Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет23/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130
Философия Оқулық (3)

Өзіндік сана – сананың жетілген дəрежесі. Оның негізгі көрсеткіші – өз 
ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап, қажеттілік, 


58 
құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-əрекеттеріне жауапкершілікпен қарау. 
Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Алғашқыда 
адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі ретінде қоршаған табиғаттан 
бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі деп қарап оған қарсы тұрады да, 
мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін еңбек қарулары жетіліп
жеке семья ретінде өмір сүру мүмкіндігі туғанда, рулық сананың орнына 
жекелік сана, «біз» түсінігінің орнына «мен» ұғымы келе бастайды.
Жеке адам өзін-өзі енді көрінген басқа адамға, тіпті туыстарына да қарсы 
қоя бастайды. Қара күш, соғыс қаруының жетілуі, айлакерлік, алдап-арбау, 
шағыстыру, т.б. қасиеттер дамып, қоғамның тұрақтылығына қатер төнеді. 
Осыны тоқтату қажеттілігінен жақсылық пен жамандықты ажырату, оларды 
табиғаттан тыс күшке (əр елдің табиғаты əр-түрлі, құндылықтары ерекше 
болғандықтан) табынып бағыну, яғни алғашқы жүйелі идеология əлемдік 
діндер қалыптасады. 
Кең ауқымды, жалпы көзқарастық идеалдық-психикалық модельдер діни 
ілімдердің жемісі, шынайы толық мəнді руханилық осы кезден пайда болады. 
Идея, идеал үшін өзіңнің табиғи ұмтылыстарыңды тежеу, өзіңді-өзің тəрбиелеу, 
өз-өзіңе жауапкершіліктер жүктеу, жаңа сапалыдағы адамның тұруына тың жол 
ашады. Бірақ діннің мазмұнында мифологиялық білім, о дүниедегі ең ауыр 
тəндік жазамен қорқыту, қара күш қолдану басым. Мұнда саналы 
ұстанымдардан гөрі басқаларға еліктеу, елдің сөзінен қорқу көп орын алады. 
Сондықтан нақты ғылымның, соған сүйенген рационалдық философияның 
жаңа замандағы айрықша дамуы, діннің рөлін күрт төмендетті. Осы кезден
бастап руханилықтың ғылыми негіздемелері жасала бастады. 
Руханилықтың негізгі мəні – саналы түрде қоғамның тұрақтылығын, 
келісімділік өмірін жетілдіріп, адамның еркіндігі мен шығармашылығына 
жағдай туғызуға ат салысу. Ол өз бастауын «қоғам болмаса – адамның да 
болмайтыдығын» интуитивтік деңгейде бағдарлаған алғашқы қауым адамынан, 
«өмірді – күрес» дейтін биология заңына қарсы тұрып, барлық күнəні 
табиғаттан іздеген, барлық адамдардың теңдігін паш еткен діни ілімдерден 
алады. Адамның рухани жан ретіндегі бақыты – өз өміріне риза болып өту, 
табиғаттың берген барлық мүмкіндіктерін өз бойынан ашып, оны елі, жері, 
халқы үшін жұмсау. Шығыс өзінің ұзақ тарихымен адамның руханилығын ту 
етіп, соны игеруге ұмтылды (медитация, күрес өнерінің ішкі мəні, т. б.), 
материалдық байлық, өткінші тəн қызығуларына ұстамдылық көрсету, 
қанағаттылықты насихаттады. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың «Адам бол!» 
талабы бұған ақылды, білуді, үйреніп іскер болуды қосады, шығыстың 
руханилыққа ұмтылуын толықтырып, адамның белсенділігін оятады. Бірақ ол 
капиталистік жүйеден келген жалаң, арам, қылмысқа толы іскерліктен қашып, 
руханилық негізді қатаң ұстанғанды жөн санады. 
Жетілген сана – өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды 
түсіну, ол тек адамға тəн, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі. 
Өзіндік санаадамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық жəне саяси 
салаларда өзінің іс-əрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, 
өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын жəне жүріс-тұрысының дəлелін білуі, 


59 
өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана 
əр уақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана – білім. Менен басқа жерде 
еркін өмір сүре алмайды», – дейді Гегель. Оның мəні кісінің сезіну, күйзелу, 
ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. 
Ол əр адамның бірегей құндылығын жəне біртума тұлға екенін, өзінің «Менің» 
табиғаттан жəне адам əлемінен бөлінуін түсіндіруді талап етеді. Кеңірек 
алғанда, өзіндік сананың əлеуметтік топтарға, этносқа, т.б. қатынасы болады. 
Теориялық ойлау дəрежесінде ол рефлексия (сананың өз-өзіне назар аударып, 
өзінің псикикалық күйіне ой жүгіртуі) түрін де қабылдайды. Өзіндік сана – 
тілдің дамуына да ерекше байланысты. Адам қабілетінің өсуі, ой-өрісінің 
шамасы ана тіліне көп тəуелді болады. Өзіндік сана бір жағынан танымдық, 
екінші жағынан əрекеттік рухани құбылыс, ол философия, социология, этика, 
психология, этнография, педагогика сияқты бірнеше ғылымның басын 
біріктіретін құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет