314
кеткеннен кейін оның ет-жаны төменгі əлемге өтеді. Ал рухи-жан аруаққа
өтеді. Аруақ бұл рухтың нысаны деп аталады.
Түркі халықтарының ежелгі тотемистік нанымдары генотиптік сипатқа ие
болды. Тотем-көкбөрі (көктегі қасқыр) туралы барлық түркі мəтіндері айтады.
Тотемистік мəнге қасқырдан басқа, көшпенділер үшін бұғы,
жолбарыс,
арыстан, қыран сияқты күш пен батылдықтың символдары ие болады.
Қазақтардың пікірінше, аруақтар тотемистік бейнеде де пайда болуы мүмкін.
Мысалы, Абылай хан өз аруағы ретінде қызыл түлкіні алды. Бөгенбай
батырдың аруағы болып жолбарыс саналды. Рулық əулиелер үй жануарларына
да өз қамқорлығын таратады. Үй жануарларының əр түрінде өз қамқоршылары
болды: жылқы - Қамбар ата, қой - Шопан ата, сиыр – Зеңгі баба, ешкі – Шекшек
ата, түй - Ойсыл қара.
Кейбір басылымдарда қазақ мəдениетінде зороастризмнің ізін табуға
тырысатын ғалымдар үйлену тойы кезінде отқа май құю рəсімін парсы дінінің
ықпалының салдары деп дəлелдеуге тырысады. Алайда, бұл рəсімнің тамыры
тереңде жатыр. Ол да ата-бабаларымыздың ескі дəстүрінің бір түріне жатады.
Қалыңдық,
отқа май құйып, " От-ана, Май-ана, жарылқа!" деп аруақтардың
құрметіне үш рет иіледі. Май-ана ежелгі мəтіндерде Ұмай ана, яғни
құнарлылық пен ана құдайы деп аталады. Орхон-Енисей жазбаларында Ұмай
көктегі Тəңірі
мен Жер-Судың ниеттесі, руды жалғастырушы, қамқоршы
ретінде бейнеленген.
Қазақ халқының дəстүрлі мəдениетінде де генотеистік діни жүйенің іздерін
айқын байқауға болады. "Ант ішу" жоралғысы (табыну, қан ішудің бастапқы
мəні), құйрық пен бауыр жеу жəне т.б.
тікелей аруақты еске салады, жерлеу
дəстүріндегі «жеті күн», «қырқы», «жылын» еске алу рулық көзқарастар мен
сенімдерге негізделген. Аруақтарға қолдау көрсету немесе оны көрсетпеу
олардың ұрпақтарының қарым-қатынасына байланысты.
Аруақтарды жиі еске
түсіру, олардың құрметіне құрбандық шалу (егер исламда құрбандық шалу тек
діни мерекелер кезінде жасалса, онда көшпенділер оны өмірлеріндегі елеулі
оқиғаларға байланысты жасаған) адамдар үшін қолайлы жағдайлар туғызады
деп есептелді. Діни жүйені өткеннің сарқыншағы ретінде бағалауға болмайды.
Мысалы, қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы мəдениеті
бар жапондықтар
буддизммен қатар генотиптік синтоистік дінді сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: