Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет25/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130
Философия Оқулық (3)

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 
1 . Философия жүйесіндегі сана категориясының рөлін негіздеңіз 
2. Сананың пайда болу негізі (генезисі) жəне сана – бейнелеудің жоғарғы түрі ретінде 
3. Сана жəне сана-сезім, өзіндік сана, ішкі сұхбат, өзіндік сананың механизмі 
4. Бейсана психикалық феномен ретіндегі мəні 
4. З. Фрейд іліміндегі санасыздық концепциясы; ол, мен, жоғарғы Мен мəселелерін 
түсінудің мəні 
5. К. Юнг концепциясындағы ұжымдық бейсаналық пен оның «архетиптерінің» 
философиядағы орны 
6.Сана – адамның өмір сүруінің формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгертудің 
тəсілі 


62 
7. Сана жəне сана-сезім, өзіндік сана, ішкі сұхбат, өзіндік сананың механизмі 
 
 
 
 
 
4-ТАҚЫРЫП. ОНТОЛОГИЯ.  КЕҢІСТІК ЖӘНЕ УАҚЫТ. 
ФИЛОСОФИЯНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
Тақырыптың мақсаты: Философиялық онтология мен метафизикалық мәселелерге 
теориялық талдау беру 
 
4.1. Болмыс философиясы
«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «оntos»
болмыс, «1оgos» ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс 
туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап 
қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл 
бойы философтар əлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның 
нəтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда 
«болу» деген қасиетке ие болатын барлық нəрселер мəнін ашуға негізделетін 
болмыс мəселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі 
категориясы «болмыс» болып табылады. 
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына 
арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде 
басқа да категориялар арасыңдағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып 
табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, 
өйткені ол заттардьщ мəнін бейнелейді. Бұл мəнділік «болудың» сипаттамасы 
болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мəселелерді шешу 
барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды 
жəне бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін 
адамды мынадай сұрақтар мазалайды: «Қоршаған орта нені білдіреді?», «Оның 
шығу тегі қалай?», «Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?». 
Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмəн 
келтіріліп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлдебір 
бір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған экзистенциалдық 
дағдарыстық ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмəн 
келтірілетін əлеуметтік катаклизмдер мен əлеуметтік сілкіністер тұсында 
ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны кұдайлар мен 
қалыптасқан нормалар болған өмірлік тіреуден айрылу, тұрақтылығына 
ғасырлар 
бойы 
адамдар 
сеніп 
келген 
этикалык 
құндылықтардың 
салыстырмалығы мен субьективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар 
бойы қалыптасқан байырғы көзқарастардың жойылуына əкеледі. 
Қалыптасқан экзистенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты 
рационалды түрде негіздей отырып, оның шынайылығына сенімділік білдіретін 
философия көрсетеді. Болмысты рационалды негіздей отырып, философия 
осыған дейін өмір сүріп келген мифтік-діни тəжірибеге философиялық 
рефлексия жасай отырып, дүниетанымдық мəселелермен айналысады. Осы 


63 
уақытқа дейін пайымдалмай келген болмыс осы жерде орны бар мəнділік 
ретінде зерделене бастайды. Болмыс мəселесі – бұл өз бастауын адамзат 
баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан (сағымдардан) бас 
тартқан кезінен алатын философиялық рефлексиялардың бірі. Философияның 
қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық-
мистикалық көзқарас шеңберінен шығып, оның мəнділігіне алғаш рет үңіле 
бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам нақты əлем туралы, 
өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің əлемдегі нақты 
рационалдық үстемдігінің мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын 
көзқарас қалыптастырады. 
Философия арқасында адам өз құдіретінің жана формасына ие болады. Бұл 
көзқарас бастапқыда адамға қуанышты əсер етті, кейінірек əлемге деген 
астамшыл қатынасты қалыптастырса, ал XX ғасырдың соңына қарай адам ол 
қатынасын жоғалтып, негативті бағалауға көшті. Бірақ бұның келешегіне 
қарамастан, бастапқыдағы ақыл-ой құдіретіне деген сенім мен сүйеніш адамға 
рухани еркіндік пен белсенді əрекет сыйлады. Әлемге деген мүндай белсенді 
əрекеттік жəне рационалды қатынас болмыстағы белгілі бір тұрақты жəне 
қажетті нақтылық туралы ойға бүтіндей негізделді. Бүл ой əлемде белгілі бір 
зандылықтың, тəртіптілік пен үйлесімділіктің бар екендігі туралы идеямен 
тығыз байланысты болды жəне философияның көмегімен негізделді. Ал 
адамның тұрақты жəне реттілікпен өмір сүруіне кепілдік беретіндей нəрсе, 
əрине, ақыл-ой болып табылады. 
Әлем мен Адам тұрақтылығының кепілі өз-өзіне жеткілікті жəне 
универсалды абсолюттік ақыл-ой болып табылады. Бұл абсолюттік ақыл-ой 
əлемдегі тұрақтылықтың, тіреудің жəне реттіліктің негізі ретінде абсолюггік 
болмыстың бар екендігін айғақтайды. Осы болмысты зерде арқылы пайымдауға 
мүмкіндік беретіндей абсолюттік ақыл-ой Тұтастық пен Универсалдылықтың 
кепілі бола алады. Ал ойдағы болмыстың өзі тұтас жəне ажырамас, нағыз жəне 
мəнділік ретінде қалыптасады. Бірақ осындай сипаттамасыз болмыс та, ақыл-
ойдың өзі де жоқ. Абсолюттік ақыл-ой ретіндегі философияның өзі барлық 
жалпылық туралы рефлексия, Әлем мен Адам, олардың арақатынастарына 
абстракциялық деңгейде рефлексия жасау. Міне, дəл осындай негіз ақыл-ойды 
құрылымдауға (конструирование) мүмкіндік береді, яғни болмыс туралы тек 
оған деген ойша көзқарас арқылы пайымдауға жағдай жасайды. Болмыстың бар 
екендігі туралы тек рефлексия арқылы, ол туралы абстракциялық ой-толғау 
арқылы ғана көз жеткізуге болады. Егер абсолюттік ақыл-ой болса, онда ой 
арқылы болмыстың өзін жете игеруге жəне ол туралы түйіндер жасауға болады. 
Болмыс туралы абстракциялық-пайымдық көзқарас оның уақыттан, сезімнен 
тыс екендігі, оның жойылмайтындығы туралы шарттармен толықтырылады 
жəне оны тек зерделеу тəсілімен, яғни философиялық рефлексиямен ғана 
игеруге болады. Демек, болмысты игеру барлық жалпылық деңгейінде мүмкін 
болады. Жəне адам осы философиялық рефлексиялау қабілеті арқылы осы 
барлық жалпылықты мойындағандықтан, бұл таза ақыл ретінде адамның əлем 
туралы көзқарасына оның реттілігі, заңдылығы жəне қажетгілігі туралы идеяны 
қосады. Құдайдың құдіретіне күмəн келтірген адамдардың ең бастапқыдағы 


64 
азапты ізденістері, осы абсолютгік бастау идеяларымен байланыстылығы 
бекерден-бекер болмаса керек. Олар бұл өзіндік универсалдылыққа өзін-өзі 
саналы түрде сезіну арқылы, субъективтілікке ие болу арқылы жетті, ал оны 
бірегейлендіру таза ақыл болып табылады. Ақыл-ойдың болуы мен оның 
болмысына деген сенімділікке ие болу адамға өзінің болмысында жөне əлем 
болмысында рухани күш-жігер береді жəне өзін, санасын жəне қоршаған 
ортаны өзгертуге, əрекет етуіне жағдай жасайды. 
Ал өз ойы мен жоспарын, сыртқы құрылымды өзгертудегі өз əрекеті мен 
актін жүзеге асыру үшін адам əлемге деген көзқарас тəсілі бейнеленетін жəне 
ондағы адам болмысы анықталатын философиялық онтологияны дайындап 
шығаруы тиіс. Әлемдегі адам болмысының тəсілі жəне əлемге қатынас 
типіндегі оның бейнелену тəсілі онтология болып табылады жəне одан бүкіл 
адам əлемі туындайды. Демек, əлемдегі Адамның позициясы көбіне 
социомəдени нақтылықты, яғни Адам əлемін пайымдау мен қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет