273
бейнеленеді. Идеалды тип теориялық конструкциялар түрінде көрінетін
"дəуірдің мүдделері" болып табылады.
Идеалды тип эмпирикалық нақтылықтан алынбайды,
теориялық схема
ретінде құрастырылады жəне сонан кейін ғана эмпирикалық материалмен
сəйкестендіріледі. "Идеалды типтер өткір жəне біржақты құрастырылған сайын,
олар, демек, бұл мағынада əлемнен алшақтай түседі... соғұрлым олар
терминологиялық жəне классификациялық тұрғыда да, эвристикалық тұрғыда
да өз мақсатын жақсы орындайды", – деп жазады М.Вебер. Сонымен қатар
идеалды тип нақтылықтың өзінде типологиялықты
бекіту приципінде
құрастырылады. Бұл белгілі бір тұтастық ретіндегі нақтылықтың өзінде алуан
түрлілік бейберекетсіз емес, əлі бекітілмеген, болжамданған өзінің ұйымы бар.
Сондықтан "идеалды тип" – бұл мақсат емес, таным құралы, М.Вебердің
əлеуметтануында əртүрлі идеалдық типтерді, яғни үстемдіктің (билік формасы,
басқару), əлеуметтік əрекеттің, діннің типологиясын табуға болады.
Мəдениеттаным үшін оның дін немесе діни өмір типологиясы
қызығушылық тудырады. Бұл мəселеге оның "Протестант этикасы жəне
капитализм рухы", "Дін социологиясы" еңбектері арналған. Ғалым өзінің
жұмыстарын дамыған қоғамдарға тəн діндарлықтың формаларын зерттеуге
арнайды, негізгі назарды əлемдік діндерге аударады: буддизм, иудаизм,
зороастризм,
христиан, ислам, яғни өзіндік санасы жетілген тұлғаның,
интеллектуалдық дамудың, əлеуметтіліктің жоғары деңгейі байқалатын
қоғамдардың діндері. Діни өмірдің əртүрлі формаларының материалдары
негізінде М.Вебер қандай əлеуметтік жағдайларда, əлеуметтік топтар мен
кəсіби
топтарда
діннің
ғұрыптық-табынушылық,
аскеттік-əрекеттік,
мистикалық-пайымдық жəне интеллектуалды-догматтық сəттері басым
болатынын бақылайды. Магиялық элементтер егінші халықтардың (əсіресе
шаруаларда)
дінінде көп ұшырасады, тағдырға, жазмышқа сену жауынгер
халықтардың (əскерилердің) дініне тəн; қала халқының (қолөнершілер еңбек
процесін рационалды ұйымдастыруға бағынышты) рационалды сипатта
болады.
Әлемдік діндер тек бір халықтың немесе топтың ішінде ғана
таралмайтындықтан жоғарыда көрсетілген сəттердің əртүрлі қосындылары
кездесіп отырады. Вебер қытай мəдениетінде
орасан зор рөл атқарған
конфуцийшілдікті талдай отырып, діндарлықтың индивидуалды типін былайша
сипаттайды. Конфуцийшілдік өте нақтылы, буддизмге немесе христиандыққа
тəн о дүниеге деген қызығушылық оған мүлде жат. Конфуцийшілдік этиканың
маңызды игіліктері – ұзақ өмір, денсаулық, байлық, яғни бұл дүниедегі берекелі
өмір. "Ресми конфуцийшілдікте батыстық мағынадағы индивидуалды
жалбарыну
жоқ.
Ол
тек
ғұрыптық
формаларды
ғана
біледі."
Құдайтаңдаушылық, аяугершілік идеялары қытай рухына жат. "Буддизм сияқты
конфуцийшілдік те этикалық ілм болды. Алайда өзінің ішкі əлемдік этикасына
сай ол буддизмге қарама-қарсы. Буддизмге қарағанда конфуцийшілдіктің онан
да үлкен айырмашылығы сыртқы əлемге, оның тəртіптері мен шарттарына
бейімделуінен көрінеді". Конфуцийшілдіктің ақыл-ойы, - деп жазады М.Вебер,
– тəртіптің рационализмі болды. Қатар, тəртіп жəне үйлесімділік сияқты
274
конфуциандық этиканың негізгі принциптері мемлекеттік жағдайға да, адамзат
жанының жағдайына да бірдей қолданылады. Конфуциандық этиканың
ерекшелігі оның рационализміне қарамастан зұлым күштерге үстемдік
ететін
магияға қарсы келеді. Вебер конфуцийшілдіктегі екі бастауды көрсетеді:
этикалық-рационалдық жəне иррационалдық-магиялық. Рационализмнің бұл
типінің
батыстық
типтен
айырмашылығы
оның
магиямен
жəне
дəстүршілдікпен бірігуінде болды жəне сондықтан, мұнда шаруашылық
жүргізудің, басқарудың батыстық формалары, табиғат пен адамға деген
абстрактілі-формальды қатынас қалыптаса алмайды.
М.Вебер діндерді олардың əлемге деген əртүрлі қатынастарының негізінде
де жіктейді. Егер конфуцийшілдік əлемнің өмір сүруін мойындаса, ал буддизм
оны теріске шығарады. Кейбір діндер əлемді оның жетілдіру мен түзетулері
жағдайында қабылдайды. Олардың қатарына зороастризм, христиандық жəне
ислам жатады. Әлемнің қабылдануы жəне қай
мөлшерде қабылдануына қарай
діни этиканың саясатқа қатынасы бағынышты. Әлемді теріске шығаратын
діндердің əдетте саяси белсенділігі төмен. Әлем толық қабылданатын жерлерде
діни көзқарастар саясат саласымен толық келісімге келеді.
М.Вебердің классификациясы мен салыстыру методы типология жасауға,
яғни əлеуметтік-мəдени тұтастықтарды, мəдениеттің "идеалды типтерін" құруға
толық мүмкіндік береді. Бұл жерде зерттеушінің танымдық дəрежесіне орай
эмпирикалық əлемнің барлық алуан түрлілігінің типологиялық ерекшеліктерін
анықтауға қажетті параметрлерін, кілтін табу маңызды. М.Вебер мұндай
параметрлердің қатарына дəуірдің мүддесін, мəдениеттің құндылықтарын,
формальды рационалдандыруды жəне т.б. жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: