Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет24/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   130
Философия Оқулық (3)

Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр 
адам саналы. Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен 
бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана – əр адамның жеке басына, біліміне, өмір 
сүруі жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тəрбиесіне байланысты қалыптасады. 
Оған болып жатқан жағдайлар, экономикалық, топтық, саяси, əлеуметтік 
мəселелер де əсер етеді. Бірақ жеке сананың өрісі, қоғамдық санаға қарағанда 
тар. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған ортақ, мазмұны 
терең сана жəне қоғамдық болмыстың бейнесі, оның туындысы. Қоғамдық сана 
- əлуметтiк ортадағы əрқилы сезiм, көңiл-күй, көркемдiк жəне дiни бейнелер, 
идеялар, көзқарастар мен теориялар жиынтығы. Қоғамдық сана құрамында 
өткен ұрпақтың білімі, идеологиялық жетістіктері, мəселелерді талдау əдіс-
тəсілдері көп орын алады. Соның нəтижесінде қазіргі қоғамдық болмысты да 
біз тарихи сабақтастық тұрғысынан суреттеп зерттеуге икемдіміз. Бұл 
қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі жəне жеке адам санасы тəрізді 
құрып кетпейтіндігінің куəсі. Қоғамдық сананы ары қарай дамытып 
жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі бір 
санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек 
осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мəңгілікке өтеді, қоғамдық-
ұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады. 
Қоғамдық сана – бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау əдістері арқылы 
ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына əсер етуінің екі жолы бар: 1. 
жеке адамдар санасы арқылы; 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, 
радио) арқылы. Қоғамдық сана – өте күрделi құбылыс. Олардың əрқайсысы 
өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты 
тiкелей жəне жанама байланыста болады. 
Қазiргi əлеуметтiк философияда қоғамдық сана құрлымы деңгейiнде: 
қарапайым және теориялық сана; қоғамдық психология және идеология
қоғамдық сана формалары болып бөлiнедi.
Қарапайым сана – ғылыми емес, бірақ тікелей күнделікті өмірден шыққан 
сана. Теориялық сана – белгілі бір деректерге сүйенген, ғылыми ұмтылыстан 
туатын қорытындылар, қағидалар, заңдылықтар, көптеген мəселелер туралы 


60 
ғылыми көзқарастар. Сонымен бірге тек болжамдарға сүйенген қате қағидалар 
да теориялық негіз құрайды. Бұл теориялар ғылыми бола алмайды. Теориялық 
сананы қоғамның идеалдық моделі деуге болады, ол əрқашан деректермен 
толықтырылып, жаңартылып отыруы керек.
Қоғамдық психология мен идеология – əлеуметтiк негiзде түрi жəне 
мазмұны болып бөлiнедi. Түрі – психологиялық, идеологиялық болса, мазмұны 
– жалпы халықтық, ұлттық, таптық, кəсіптік, жыныстық, т. б. болып келеді. 
Қоғамдық психология күнделікті өмірден туатын қоғамдық сананың төменгі 
түрі, идеология оның жоғарғы сатысы. Қоғамдық психологияның 
қалыптасуына қоршаған орта, климат, шаруашылық, кəсіп, жер байлығы, əдет-
ғұрып, той-томалақ, əн-күй, т.б. əсер етеді. Қоғамдық идеология – ғылымға 
жақын. Идеология рухани өмірдің күрделі түрі, теориялық тұжырымы. Бірақ 
онда объективтік білімнен басқа субъективтік ұмтылыстар – белгілі бір топтың, 
ұлттың мүддесін қорғау бар. Қоғамдық сананың түрлері: 
 1. Саяси сана таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің 
қатынасын қарастырады. 
 2. Құқықтық сана. Тек тəрбиелеу, адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі 
мақсаты – демократиялық заңдар арқылы теңдік, əдептілік қағидасын, адам 
бостандығын қорғау.
3. Моральдық сана (лат mores – əдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, 
абырой, адамгершілік жəне əдептілікті – өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық 
салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-əрекеттерін реттеу функциясын 
атқаратын əлеуметтік институт.
4. Эстетикалық сана. – Өнер, əдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. 
Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса 
маңызды тəсілі.
5. Дiни сана. Дiн дегенiмiз – күнделiктi өмiрде сыртқы күштердiң адам 
санасында қияли түрде бейнеленуі. Дiн əр уақытта табиғаттан тыс күшке сенуге 
мəжбүр етедi. Оны мифологикалық түсiнiктер əдет-ғұрып жəне мистикалық 
көңiл-күй арқылы негiздейдi. 
6. Философия – ой жүйесі, дұрыс ойлауды үйрету. Адамның қоршаған 
дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім.
7. Ғылым – қоғамдық саналардың бəріне тікелей қатысты теориялар 
жиынтығы. 
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ өз құрамында өткен 
ұрпақ санасының ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола 
алмайды. Жəне ол болмысқа кері əсерін тигізіп, оның өзгеруіне ықпал жасайды. 
Сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тəуелсіздігін мойындауымыз 
керек. 
Бұл 
қалыптасқан 
болмысты 
құптаушылардың, 
оған 
қарсы 
шығушылардың бар екендігімен дəлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың 
əсерімен ғана дами алатындықтан, ол əркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.
Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірақ, санасы жоқ 
табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ 
табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен-бірі жоғары даму 
сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындығында да 


61 
өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге 
болады. Шеллинг табиғат дамуын, кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан 
қарастырғанына қарамастан оларды шын мəнінде механикалық қозғалыс, 
немесе механикалық даму деп есептеген. Өзінің осы натурфилософиялық ілімін 
шеллинг трансцендентальдық философия деп аталатын ілімімен толықтырады. 
Бұл ілім бойынша, субьективтілік алғашқы бастама, қайнар көз, абсолют 
ретінде барлық мəнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Бірақ, əңгіме 
сезінудің, немесе ақыл-ойдың субьективтілігі туралы емес, керісінше, –
танымның ерекше құралы – ақыл-ойдың заттардың тікелей бақылауы туралы 
болып отыр. Шеллинг өзінің осы таным тəсілін “интеллектуалды интуиция” деп 
атаған. 
Эмпирикалық нақтылық заттарында бірде табиғат заттары, бірде рух 
көрінісі табады. Демек, олар бір-бірімен тепе-тең (тождество) жағдайда болады. 
Табиғат пен рухтың тепе-теңдік идеясы шеллинг философиясының басты жəне 
негізгі проблемасы болып табылады. Бұл мəселені түсіну үшін алдымен 
абсолюттік ақыл-ой дегеніміз не екенін түсініп алуымыз керек. Абсолюттік 
ақыл-ойда субъект мен объект бір-бірімен ажырамастай бір. Себебі субъектіде 
объектіні ойлайтын да, объект ретінде субъектіге байланысты өмір сүретін де – 
сол абсолюттік ақыл-ойдың өзі. Осындай абсолютте барлық қарама-қарсылық 
(субъект мен объектінің, табиғат пен рухтың т.б.) жойылып, идеалдылық пен 
нақтылық тепе-теңдігіне айналады. Демек, ақыл-ойдың санасы дегеніміз, 
құдайдың өзіндік санасы, себебі құдайдың өзі – ақыл-ой. Басқаша айтқанда, 
шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде қарастырады. Жеке тұлға – құдай мен 
жеке тұлға – адамның айырмашылығы: құдай жеке тұлға, бостандық ретінде 
шексіз болса, адамда бұл аталған құбылыстар шектеулі. Жалпы əлемдік 
нақтылық не табиғат, не рух ретінде көрінеді. Олай болса, табиғат патшалығы 
мен рух (тарих) патшалығы бірінен кейін бірі орналасқан қатар (даму) түзейді, 
ал олардың жеке сатылары “потенция” (мүмкіндік) деп аталады. Осы жеке 
сатылардың – потенциялардың бір-біріне туысқандық қатынастары, олардың 
ортақ түрі – абсолютке байланысты. Демек, потенциялар (жеке сатылар) бір-
бірінен руындамайды, керісінше, оларды өзінен абсолют шығарып, өзінің 
толық ашылғандығын көрсетеді. өзінің соңғы шығармасында, Шеллинг дін 
тарихын метафизика тұрғысынан қарастырып, дінге жəне мистикаға бет бұрып, 
“кездейсоқ жағдайда ақиқатты философия тұрғысынан ашу” ілімін жұрт 
алдында насихаттауға талпынады.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет