Н.Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А.Тойнбидің оқшауланған мәдениет
және өркениет теориялары.
Орыс философы Н.Данилевский (1822-1885) өзінің “Ресей жəне Европа”
деген еңбегінде тарихтың ерте, ортағасырлық жəне жаңа деп бөлінуін, сондай-
ақ европалық өркениетті жалпыəлемдік өркениетпен біріктіруді қате деп
есептеді. Ежелгі дүниенің ақыры мен ортағасырлардың басталуын
байланыстырып тұрған Рим империясының құлауының Европа үшін ғана
маңызы болды, ал өзге мəдениеттер үшін, мысалы Қытай немесе Үндістан үшін
оның ешқандай маңызы болған жоқ. Өйткені мəдени-тарихи типтер
ерекшеленген жəне бір-бірмен оқшау, тұйық; олар пайда болып, өздерінің ғана
формалары мен құндылықтарын дамытады. Ол адамзатты үш топқа бөледі: а)
ұлы өркениеттерді немесе мəдени-тарихи типтерді қалыптастырған жаратушы
халықтар; ə) ұлы өркениеттерді құрмаған, бірақ күйзелістегі өркениеттің
жойылуына жағдай жасаған (мысалы, ғұндар) жағымсыз жаратушылар; б)
шығармашылық рухы ерте (этнографиялық) кезден дамымай қалған халықтар.
Тек аз ғана халықтар “мəдени-тарихи тип” бола алады. Мəдениет пен
органикалық өмір формалары арасын салыстыра отырып ол осы оқшау мəдени-
279
тарихи типтер туылғаннан өлгенге дейінгі барлық кезеңдерден өтеді деген
қорытындыға келді. Мəдени-тарихи типтер этнографиялық жағдайдан
мемлекеттік, ал одан кейін өркениетке дейін ұзақ эволюциядан өтеді.
Н.Данилевский олардың дамуының кейбір заңдылықтарын атап өтеді:
1. Бір тілдік топқа жататын халық мəдени-тарихи типті білдіреді, егер ол
тарихи дамуға қабілетті болса жəне балалық шақтан өтсе.
2. Мəдениеттің пайда болып, дамуы үшін халық саяси тəуелсіздікке
қол жеткізуі тиіс.
3. Бір мəдени-тарихи типтің өркениеттік бастауы өзге типтегі
халықтарға беріле алмайды. Мысалы, ағылшындар европалық өркениетті
Үндістанға көшіруге тырысқанмен, онан түк шықпады. Сонымен қатар бір
өркениеттің жекелеген белгілері мен элементтері өзгелеріне отарлау арқылы
сіңуі мүмкін (ағылшындар өз өркениетін Солтүстік Америкаға жəне
Австралияға көшірді); егу арқылы, яғни белгілі бір нəрсені өзге денеге егу
(мысалы, мысыр денесіндегі эллинистік Александрия); өзара ұрықтандыру
арқылы, бұл жағдайда бір өркениеттің құндылығын егер ол ұқсас болса,
екіншісі пайдалана алады.
Мəдени-тарихи типтер діни, эстетикалық, саяси жəне əлеуметтік-
эконмикалық белгілерімен ерекшеленеді жəне осы аталған əрекет салаларының
барлығында жасампаз бола бермейді. Мысалы, грек өркениеті эстетикада
жетістікке жетсе, семиттіктер – дінде, ал, римдіктер - құқық пен саяси
ұйымдастыру салаларында жетістіктерге жетті. Ол он мəдени-тарихи типтерді
бөліп көрсетеді: мысырлық, қытайлық, ассирия-вавилон-финикиялық,
халдейлік немесе ертесемиттік, үнділік, ирандық, еврейлік, гректік-римдік,
жаңа семиттік немесе арабтық, германо-романдық немесе европалық.
Мексикандық жəне перуандық өркениеттер өз дамуын толық аяқтай алмай,
зорлықтың нəтижесінде күйреді. Н.Данилевский орыс халқынан ерекше айқын
көрінетін славяндық мəдени-тарихи типтің үлкен болашағын болжап үміт артты
жəне бұл тип төрт салада өз шығармашылығының гүлдену кезеңіне енді деп
есептеді: діни, ғылыми, саяси-экономикалық жəне эстетикалық.
Освальд Шпенглер (1880-1936) өзінің “Европаның дағдарысы” еңбегінде
адамзат ұғымын өткір сынға алып, “əлемдік тарих” идеясына қарсы шықты.
Шпенглердің пікірінше, мəдениеттер ішкі герметикалығымен ерекшеленіп, бір-
бірін өзара бөтенсінеді. Ол үшін “адамзат” – бос дыбыс, өйткені, халықтар
əртүрлі уақыттағы кеңістікте өмір сүреді. Әрбір мəдениеттің өзіндік арнайы
сауыт сияқты табиғаты бар, оған өзге мəдениеттің адамы ене алмайды.
Сондықтан əлемдік тарих – батыстық рационализмнің ойлап шығарған қиялы.
Европалық рационализмді “өмір философиясы” тұрғысынан сынай
отырып, ол өзінің мəдениет мифологиясы концепциясын ұсынады. Оның
мəнісі, О.Шпенглер жануарлар мен өсімдіктер өмірі жəне адам өмірі арасында
салыстыру (аналогия) жүргізіп, тарихты биологияландырады. Туылу, өсу,
қартаю жəне жойылу – міне, тек өсімдіктер мен жануарларға ғана емес, саналы
адамға да, оның шығармашылық күш-жігерімен құрылған мəдени ағзаларға да
бұйырған үлес осы. “Өмірдің тамырының соғуы” пайда болу, даму жəне
құлдырау кезеңдерін бастан өткізетін жекелеген оқшау тұйық мəдениеттердің
280
құрылуына əкеледі. Ол осындай сегіз мəдениетті жариялайды: мысырлық,
үнділік, вавилондық, қытайлық, аполлондық (грек-рим), “магиялық”
(византиялық-арабтық), “фаустық” (батысевропалық) жəне майя. Әрбір
мəдениет, Шпенглердің ойынша, өз “əлеміне” сəйкес ерекше “жанға” ие
болады. Әрбір мəдениет туылысымен-ақ тағдырдың тəлкегімен өлімге бас
тігеді. Жазмыш оған ақыры трагедиялық финалға жеткізетін мыңжылдық
эволюция өлшеп береді.
Шпенглер өзінің мифологиялық концепциясында əрбір мəдениеттің негізгі
символын – “прафеноменін” табу қажет, тек сол арқылы ғана оның “жанын”
түсінуге болады деп есептеді. Ол ең басты назарды үш мəдениетке – греко-рим,
батысевропалық жəне византиялық-араб мəдениеттеріне аударады. Олардың
əрқайсысының “прафеномен” немесе базистік символ арқылы ашылатын өз
“жандары” бар. Греко-рим мəдениетінің “аполлондық жаны” сезімдік тəн
(дене) символы арқылы ашылады. Батыстық мəдениеттің “фаустық” жаны
шексіз кеңістік пен уақыт символында, ал “магиялық жан” – жан мен тəнді
қарсы қою арқылы ашылады.
Мəдениет “жанның ” пайда болуымен туылады жəне “жан” өз күшін
сарқығанда өледі. Құлдыраушы мəдениет міндетті түрде өркениетке айналады.
Мысалы “фаустық” мəдениет күйзеліс үстінде, яғни ХІХ ғасырда өркениет
сатысына өткен ол өзінің машиналы кейіпінде адам тағдырларын тобырымен
жəне бүкіл батыс əлеміндегі өмірдің өзін майдалап тастауда. Сондықтан да
оның өзінің оқшау мəдениеттердің морфологиялық концепциясын жария еткен
екі томдық еңбегі “Еуропаның дағдарысы” деп аталады.
А.Дж. Тойнби (1899-1975) – ағылшын философы жəне тарихшысы. Ол
оқшау өркениеттер концепциясын адамзат тарихының тұтастығы идеясымен
келістіруге тырысады. О.Шпенглермен салыстырғанда ол жалпыəлемдік-
тарихи процестің мəнін теріске шығармайды, бірақ жекелеген оқшау
өркениеттердің өмір сүруін де мойындайды. Олардың типологиясын зерттеу
бұл өркениеттердің қалыптасуы мен өмір сүруінің ішкі заңдылықтарын
анықтауға негізделуі тиіс. Оның концепциясындағы тарихи процестің
бөлінуінің негізгі бірлігі мəдениет емес, өркениет болып табылады. Ол оны
қоғамдық дамуға ықпал ететіндей шығармашылық элитасы (зиялысы) бар
қоғамның жағдайы ретінде түсінеді. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптасқан
алғашқы өркениеттер технология саласындағы секірісті ғана білдірмейді,
құрамында шығармашылық элитаның “өркениетті” тобы бар таптық қоғамның
құрылуын білдіреді. Өркениеттің өсуі оның прогрессивті жəне қорытушы түрде
өзіндік ішкі сара жолды анықтауымен сипатталады, яғни діни сана мен
мəдениеттің неғұрлым жоғары жəне күрделі формаларына өтуді білдіреді.
Ғалым “жоғары” діндер қатарына мыналарды жатқызады: зороастризм,
иудаизм, буддизм, христиандық жəне ислам.
Оқшау
өркениеттердің
типологиясының
өлшемінің
негізінде
антропологиялық сипаттама жатқызылады. А.Тойнбидің пікірінше, ”мəңгі
адамның” төрт универсалды белгілері болады: сана жəне өзіндік сана, өз еркін
білдіруге деген адами қабілет, қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата білу,
сана.
281
А.Тойнбидің тұжырымдауынша оқшау өркениеттер – бұл əлеуметтік жəне
табиғи ортаның талабына деген жауап: табиғи- георафиялық орта адамзат
қауымдастығынан үнемі “жауап” талап етеді, ал тарихи көршілер тарапынан
төнген қауіп, діни кемсітушілік жəне т.б. əлеуметтік тұрғыдағы “талап” болып
табылады.
Өркениеттің тоқырауын Тойнби өзінің өткен жетістіктерін көшірумен ғана
айналысып шығармашылық шарасыз күй кешкен шығармашылық элитаның өз
күшін сарқумен байланыстырады. Бұл қоғамның барлық жағдайына зиянды
əсерін тигізеді. Мұның нəтижесінде өркениет өзінің ішкі бірлігі мен өзіндік
бағыт таңдау қабілетінен айрылды. Өркениеттің құлдырау фазасы үш кезеңнен
тұрады: өркениеттің тоқырауы, бұзылуы, жойылуы. Тоқырау мен жойылудың
арасы ғасырларға, тіпті мыңжылдықтарға созылуы мүмкін. Мысалы, мысырлық
өркениетте тоқырау б.з.д. XVІ ғасырда орын алса, ал оның жойылуы б.з. V
ғасырына сəйкес келеді. Екі мың жыл бойы ол “өмірдің тас болып қалған өлімі”
формасында өмір сүрді. Тоқыраудан кейін де ұзақ өмір сүретін өркениеттерді
белгілеу үшін А.Тойнби осы “тас болып қалған” өркениет терминін қолданады.
Мысыр екі мың жылға қатып қалса, ал Қытай мың жылға тас болып қалған.
Бұл өзге өркениеттерде де кездеседі.
А.Тойнби тарихта типологиялық тұрғыда ажыратылатын отыз алты
өркениет бар деп есептейді. Ол өркениеттерді дамуы “толық іске асқан” жəне
“іске
аспаған”
(мысалы,
христиандық
несториандық,
христиандық
монофизиттік, христиандық қиырбатыстық жəне т.б.) деп бөледі. Дамуы толық
іске асқан өркениеттердің өзі тəуелсіз жəне сателлиттер деп бөлінеді.
Тəуелсіздердің өзі мынадай өркениеттерге бөлінеді: өзгелермен байланысты
емес (орта американдық, андтық); өзгелерден туындамайтын (шумер-аккад,
мысыр, эгей жəне т.б.); өзгелерден туындайтын (сириялық, африкандық,
православиелік-христиандық жəне т.б.). Өркениеттердің көпшілігі адамзаттық
прогрестің, əлемдік тарихтың біртұтас ағынына қосылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |