282
факторлардың өзара əрекетінен көруге тырысты. Сыртқы факторлар - бұл
адамдар өмірінің барлық жағдайларының жиынтығы (географиялық, табиғи).
Қоғамдық дамудың басты стилі ретінде ол ішкі факторларды, органикалық
күштерді атайды. “Адам қоғам үшін туылған” деген Гердердің афоризмінде
қоғам – адамзаттық индивидтердің органикалық тұтастығы, онсыз адам ешкім
емес деген ой түйінделген. Философ басты рөлді қоғамның күшіне
бергендіктен ол өз назарын, ең алдымен, адамдарды қоғамға біріктіретін
құралдарға аударады. Бұл құрал ретінде ол мəдениетті таниды. Мəдениет – бұл
адамдар əрекетінің өнімі жəне сонымен бірге оның стимулы. Бұл ең алдымен
тілге қатысты. Гердер үшін тіл ақыл-ойдың жай ғана құралы емес, “адамдардың
ұлы ұйымдастырушысы” да. Адамдардың қарым-қатынасы мен оның
дамуының маңызды
құралы ретінде ол ғылымды, қолөнерді, өнерді атайды.
Мəдениеттің маңызды элементтері қатарына сондай-ақ өзі “басқару” деген
терминмен белгіленген қоғамдық институттар – отбасы, əртүлі көсемдер мен
басқарушылар, соттар жатқызылады.
И.Гердер
мəдениеттің
теоретигі
ғана
емес,
оның
алғашқы
тарихшыларының да бірі. Ол адамзаттың мəдени дамуында өткен жолды жалпы
түрде шолуға талпыныс жасады. Оның пікірінше, адамзат тегі Азияда пайда
болды. Мұнда ең ежелгі тілдер мен жазуларды аңғаруға болады. Азия –
егіншілік пен мал шаруашылығының, ежелгі өнер мен ғылымның отаны.
Гердер Азия халықтарына құрметін көрсете отырып, мəдениет тарихында
европоцентризмнен бас тартты. XVІІІ ғасырда ғылым əлі
көптеген
халықтардың мəдениеті мен тарихын толық тани алмағандықтан, ол өз
кітабының кейбір бөлімдерін Қытайдың, Үндістанның, Үндіқытайдың,
Кореяның, Жапонияның мəдениетінің тарихына арнайды: адамзаттың
мəдениеті дамуындағы ежелгі Мысыр мен Қос өзен халықтарының рөліне
жалпы сипаттама береді. Бұл халықтардағы мал шаруашылығы мен
егіншіліктің, сауда мен қолөнердің, ирригациялық (суғару) жүйелерін құрудың,
металлургияның жоғары дамығандығын ескертеді. Финикиялықтар алғаш рет
алфавит қалыптастырып, əйнекті, металды оюды алғаш ойлап тапты. Ежелгі
грек мəдениетіне
талдау жасай отырып, өнерге үлкен көңіл бөледі.
Гердер грек тарихының негізгі кезеңдерін бөліп көрсетті: рулық
мəдениеттің қалыптасуы, аристократиялық монархиялар (Спарта) мен
демократиялық қалалық республикаларға (Афины) көшу, “Перикл ғасыры” –
афины
мəдениетінің
гүлденуі,
Афинаның
құлауы
жəне
Македон
монархиясының орнауы.
Гердердің пікірінше, ортағасырлар адамзаттың мəдени дамуындағы
қажетті жəне маңызды кезең болды. Ол бұл кезеңдегі əлемдік мəдениеттің
жетістігі шығыс халықтарының, оның ішінде рухани мəдениеті мұсылман
дінімен анықталатын арабтардың табыстарын қоспаса, толық болмас еді деп
есептейді. Арабтардың Кіші Азияны, Мысырды,
Персияны жаулап алуы
əлемдік мəдениет үшін прогрессивті нəтижелер берді. Арабтың ғалымдары
антикалық ғылыми дəстүрдің мұрасын қабылдап алып, онан əрі европалық
ғылымға ықпал етті. Европа арабтардан фарфор, қағаз, оқ дəрі, магниттік
бағыттағыш (теңізде жүзу ісіне орасан зор ықпалын тигізген) сияқты нəрселерді
283
білді. И.Гердер адамзат мəдениетінің дамуын XІV ғасырдың соңына дейін ғана
қарастырды.
Алайда бұл оның əлемдік ғылымға қосқан үлесін кемітпейді. Оның
мəдениет концепциясы мəдениет теориясы мен тарихтың кейінгі дамуына
үлкен ықпалын тигізді. Оның гуманизмінің философиялық негізі- адамзат
прогресі туралы ілімі болды. Қоғамның жоғары өрлеуін ол гумандылық деп
атайды. Жəне адамзаттың бүкіл тарихы – оның өзі “абыройды, ақыл-ойды,
еркіндікті,
жоғары ұмтылыстар мен мақсатты, күш пен денсаулықты
тəрбиелеу” деп түсінген гумандылыққа тезірек жетуге ұмтылған жарыс.
Неміс философы
Карл Ясперс (1888-1969) өзінің бірқатар жұмыстарында
(“Уақыттың рухани ахуалы”, “Тарихтың бастаулары мен оның мақсаты”)
əлемдік мəдени-тарихи процестің өзіндік интерпретациясын (түсіндірмесін)
баяндады. Оқшау мəдениеттер мен өркениеттер теориясын салыстырғанда,
Ясперс адамзаттың шығу тегі мен даму жолы біртұтас деп тұжырымдайды.
Тарихтың шынайы мəні – адамда адамзаттылықтың қалыптасуы, өйткені
“тарихи мүмкіндіктердің шегі адам болмысының тұңғиығында орналасқан”.
Жəне адамның əлемде толық аяқталуы мүмкін емес, “себебі, адам үнемі өзінің
шегінен шығуға ұмтылатын жан болып табылады”. Ол адамның нақтылығы
ретіндегі тарих көп жағдайда рухани факторлармен анықталады деп сенеді.
Философ христиандық ілімнің түрі өзгерген картинасы болып табылатын
тарихтың линиялық схемасына назар аударады.
Алайда Ясперс бұл схемаға өзінің философиялық жəне дүниетанымдық
қондырғыларымен байланысты өзгерістер енгізеді. Оның пікінше, “Әлемдік
тарихтың белдеуі” тек Христің пайда болуымен анықталмауы тиіс, өйткені ол
тек христиандар үшін ғана маңызды жəне бүкіл адамзатты қамти алмайды.
Бірақ ол христиандықтан да, исламнан да тарихи дəстүрлері тереңде əрі
ертеректе жатқан философиялық жалпы адамзаттық сенімді жариялайды.
Философиялық сенімнің пайда болу уақыты ғана “əлемдік тарихтың белдеуі”,
“белдеулі дəуір” болып табылады. Бұл
уақыт қазіргі адамның типін
қалыптастырған рухани дəстүрлердің Қытайда, Үндістанда, Персияда,
Палестина мен Ежелгі Грекияда бір мезгілде, яғни б.з.д. 800-200 жылдар
аралығындағы пайда болу кезеңі. “Белдеулік дəуір”- ғұрыптық табынушылықа
тəн мифологиялық сана мен пұтқа табынушылықтың орнына жаңа əлемдік
діндер мен философияның келген уақыты. Бұл дəуір адамның əлемге жəне өзіне
деген жаңа қатынасын қалыптастырды: өзінің өткіншілігін, өз өмірінің
жұтаңдығын сезіну, трагедиялық күнə алдындағы шарасыздық. Бұл əсіресе грек
трагедиялары мен ертееврей пайғамбарларының уағыздарынан айқын көрінеді.
“Адамзат болмысының бұл жалпы өзгерісін рухтану деп атауға болады… адам
енді өзіне тұйықталмайды. Адам өз-өзін қаперіне алмайды, сондықтан жаңа
шексіз мүмкіндіктер үшін ашық”, - деп тұжырымдайды К. Ясперс. Рухтың осы
оянуымен ол осы уақытқа дейін оқшау өзара байланыссыз мəдениеттерге
бөлініп келген адамзаттың жалпы тарихын осы кезден бастап санауды
ұсынады. Демек, халықтар арасындағы нағыз байланыс рулық та, табиғи да
емес, рухани байланыс болып табылады.
284
Осылайша, Ясперс бүкіл тарихи прогресті
тарихқа дейін жəне
бүкіләлемдік тарих деп бөледі. Ол əлемдік тарихтың схемасы мынадай төрт
кезеңнен көрінеді: тарихқа дейін, ерте мəдениеттер,
“белдеулік уақыт” кезеңі
жəне
техника ғасыры. Тарихқа дейінгі кезең - “прометей дəуірі”- адамның
қалыптасу кезеңі: тілдің, еңбек құралдарының пайда болуы, отты пайдалануды
үйрену. Онан кейін “жүздеген мыңжылдықтарға созылған тарихқа дейінгі
кезеңнің
қараңғы
тұңғиығынан”
б.з.д.
5
мыңжылдықтан
бастап,
Мессопатамияда, Мысырда, Инд жəне Хуанхэ аңғарларында ерте заманның
ұлы мəдениеттері пайда болады. “Белдеулік уақыт”- тарихтағы шалт бұрылыс.
“Белдеулік дəуірдің” негізін даярлаған ежелгі заманның ұлы мəдениеттері
жойылады. Жаңа дəуір тарихи тұрғыда барлығын қамтиды. Бұл дəуірдің
идеясын қабылдамаған халықтар, К.Ясперстің пікірінше, тарихтан тыс, табиғи
өмір сүру деңгейінде қалып қояды. “Белдеулік дəуір”- əлемдік тарихтың өзінің
тарихқа дейінгі өткеніне жəне жалпыəлемдік мəдениеттің болашақ дамуына
жол сілтейтін өзіндік нүкте. Ясперс адамзат тарихтың
нағыз негізін тудыруға
қабілетті жаңа “белдеулік уақытқа” келуі де мүмкін деген болжам айтады.
Достарыңызбен бөлісу: