ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қоғам ұғымы. Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы.
2. Қоғамның əлеуметтік құрылымы.
3. Қоғамның рухани саласын сіз қалай түсінесіз?
4. Әлеуметтік мобильдік нені білдіреді? .
5. Мəдениеттің философиялық түсінігі. Материалдық жəне рухани мəдениет.
6. Мəдениеттегі дəстүр мен жаңашылдық.
7. Мəдениет – қоғам дамуының жемісі. Мəдениет пен өркениет.
8. Адам өркениетінің негізгі кезеңдері.
13. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
Тақырыптың мақсаты: Тарих философиясының негізгі қағидаттары, ұстанымдары
мен идеяларына теориялық талдау беру
13.1. Тарих философиясы туралы пайымдар
Тарих философиясының немен айналысатынын бастамас бұрын оның
қалыптасу тарихының кейбір мəселелеріне тоқтала кетейік. Тарихи философия
əлеуметтік жəне индивидуалданған адам болмысының хронологиялық
мəселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мəселелердің бүкіл кешеніне
қатынасы бар екені де белгілі. "Әлеуметтік жəне индивидуалды болмысқа"
285
тарих та, мəдениет те, жеке адам болмысы да жəне т.б. кіреді. Тарихтың,
мəдениеттің,
экономиканың
(шаруашылықтың)
жəне
т.б.
"жеке
философиялары" бар екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анықтау қиынға
түседі.
Шындығында қиындықтар да, сұрақтар да бар. Алайда бұл мəселеге
келгенде əлеуметтік философияның даму тарихына жүгінген дұрыс. Оның
мəліметінше адамдардың əлеуметтік жəне индивидуалды болмысының əртүрлі
қырларын зерттейтін бүкіл "жеке философиялар" тарихи тұрғыда қазіргі кезде
"əлеуметтік философия" деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан келіп
шығады. Пайда болуы, қалыптасуы жəне дамуы жағынан əлеуметтік
философиядан алда тұрған бір ғана аймақ бар. Бұл философиялық білімнің
аймағы – тарих философиясы. Осы тұста "даналыққа құштарлық" ретіндегі
философия түсінігіне жіберейік. Жəне де "тарих философиясы" деген сөз
тіркесіне де назар аударайық. Онда тарих философиясы – бұл "тарих
даналығына құштарлық" болып табылады. Бұл қандай "даналық"? Бұл, əрине,
бір жағынан тарихтың өсиеті де, екінші жағынан елестері де. "Мұның арғы
жағында не жатыр"? деген сұрақ осы жерде интуитивті түрде (белгілі бір
рухани күш-жігер сияқты интуициясыз да философиялық пайымдау мүмкін
емес) пайда болады. Басқаша айтқанда, тарихи өмірдің құбылыстары мен
оқиғаларының, барлық алуан түрлі айғақтар мен процестердің арғы жағында не
жасырылған?
Міне осы жерде Тарих туралы философиялық пайымдау тарихының өзі
тарихтың заңдылықтары туралы, логикасы туралы, қозғаушы күші туралы
сұрақтарды алға тартады. Бұл заңдылықтар, осы логика, осы күштер бар ма?
Әлде барлығы да хаостық, кездейсоқтық жəне жүйесіздік сипатта ма? Тарихтың
қозғаушы күштерін, логикасын, заңдылықтарын жəне т.б. ашу жəне игеру –
мұның бəрі "Тарих даналығына құштарлық" ретіндегі тарих философиясының
пəндік аймағын құрайды.
Тарих туралы философиялық пайымдаудың қалыптасуы мен дамуына
толық болмаса да оның кейбір негізгі сəттеріне тоқтала кетейік. Бұл жерде
Г.В.Ф.Гегельдің атақты "Тарих философиясы бойынша лекциялар" еңбегіндегі
тарих ғылымы дамуының жалпы дəуірлеріне сүйенеміз. Гегель тарихи таным
дамуының үш кезеңін бөліп көрсетеді:
1) Антикалық дəуірде Геродот жəне Фукидидтен басталып кейінгі
ортағасырлар мен Қайта өрлеу дəуіріне дейін жалғасқан "бастапқы
тарихнама".
2) Жаңа заман мен Ағартушылық дəуіріндегі "сыншыл тарихнама".
3) Философиялық тарихнама.
Осы дəуірленуді негізге ала отырып, оның кейбір мəнді мезеттеріне
тоқталайық. Мысалы, антикалық грек-рим тарихшыларының тарих ғылымына
сіңірген еңбегі қандай? Фукидид жəне Геродот заманынан бері Тарих
оқиғалардың тізбегі ретінде көрінді. "Алғашқы", "бастапқы" тарихнама
оқиғаны тарихи үдерістің клеткасы, басты ұясы ретінде санаға сіңдірді. Бұл
тарихнаманың екінші маңызды жаңалығы, оқиғалардың пайда болуын, іске
асуын, дамуын уақыт ағынында қарастырды. "Топос" (грекше – "topos"
286
"орын") жəне "Хронос" (грекше – "xrodog" "уақыт"), яғни уақыт ағымында
өткен оқиға – міне, антикалық дəстүрдің əлемдік тарихнамаға бергені осы.
Дүниежүзілік тарих философиясының батыстық жəне шығыстық
үлгілерінің бар екендігі даусыз мəселеге жатады. Сонда да батыстық тарих
философиясын
қазақ
дүниетанымы
тұрғысынан
сараптау
біршама
қиындықтарға ұшырайды. Солардың арасында төмендегідей ой желілеріне
басты назар аударғымыз келеді:
1. Тарихи сананың батыстық формалары мен құндылықтары қазір үстемдік
танытып, өздерін бірден-бір мүмкін ақиқат деп жариялап келеді.
2. Батыстық тарих философиясы христиандық өркениеттің бүкіл əлемдік
батыстандыруға деген ұмтылысының өзіндік санасын түйіндейді.
3. Қазақ жəне басқа түрік халықтарының тарихи санасы отаршылдық қысым
жағдайында қалыптасты.
Осы
жағдайларды
ескере
отырып,
қазіргі
батыстық
тарих
философиясының кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық.
Тарихи үдерістердің онтологиялық қырларын (тарихтың мəні мен
мағынасы, бағыттары, тарих пен табиғат, тарихи прогресс, жəне т.б.) зерттейтін
арнаулы философиялық ілім – тарих философиясы негізінен Жаңа заманда
қалыптасып, толысты. Оның басты өкілдері Дж. Вико, Ш. Монтескье, Ф.
Вольтер, И. Гердер, Гегель христиандық сəуегейшілдік формаларын
сақтағанымен, тарихи процестерге терең философиялық талдау бере білді.
Зерттеудің өзіндік мақсаттарын ескере отырып, батыстық тарихи сананың
мынадай үрдістерін топтастырып (типтік ерекшеліктерін жіктеп) көрейік.
Алдымен көзге түсетіні – барлық халықтардың тарихты жеке иеленіп,
оны тек өзінікі деп түсінуі. Антик заманындағы бөлінулер: грек-римдік жəне
варварлар, христиандар жəне «жабайылар», Робинзон мен Жұма, еуропалық
саяхатшылар немесе миссионерлер суреттемелеріндегі «қатігез, топас, жауыз,
жануарға жақын аборигендер» – осылардың бəрі тарихтың этноорталықтық
тұғырна-маларын қалыптастырды. Сондықтан, барлық адамдық бірлестіктердің
теңқұндылығы идеясы орнықпай əмбебапты тарих туралы айту мүмкін емес еді.
Басқаша айтқанда, тарихты аңғару үшін адамзаттың өзін ашу керек болды.
Әзірше əрбір халық тек өздерін нағыз адам, ал басқаларын жай ғана
адамсымақтар деп есептеп келді. Мысалы, жапондықтар XVIII ғасырда
португалдықтарды «мысық көзді, тарбиған мұрны бар, қызыл шашты» деп
суреттеген. Ресейлік жылнамалардағы қыпшақтардың да «жетісіп тұрғаны»
шамалы.
Тарихтың пайда болуы, алғашқы əмбебапты тарихи сана Геродоттан
басталатыны белгілі. Гректерден бөтендерді ол дəстүр бойынша «варварлар»
деп атағанымен, олардың істері мен қылықтары жөнінде, тіпті қазіргі нəсілшіл
батыстық тарихшылардан ол біршама əділ, ерекше қызығушылықпен баяндай
бастайды. Іс жүзінде ол дүниежүзілік тарихтың қаһармандарын суреттейді
жəне сол себепті оны кейін Плутарх «патриот емес» деп жазғырады. Алайда
қазіргі өркениетті адамзат Геродотты «Тарихтың атасы» деп құрметтейді.
Үлкен əріппен жазылатын «Тарих» тек өткенді баяндап, «қалай болды?»
деген сұрақпен шектелмейді. Ол «неге осылай болды?», «соның себептері
287
неде?» сияқты сұрақтарды қояды, ал «біздерден» бөлек «басқалар да» бар жəне
біздің отанымыз – аса үлкен əлемнің тек бір бөлігі ғана дейді.
Тарих философиясы қайнарларының біріне ежелгі Рим жатады. Ертедегі
антик тарихшысы, өркениет пен варварлық құндылықтарының арақатынасы
мəселесін көтерген Публий Корнелий Тациттің көзқарастары тарихи маңызды
сұрақтарға жауап бере алды. «Ертедегі рим тарихшыларының ізденістері
дұрыс бағытта болды. Онда азаматтық мұраттарға деген сенімділік, жанұяға
деген махаббат сияқты əлеуметтік мəні бар адамзаттық, өнегелік құндылықтар
бар, бірақ сонда да адамның ішкі дүниесінен, жан сарайынан бір дабыл сезімі
сезілетін секілді» – дейді Тацит. Оның көптеген ойлары əлі күнге дейін өз
маңызын жойған жоқ. Қай кезеңде болмасын тек ізгілікті ойға негізделген идея
ғана мəңгілік болмақ, ізгіліксіз ой уақытша ғана үстемдік етеді. Оған маркстік
ілім мысал бола алады. Социализм тұсындағы марксизм-ленинизм атты тұтас
ілімнің бүгінгі күні маңызы шамалы, яғни ол уақытша үстемдік еткен өктем ой
ретінде қала берді. Ойымызды жалғастырар болсақ, Тацит əртүрлі халықтардың
өмір сүру ерекшеліктерін қарастыра отырып, мынандай жағдайды байқайды:
«Гректер тек өздеріне табынады, олар жалқау əрі өз бетімен кеткен,…
арабтарда тəртіп жоқ, египеттіктер ырымшыл». Бірақ Тацит Рим
экспанциясын қолдады. Б.д.д. ІІ ғасырдың басында Римнің жаулап алу
саясатын ақтау шаралары басталған еді. Сол кезеңде Римнің саяси қайраткелері
мен сөз шешендері, Рим жаулап алу соғысын жүргізіп жүрген жоқ, керісінше,
мəдениетті, халықтар достығын жариялап жүр деп дəріптеді. Тациттің
пікірінен, римдіктердің өркениетті енгізуде «мəдениет, өркениет» идеяларын
ұстанып, осы саясатты жүргізіп жүрміз деп дəлелдегенімен, бұл идея немесе
«өркениет» теориясы шын мəніндегі өз мағынасын аша алмағанын байқауға
болады. Осындай тарихи мəліметтер қатары жоғарыда аталған əртүрлі
көзқарастардың қалыптасуына мүмкіншілік туғызды.
Антикалық тарихтың жоғарғы үлгілері Қайта өркендеу гуманистері
тарапынан
жаңғыртылды,
бəрімізге
мектеп
оқулықтарынан
белгілі
дүниежүзілік тарихтың антик, ортағасырлық жəне жаңа замандық кезеңдері
бөліп көрсетілді. Егер көне гректер тарихты тоғыз Музалардың бірі – Клионың
қамқорлығында болады десе, гуманистерде тарих əдебиеттің бір түрі ретінде
есептеледі. XV ғасырда итальяндық Леонардо де Винчи тарихты оқу əдемі
мəнер мен жоғары сүйсінуді қалыптастырады деді. Алайда бұл дəуірдің өзінде
тарих нəсілшілдік тұғырдан жəне діни-мифологиялық сана ықпалынан шыға
алмады. Мысалы, «қара нəсілді адамдар» өз əкесін балағаттаған Хамның
ұрпақтары деген көзқарас сол кездегі озық ел Италияда да кең тарады. Батыста
да, Шығыста да тарих тек қайталанбалы шеңбермен жүреді деген дəстүрлі
мəдени көзқарас үстемдік етіп келді.
Жаңа заманда тарих философиясы бұрынғыға қарағанда мүлдем басқа
əдістемелік негіздерге сүйене бастады. Біріншіден, Ф. Бэконның индуктивтік
таным əдістемесі тарихи деректі алдыңғы қатарға шығарды. Мифологиялық
санадан өзгеше тарихи сана тек болған, не болуы мүмкін, нақтылы хроникалық
тұрғыдан тіркелген оқиғалар мен құбылыстарды баяндай бастады. Осыдан
288
азаматтық тарих пен генеологиялық шежірелердің басты айырмашылығы
қалыптасты.
Әдетте ортағасырларды біз "қараңғы" жəне ондағы соғыстармен, крест
жорықтарымен, Еуропа мен Азия кеңістігінде мемлекеттердің пайда болуымен
сипатталатын "ауыр" ғасырлар деп қабылдаймыз. Алайда, осыларды ескере
отырып,
ортағасырларда
философиялық,
гуманитарлық
білімдердің
дамығандығын ұмытпауымыз қажет (мысалы, философия мен риторика үшін
үлкен
маңызы
бар
дəлелдеуші
қатаң
логиканың,
онтологияның,
герменевтиканың, заңгерліктің дамуы). Дəл осы ортағасырлық тарихнама мен
Тарихтың қоғамдық санасына заттардың əдеттегі тəртібін төңкеріп, ескімен
салыстыруға келмейтіндей жаңа əлем жасайтын жалпы əлемдік маңызды оқиға,
тарихи "рубикон", дəуірлік оқиға түсініктері енді.
Христостың дүниеге келуі, өмірбаяны, өлуі жəне тірілуі, Алланың
Пайғамбар арқылы қасиетті "Құранды" адамдарға жіберуі, "ақырет", "қиямет-
қайым" жəне т.б. архетиптер (К.Г.Юнгтің теориясының арсеналынан алынған
термин) – тарихты көру мен қабылдаудың, ол туралы пайымдаудың айшықты
прообраздары ортағасырлық адамдарда осындай "ауқымды" жəне "дəуірлік"
оқиғалар тұрғысынан ойлауды қалыптастырды. Ортағасырлық рухани
мəдениеттің басты маңызы адамдарға тарихтың оқиғаларын сана-сезіммен
игеруді, оны өзі арқылы, өзінің ақыл-ойы мен жүрегі арқылы өткізуді үйретті.
Дəл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы "тарих даналығына
құштарлық" ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана құдаймен
байланысты кəсіп ретінде түсіндірілді. Діни канондардың апологеттері мен
шіркеу иелерінің бұл даналықты игерудегі "діни емес" білімге тыйым салып,
адамдардың оны тану мүмкіндіктеріне шектеу салғанына қарамастан əр алуан
тарихи оқиғалардың артында не бар деген мəселенің қойылуының өзі тарихтың
мəнін философиялық игерудің онан арғы дамуын бекітті.
Оның үстіне, антикалық заманнан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық
жəне саяси құрылымының теориясы мен тарихының, əділетті қоғам жəне билік
туралы ілімдердің маңызы арта түсті. Осылардың негізінде қоғам мен адам
туралы философиялық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жана заман мен
Ағартушылық дəуірінде ерекше қырынан көрініп, əлеуметтік философияның
ішкі ядросын құрайтын философиялық-тарихи білімдердің негізі қаланды.
Гегель бойынша "сыншыл тарихнама" Жана заман жəне ағартушылық
дəүірінде қалыптасты. Бұл – философия мен гуманитарлық ой тарихының
таңдаулы білгірі берген ескертпе еді. Бұл тұрғыдағы көрнекі мысал ретінде
Вольтердің тарихи ғылымға көзқарасын алуға болады. Философиялық білім
тарихында ол алғаш рет "тарих философиясы", "мəдениет" жəне көбіне,
"прогресс" (бұл термин Вольтерге дейінгі философтардың жұмыстарында да, –
мысалы, Ф.Бэконда адамның табиғатты ғылымдар дамуының, математиканың,
физиканың жəне т.б. арқасында игеруі идеясымен байланысты) ұғымдарын
айналымға енгізгендігімен белгілі.
Вольтердің пікірінше, "тарих философиясы", бұл, ең алдымен,
жалпыəлемдік тарихты құру ұмтылысы (осыған ұқсас, мысалы алуан түрлі
оқиғаларды, айғақтарды, барлығын қамтитын көп томды Тарих кітабын жазу).
289
Екіншіден, ғалым-тарихшылардың ойлары туралы сыни тұрғыда пайымдау
(сондықтан да Гегель бұл кезеңді сыншыл тарихнама деп атайды). Ол мынадай
сұрақтарға жауап берумен байланысты: "Неге мына ойшыл тарих туралы
басқаша емес, дəл осылай ойлайды? Ол қай жерде жəне қалай қателеседі?
Тарихшылардың тарихи танымы мен адасушылығының табиғаты қандай?"
жəне т.б. Үшіншіден, заңдар мəселесін, тарихи үдерістің логикасын оның
дамуында жəне əсіресе оның болашағында ашу.
Алайда, ағартушылық тек үшінші мəселені қолға алды. Гегель бойынша,
оның тиісінше дəуірлерге жіктеуі бойынша тарихи білім дамуының келесі
кезеңі – тарихты философиялық пайымдау – тарихи ойлау принциптерін,
тарихтың логикасын, заңдылықтарын тану міндетін қояды жəне шешеді. Жаңа
заман философиясының ерекшілігі осы XVІІ–XVІІІ ғасырларда өмір сүрген
ойшылдардың қойған бірқатар мəселерімен байланысты еді. Ол – субстанция,
детерминизм, нақтылықты тану методтары жəне себептілік. Табиғат
субстанциясы мəселесі біршама деңгейде зерттелгенімен, "тарихтың
субстанциясы" жіктелмей, назардан тыс қалып қойды. Оны "тауып" жəне
"белгілеу" керек еді. Мұны объективтік–идеалистік бағытта болса да жасаған
Гегель болды.
Оның философиясындағы тарихтың субстанциясы – халықтар рухына,
əлемдік рухқа айналған Идея, Абсолюттік Рух. Идея, Гегельдің ілімінде
ұғымдар арқылы, ұғымдарда дамиды. Сондықтан бұл даму туралы
философиялық пайымдау – бұл қозғалыстың адамзат ойының ұғымдар
логикасында көрінуі. Бұл Тарихтағы Рух дамуының кезеңдерін тілдің
көмегімен дəл сипаттаудың, оны адал, логикалық дұрыс пайымдаудың
қажеттілігін білдіреді.
Жəне осы жерде Тарихтағы Рухтың, Идеяның дамуының ішкі мəні,
принципі туралы мəселе туындайды. Оны да "тауып алып" жəне
терминологиялық тұрғыда "белгілеу" қажет. Гегель бұл мəселеге келгенде де
бұл міндетті өзінің диалектикалық-логикалық көзқарасы мен объективтілік
позициясы тұрғысынан шешеді. Ол əлемдік тарихтың ішкі принципін тауып
жəне оны сөзбен белгілейді. Бұл принцип пен осы сөз – Еркіндік деп
белгіленеді.
Енді Гегельдің теориясы мен өзге де ойшылдардың көзқарастарын
талдауды қоя тұрайық. Жоғарыда айтылғандардан тарих туралы философиялық
пайымдаудың негізгі мазмұны мен мəнін не құрайтынын айқындадық. Бұл
ертеректе көрсетілген тарихтың мақсаты, логикасы, заңдылықтары, оның мəні
мəселелері, сонымен қатар, қазіргі философиялық тілмен айтқанда тарихи
ойлау мен танымның теориялық- методологиялық мəселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |