Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет106/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   130
Философия Оқулық (3)

Р.Гвардинидің мәдениет теориясы: әлем суреттемесі мен болмысты 
сезіну. Романо Гвардини (1186-1968) – батыстың католик философы жəне 
теологы. Өмірді католицизм тұрғысынан түсіндіреді. Өмірдің басты қасиеті 
"бір-бірін үнемі өзара теріске шығаратын жəне бір мезгілде бірігетін" қарама-
қайшылықтар деп есептейді. Оның "Жаңа заманның ақыры" деп аталатын 
еңбегі адамның əлем туралы көзқарасы мен болмысты сезінуімен байланысты 
əлем суреттемесінің өзгерісі туралы мəселе контексіндегі мəдени-тарихи 
дəуірлерді айыру тұрғысынан ерекше қызығушылық туғызады. Бұл мəдени-
тарихи тұтастықтардың өзіндік типологиясын білдіреді. Автор батыстық 
(христиандық) тарихтың дəстүрлі жіктелуін білдіретін мəдени-тарихи 
дəуірлерді қарастырады: антикалық заман, ортағасырлар, жаңа заман. "Белгілі 
дəіуірдің адамы əлемді қалай көре алады жəне өз болмысын қалай сезінеді?" – 
деген сұраққа жауап бере отырып, өзінің батыстық мəдениет типологиясы 
концепциясын ұсынады.
Антикалық адам əлемнің негізінен шығып кетпейді, бұл əлемнен тыс 
жерде оның сүйенер тірегі жоқ, – деп жазады Р.Гвардини. Антикалық адам 
оның сыртынан қарауға ұмтылмайды да. Өзінің бүкіл сезімдерімен, 
көзқарастарымен жəне іс-əрекеттерімен ол əлемде өмір сүреді, ол əлемді іштей 
ғана пайымдайды. Әлем əркімнің жəне барлығының өз орны бар бүтіндік 
ретінде құрастырылмайды, сондықтан да өмір еркін болып қала береді. Бұл 
антикалық философияда, ғылымда, дінде, саяси өмірде аңғарылады.
Антикалық адамға əлем құдіретті болып көрінеді: ол ішкі қайнар көзден
туындайды. Ол тағдыр белгілеген жолмен қозғалады, алайда мұның барлығы да 
тағы əлемнің өзіне тиесілі. "Құдіреттілік əлемнің əуелгі бастапқы жəне құпия 
стихиясын құрайды. Адам оның ішінде өмір сүреді, ал ол адамның ішінде өмір 
сүреді. Мұны сезіну мен мойындау – бұл діни дүниетанымның мəні". Тіпті 
мифологиялық негізден ажырап, философиялық мотивтермен байланысқанда
да діни сезім еркіндігін сақтайды. Бұл əлемнің шекараларына дейін белгіленген 
мүмкіншілікті пайдаланатын барлық көзқарасты қолдайтын антикалық 
ғылымнан көрінеді. Антикалық замандағы ғылым – бұл білімдердің тек 
жиынтығы ғана емес, мүмкін болатын позициялар мен дүниетанымның 
типологиясы. Мұндай суреттемені антикалық заманның саяси өмірінен де 
байқауға болады. Р.Гвардинидің ойынша, гректер шамасы жетпегеннен 
Элладаны біріктіре алмады деу дұрыс емес, тарихи өмір сүрудің жалғасы,
жалғыз мүмкіндігі осында екенін біле тұра, олардың біріккісі келмейді: 
жартылай тағы – македондықтар келіп тұтастықты орнатқанға дейін олар бір-
бірімен қырқысуды жөн санады. Антикалық дəуірде болмыстың толық жəне 
жалпы қамтитын құрылысын құрастыруға ұмтылған талпынысты Гвардини Рим 
мемлекетінен көреді. Алайда римдіктердің рухани үрдісі реалистігі сондай


277 
теория мен метафизикаға ешқандай бейімі жоқ, өзінің саясаттағы қаталдығына 
қарамастан өмірге соншалық ашық-жарқын, сондықтан мұнда да антикалық
еркіндік пен қозғалыс сақталады, – Р. Гвардини осындай шешімге тоқталады. 
Р.Гвардини үшін ортағасырлар адамның əлемге деген қатынасы түбірлі 
өзгерген кезең: енді Құдай əлемнен жоғары тұрады, өйткені, əлемді Құдай 
жаратқан. Ол əлемге тиесілі емес, ол əлемнің тəуелсіз билеушісі. Жəне адам 
болмысы жаңа негіз табады: жаңа сүйену тірегі – аян, жаңа еркіндік ашылады. 
Діни философ ретінде Р.Гвардини ортағасырларды адамзат тарихының ең 
жоғарғы дəуірі ретінде бағалайды, өйткені мұнда адамзаттың өмір сүруі мен 
оның нағыз шынайы пайымдалуы толық сəйкестікте жүзеге асты. Оның 
есептеуінше ортағасырлық адамның танымға деген құмарлығы ерекше, ол 
болмыстың рухани конструкциясын шығару үшін ақиқаттың тұңғиығына 
шомады. Бұл дəуірдің адамы үшін ақиқат құдіреттілік беделінде – інжіл мен 
шіркеу ілімінде жəне табиғилық беделінде – антикалық еңбектерде
жасырынған. Ортағасырлардағы адам əлемді суреттемелер түрінде 
символикалық түрінде ұғынады. Болмыстың тұтастығын сезіне отырып, 
ортағасырлық адам Құдайдың беделін тұсау ретінде емес, абсолюттікпен 
байланыс ретінде жəне жердегі сүйеніш тірегі ретінде қабылдайды.
Философтың пікірінше, жаңа заманның суреттемесі XVІІІ ғасырдан 
бастап қалыптасады. Бұл адам өмірі мен шығармашылық əрекетінің əртүлі 
саласынан өзін көрсетеді. Мысалы, ғылым осыған дейін дінмен анықталатын 
өмір мен əрекеттің тұтастығы түрінде өмір сүріп келген мəдениеттің дербес 
аймағы ретінде бөлектеніп шығады. Саясат саласында жеке нормалар туралы 
көзқарас қалыптасады. Макиавелли саясаттың жаңа нормалық сипатын 
жариялайды: мемлекеттің күші мен қуатына жету саясаткерлерді азаматтық
еркіндік пен моральдық принциптеріне қайшы келетін құралдарға жүгінуге
мəжбүр етеді. "Томас Гоббс мемлекет теориясын жариялайды, онда ол адам 
өмірінің толық билеушісі мен төрешісі, ал адам өмірі брлығының барлығына 
қарсы күресі ретінде түсіндіріледі". Бұл көзқарастар ұлттық мемлекеттердің 
бірте-бірте пайда болу жағдайында дүниеге келеді.
Жаңа заман адамының көзқарасында əлем өзінің бұрынғы шекараларынан 
шығып, кеңи бастайды. Джордано Бруноның Жер Күнді айналады деген 
жаңалығының негізінде əлем мен оның санының шексіздігі туралы жаңа 
көзқарас қалыптасып, Жер енді əлемнің орталығы болудан қалды. Әлемнің 
жаңа суреттемесі “табиғилық” деп түсіндірілетін нақтылыққа бағытталады. 
Енді Библиядағы уақыттың басы мен ақыры туралы, яғни əлемнің болмысы 
туралы эсхатологиялық ілімге күмəн келтіріледі. Осыған байланысты өте 
ертеде пайда болып жəне өте алысқа кететін тарихи процесс туралы түсінік 
қалыптасады. Р.Гвардинидің айтуынша пайда болған əлемнің шексіз 
байланысы, “бір жағынан еркіндік пен кеңістікті берсе, екінші жағынан – 
адамзаттың өмір сүруінің объективті тіреуінен айырады. Адам қозғалыс үшін 
кеңістік алғанымен, үйсіз қалады”. 
Әлемнің мұндай суреттемесінде адамның концепциясы да өзгереді: ол 
жаңа жерлер мен əлемді қорықпай аша отырып, өзін олардың қожайынымын 
деп жариялайды. Адам өз-өзі үшін ерекше қызығушылықтың объектісіне 


278 
айналды. Ол адамшылықта индивидуалдылықты, ерекшелікті көргісі келеді, 
оның үстіне тұлға – “ғұлама мен өмір құндылығының өлшеміне айналады”, ол 
оның формальды көрінісі “субъект” ұғымы болып табылады. Өз кезегінде əлем 
жаратылыс болудан қалып, “табиғатқа” айналады, ал адам “жаратушы” болып 
шығады.
Сонымен қатар Р.Гвардини діни философ ретінде Жаңа заманның 
суреттемесінде осал идеялар мен адасушылықтарды тауып, олар əлемнің бұл 
картинасының күйреуіне жəне бұл дəуірдің өзінің жойылуына əкеледі деп 
есептейді.
Қазіргі 
заманғы 
тенденцияны 
ол 
өзгермелі 
дүниетаныммен 
байланыстырады: “адам əлемді өз-өзінен бар, сенімді, жылы ұя ретінде 
сезінуден қалды. Әлем бөтен нəрсеге айналды жəне өзінің бұл жаңа сапасында 
ол жаңа діни мəнге ие болды”. Бұл жаңа діндарлық əлемнің ортасындағы 
адамның жалғыздық сезімінен туындайды, адамзаттың соңғы жиекке жетуін 
сезінуден жəне онда жоғалып кетпес үшін батыл болып, жауапкершілікті өз 
қолына алуды сезінуден келіп шығады. 
Ф.Ницшенің, М.Вебердің, П.Сорокиннің жəне Р.Гвардинидің жоғарыда 
қарстырылған конценциялары мəдениет теориясы мəселесіне қатысты əртүрлі 
тəсілдерді білдіреді. Бұл концепциялардың əрқайсысы мəдениет сияқты күрделі 
феноменнің алуан түрлі картинасы туралы көзқарасты əртүрлі ғылыми жəне 
дүниетанымдық позициялар тұрғысынан береді.
Мəдениеттің алуан түрлі типтері туралы мəселе мəдениеттің тарихи 
формаларын зерттеу қырынан кең қарастырылды. Мұнда екі тенденция 
байқалады: антитарихилық жəне тарихилық. Біріншісіне, тұтас тарихи процесс 
ретіндегі “əлемдік мəдениет” ұғымын теріске шығаратын оқшау мəдени 
тұтастықтар (типтер) теориясы жатады. Екіншісіне, керісінше, əлемдік мəдени-
тарихи дамудың тұтастығын бекітетін, оның кезеңдері мəдени-тарихи типтер 
болды деп есептейтін концепциялар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет