305
жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы – тəжірибе. Себебі тəжірибе –
тəжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тəжірибе
арқылы
дəлелденуі керек. Ал кей жағдайда тəжірибе де ақиқаттыққа жеткізе амайды,
мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол
философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.
Номиналистік
бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тəсілінен
арылып трансценденталдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы
Суарес, Лейбниц, Г.Биль сияқты ойшылдарға үлкен əсер еткен, ағылшын
ғұламасы
Уильям Оккам (1300-1349-50 ж.) болды. Оның пікірінше, əлем жеке
заттар мен мəндерден тұрады. Мəнділіктердің негізгі анықтамаларының
қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді жəне қажеттіліктің
арқасында оның мəнінен тікелей туындайды. Трансценденталийлер
категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын
жалпы ұғымдардан да
жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы,
белгілері ғана, олай болса, олар жеке дара өмір сүре алмайды, тек қана адам
ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар
болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы
бейнелеуден басталады, сыртқы жəне ішкі тəжірибе арқылы түйсініп-білуден
тұрады. Ішкі тəжірибе адам жалқыларды бейнелеудің нəтижесінде оларды
түсініп интуитивті нақты білім алса, сыртқы тəжірибеде трансценденталийлер
туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. Олай болса,
оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс.
Ғылым мен философия үшін ең маңызды нəрсе – интуиция
мен білім арқылы
ақиқаттығы дəлелденетін фактілер. Ал дəделдеудің өзі қарапайымдылыққа,
түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар
екендігін бұлжытпай дəлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана
керек. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің
қалыптасуына жəне ғылымдарға геометриялық тəсілдің үстемдік етуіне ықпал
жасады.
Достарыңызбен бөлісу: