ХХ ғасырдың басында мəдениет философиясы мəдениет эволюциясының 
əртүрлі кезеңдерін зерттеуге бет бұра бастайды. Осыған байланысты мəдениет 
феномендерін зерттеуде ерекше тəсілдерді қолданып, онымен айналысатын 
арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы пайда болды. Мысалы, 
жаңакантшылдар В.Виндельбанд (1848-1915) пен Г.Риккерт (19863-1936) 
"Мəдениет туралы ғылымдар" мен "Табиғат туралы ғылымдарды" ажыратуды 
ұсынды. Осылайша олардың концепциясы мəдениет философиясындағы 
оппозициялардың бірін – мəдениет пен табиғаттың арақатынасы мəселесін, 
сондай-ақ мəдениеттің құндылықтық (аксиологиялық) мəнін айқындады. 
Мəдениеттің теориялық картиналарының көптігі бұл феноменді
пайымдаудың мүмкін болатын барлық варианттарын түгеспейді. Ғылымда 
танымал жəне белсенді түрде түсіндірілетін олардың кейбіріне тоқтала кетейік. 
Жəне де бұлар əртүрлі ғылыми теориялардың кесінділері негізінде мəдениет 


271 
философиясындағы қағидаттар мен тəсілдердің көптігі мəселесін айқындап та 
көрсетеді. 
Ф.Ницше мәдениеттегі дионистік және аполлондық бастаулар туралы. 
Неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) "өмір философиясының" негізін 
қалаушы ретінде белгілі. Ф.Ницше мəдениет типологиясының толық 
суреттемесін беруді арнайы мақсат етіп тұтпағанымен, оның "өмір 
философиясына" сəйкес, философиялық шығармалырының бүкіл контекстінен 
("Трагедияның музыка рухынан пайда болуы", "Мезгілсіз пайымдаулар", 
"Заратустра осылай деген", "Антихристианин жəне т.б.") батыстық мəдениет 
генезисінің өзіндік концепциясы өз-өзінен туындайды. Ол батыстық 
мəдениеттің қайнар көздерін антикалық заманнан шығара отрып, оның 
кезеңдерін – христиандықты, қайта өрлеуді, жаңа заманда өзінше пайымдайды. 
Ф.Ницше мəдениетті адамзаттың өзін-өзі іске асыруының тəсілі ретінде 
қарастырып, онда физикалық тұрғыда əлсіз "зоологиялық түрдің" (адамның) 
аман қалу барысында қалыптасқан басты қасиеттері ретінде интеллект пен 
қиялды бөліп көрсетеді. Ницшеннің түсінігінше, мəдениет "билікке деген ерік", 
"өмірге деген ерік" қағидаттарымен өлшенеді. Адам болмыстың қасіретінен 
жоғары тұрып, жоғары адамға айналуы тиіс. Жоғары адам идеясы өмірдің 
неғұрлым жетілген формаларын құру үшін адамзат табиғатының көптеген 
қасиеттерін игеру қажеттілігіне меңзейді. Жоғары адам өміріндегі барлық өзіне 
қарсы кеселді, жалғандықты, дұшпандықты жоя алады, тобырдың моралынан 
азат бола отырып ол өзінің əрекеті үшін жауапкершілікті мойнына алады. 
Жоғары адам өмірінің өрлеуімен сипатталатын трагедиялық дəуірдің 
туындысы, оның энергиясы екі бастаумен толтырылған: дионистік жəне 
аполлондық. Мұндай нағыз мəдениетті Ницше Сократқа дейінгі Грекиядан 
табады, онда болмыстың тұтастығының, өмірдің толықтығының символдары – 
Апполлон мен Дионис энергияларының, бұл екі бастаудың теңдігі мойындалған 
болатын. Бұл екі түпкі бастау антикалық мəдениеттің ғарышын қалыптастырды, 
ол кейінірек бүкіл батыстық сананы қамтыды, бірақ өзінің бұрмаланған 
формасында. Бұл бұрмалау Ф.Ницшенің пікірінше, батыстық мəдениетті 
дағдарысқа əкелді, "құндылықтардың барлығын қайта бағалау" ахуалын 
орнатқан, "құдайдың өлімі" коцепциясын жарияланған "еуропалық нигилизмге" 
ұласты. 
Ф.Ницшенің түсіндірмелерінде Аполлон мен Дионистің мифологиялық 
бейнелері 
культурфилософиялық 
мəнге 
ие 
болады. 
Ежелгі 
грек 
мифологиясының кейіпкерлері Аполлон мен Дионистің əртүрлі қасиеттерді 
білдіргені белгілі. Платон, мысалы, Аполлонның бейнесін өзінің атқарған 
негізгі мифологиялық функцияларына қарай (садақ атқыш, көріпкел, 
адамзаттық жəне ғарыштық үйлесімділіктің сақтаушысы) пайымдады. Аполлон 
Герместен кифараны алып, музыканың қамқоршысы атанды. Кейіннен 
пластикалық өнердің үйлесімділігін білдірді. Оның бейнесіндегі рационалдық 
пен стихиялық күштің бірігуі оның Диониспен арасындағы қарама-қарсылыққа
қарамастан байланыстың болғандығын дəлелдейді. Өз кезегінде Дионис те 
Аполлонмен қатар тұтылған тəңірдің бірі. Парнаста əрбір екі жыл сайын 
Дионистің құрметіне оргийлер ұйымдастырылып тұрды. Ницше аполлондық


272 
бастауды пластикалық өнермен, ал Дионисті музыкамен байланыстырады. 
Аполлон мен Дионистің бəсекелестігін келісімге келтіріген Эсхил мен ежелгі 
грек трагедиясы болды, кейінірек оны ақылға табынушылық басып тастады. 
Сократ, Платоннан басталған əлемді өз заңдары бойынша рационалды түрде 
тəртіпке келтіруге тырысқан философиялық жəне мəдени дəстүр жоғары 
адамның трагедиялық дүниетанымын бұрмалайды.
Бұл дəстүрді Ф.Ницше "əлемге жала жабу" деп атайды. Өйткені ол өмірден 
барлық "ақылға тəн емес" нəрселерді алып тастайды. Бұл батыстық мəдениеттің 
дионистік бастауды "ақылмен", "ақиқатпен", "Құдаймен" басып тастау арқылы, 
яғни жоғары аполлонизм жолымен жүргендігін көрсетеді. Осылайша, 
адамзаттың табиғи қалпы, философтың пікірінше, христиандық жағынан 
бұрмалауға ұшырады, адам болмысының нағыз көздері Құдайдың көлеңкесінде 
жасырын қалды. Ал кейінірек, жаңа заманда Құдай бейнесі əлемді заңды 
тəртіпке келтіруге тырысқан интеллекттің, ғылыми ақиқаттың бейнесімен 
алмасты. Өмір интеллект ойынының ережелерімен реттелетін болды, онда 
өзін-өзі анықтауға орын қалмады, тіршілік апофеозы қалыптасты. Мұның бəрі 
адамды өмір сүрудің көзі – өмірден арасын алшақтатты. Ф.Ницше өмірмен 
көбірек байланысты иллюзияның түрі ретінде – өнердің рөлін ерекше 
бағалайды: "мəдениет – бұл бейберекетсіз хаостың сыртындағы жұқа ғана 
алманың қабықшасы". Ол адамзатты күйреуден сақтауы тиіс жəне еркіндік пен 
шығармашылықты бағалайтын адамгершілікті жəне дені сау адамды 
қалыптастыруы қажет. Бұл құрамында дионистік (өмірлік күштердің еркін 
ойыны) жəне аполлондық (өлшемділік, шектеулік) бастаулар өз тұтастығы мен 
тепе-тең қайшылығында көрінетін өнер болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет