Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет22/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   130
Философия Оқулық (3)

әлеуметтік негізі.
Биологиялық шарттар
1. 
Маймыл тəрізді хайуанаттардың, адамға аз да болса ұқсас 
биологиялық түрдің пайда болуы. Неандерталдық, денистік, кроманьондық 
адам. 
2. 
Бастағы ми, нерв жүйесінің күрделенуі. Екінші сигналдың – 
объективті затты алмастырушы субъективтік бейнелердің сырт белгілерінің 
(дыбыс, қимыл, т.б.) дамуы. 
3. 
Дене құрылымы, тік тұрып жүруі, аяқ-қолдарының жетілуі, қолдың 
босап, ойда туғандарды істе тексеру мүмкіндігінің артуы.
Әлеуметтік негіз
1. Инцеске тыйым салу. Еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеу, күштің 
көбеюі. 
2. Сөз, тілдің пайда болуы. Еңбек құралдары табиғатта дайын түрде жоқ, 
оны жасауда жас ұрпаққа үйрету, тілді жетілдірудің қажеттілігін тудырады. Сөз 
өз кезегінде абстракциялық ойлауды (бейнелермен алдын ала мида жұмыс 
істеу) дамытады. 
3. Адамдар арасындағы материалдық, рухани қатынастардың жетіліп, 
сүйіспеншілік, өзара көмек, келісе шешуі өседі. 
4. Адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың – өндіріс, отбасы, 
ұлт, тіл, т. б. əлеуметтік құрылымдардың күрделенуі, əртүрлі ілімдердің пайда 
болуына əкеледі.
Тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар, ол барлық 
материяға тəн – бейнелеу қасиеті. Бейнеулеу (шағылысу – отражение) заттар 
мен құбылыстардың жан-жақты байланысы (тікелей немесе аралық заттар мен 
құбылыстар арқылы) мен əсерлеуінің салдары. Дүниедегі көрінген заттың 
өзгерісі барлық басқа заттардың өзгеруіне əкеледі. Әрбір зат сол өзгерудің ізін 
өз бойында сақтайды, соған сəйкес өмір сүру тəртібін түзетіп отырады, сөйтіп 
қоршаған ортаға бейімділігін байқатады. Бейнелеу – əрекеттескен заттардың 
құрылымдық деңгейіне тəуелді болғандықтан, оны механикалық, физикалық 
деп ажыратып қарауға болады. Бейнелеудің екі түрі бар:
1) Изоморфизм (гр. ioog – бірдей форма) – объекті мен оның бейнесі 
арасындағы айнымас ұқсастық 2) Гомоморфизм (гр. бір, тең) – объекті мен 
оның бейнесі арасындағы ұқсатық дəлме-дəл емес, мөлшерлі, жоба түрінде 
болуы. Бейнелеудің жоғарғы түрі, биологиялық түрлерде қалыптасады. Зат 
алмасу бар жерде, тіршілік өмір бар. Физиологиялық процесс, тірі организмнің 
өмірі тітіркенуден басталады (бір клеткалы құрылымдар, өсімдіктер дүниесі). 
Тітіркену ең қарапайым жəне жабайы организмдерден бастап, барлық тірі 
организмдерге тəн қасиет.


57 
Психикалық (жүйке жүйесі). Жеке сезім мүшелері арқылы бір нəрсенің 
жеке қасиетінің бейнесі пайда болады. Оны – түйсік (ощущение) дейміз. 
Объект келбетінің пайда болуын, шындықтың толық бейнеленуін, қабылдау 
деп атайды. Елестету дегеніміз – еске байланысты түйсік пен қабылдаудың 
бергенін мида сақтап, жаңғырту. Түйсік –қабылдау, елестету, бейнелеудің 
идеалдық түрі. Бірақ олардың барлығының шығар көзі материалдық. Сана 
материяның туындысы болғанымен материалдық емес, идеалдық. Оның себебі: 
бейне зат емес, ол əркімде əртүрлі жəне тарихи өзгеріп отырады. Бейне мидағы 
физиологиялық процеске де тең емес (оларды теңестіретіндер бар, оларға 
тұрпайы материалистер жатады). Сөздің де материалдық жағы (белгісі) жəне 
идеалдық жағы (мəні-бейнесі) бар. Сөйлеу мен ойланудың да айырмашылығы 
осындай: ойлау – ұшқыр болады, сөйлеу – материалдық болғандықтан, оған 
ілесе алмайды. 
Адам ойлауды, елестетуге сүйеніп жүргізеді. Елестетуде заттың негізгі 
жəне негізгі емес қасиеттері ажыратылады, ой негізгілерінің арасындағы 
тұрақты байланысты анықтап, зат дамуының заңдылықтарын ашады, оны 
практикада тексеріп бекітеді. Сананың негізінде білім, білу жатыр. 
Материалдық-практикалық қызмет адам өмірінің негізі, ол практикалық іс-
əрекет, еңбек. Сана шындықты тек бейнелеп қана қоймай, оның заңдылықтарын 
ашып, оны жасайды да. Бұл оның белсенділігі, шығармашылығының негізі. 
Адамды қоршаған қазіргі барлық əлем бұрынғы қаз қалпындағы табиғат 
емес, оның санасы, ақыл-ойы арқылы, мақсат пен мүддесіне сай өзгертілген 
жасанды орта, екінші табиғат, реттелген əлем. Әрбір адам туа салысымен өткен 
ұрпақ жасап кеткен дайын заттар дүниесіне, қалыптасқан қатынастар жүйесіне 
келеді. Яғни, оның объективтік шындыққа қатынасы – денесінің биологиялық 
құрылысына ғана емес, негізінен қоғамның тарихи даму деңгейіне, басқа 
адамдармен байланысу тəжірибесіне тəуелді. 
Тарихи өзгеріп, жетіліп отыратын білім – этникалық, эстетикалық 
қағидалар мен нормалар, діни, ғылыми, құқықтың, саяси идеялар мен 
көзқарастар əрқашан адам мен қоршаған ортаның аралығында тұрады. 
Адамның шындыққа ең бастан-ақ бір түсінік, ұғыммен қарауы - оның 
саналығы, рухани жан ретінде қалыптасуының кепілі. Сондықтан, 
руханилықтың алғашқы белгісі дүниені санада пайда болған идеалдық-
психикалық модель арқылы танып, соның негізінде мүддесін анықтап, 
жоспарлы іс-əрекеттер жасау деуге болады. 
Жануарлар өз биологиясының, дене талабының құлы, соның 
заңдылықтарынан шығып кете алмайды, табиғатты соның бір құрамды бөлігі 
болуымен ғана өзгертеді. Санаға ие болған адам табиғатты өз білімімен, 
еңбегімен белсенді түрде өзгертіп, өзі де қоса өзгеріп отырады, табиғи-
биологиялық заңдар шеңберінен шығып еркін даму жолына көшеді, тіпті өзінің 
дене құрылымын да өзгертуге мүмкіндік алады. Санасы берік, рухы күшті 
адамдар əулиелер деңгейіне дейін көтеріледі, өлімді де қасқая қарсы алып, елді 
тəрбиелеуге ерекше үлес қосады. Бұл олардың өзіндік санасының ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет