Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Шығыстық мәдениет әлеміндегі адам болмысы



Pdf көрінісі
бет26/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   130
Философия Оқулық (3)

Шығыстық мәдениет әлеміндегі адам болмысы. 
 Шығыс дəстүрлерінде болмыс тақырыбының қалыптасуы шынайы жəне 
өткінші болмыс тақырыптарымен тығыз байланысты. Болмыстағы шынайылық 
пен өткіншіліктің ең ертеде түсіндірілуі мен олардың айырмашылығы Ригведа 
гимндерінде (Насадиясукта) кездеседі. Онда «сат» деп белгіленетін шынайы 
болмыс хаосты үйлесімділікке, тəртіпке заңды түрде реттейтін əлемдік күш 
ретінде анықталады. 
Өткінші əлем шынайы болмысты алмастыратын, салыстырмалы түрде 
ауысып отыратын, көзге көрініп қана тұратын сағым тəрізді нақтылық болып 
табылады. Шынайы болмыстан өзге шрамандар болымсыздықты да айырады. 
«Асат» деп атай отырып, аскеттер оны қиратушы күш ретінде сипаттайды. 
«Кена-Упанишадтағы» интеллектуалдық пайымдауларда болмыс сезім мен 
ақыл-ой арқылы қабылданбайтын, бірақ өз формаларының нақты көрінісі 
арқылы оның бар екендігін тұжырымдауға болатын – Брахман деп 
түсіндіріледі. Егер оның формалары болса, онда оның мəні де бар, – деп 
түйіндейді аскеттер. Ал мəнділік деген не? Бұл сұраққа Удалака былайша 
жауап береді: «Барлық ... жаратылыстың түбірі Мəнділікте, тұрағы Мəнділікте, 
сүйеніші Мəнділікте». «Бхагавадгитада» мифтік Кришна Брахман деп аталатын 
мəнділік түріндегі болмыс туралы айта келіп, шынайы болмыс пен өткінші 
болмыстың айырмашылығын дəл көрсетеді. Кришна үшін шынайы болмыс – 
Жоғарғы Брахман – мəңгілікке оранған болмыс. Оның басталуы да, анықталуы 
да болмайды, оны ешкім туғызбайды, ол бұзылмайды жəне оның мəні бүкіл 
əлемді жəне одан тыс нəрсені де алып жатыр. Брахман – жалғыз, ол бір мезетте 
мəнді де мəнсіз, ол мəңгілік жəне шексіз. «Бұл бүкіл əлемнің өн бойын 
қамтитын нəрсе, ешқашан да бұзылмайды. Тек денелер ғана өткіншінің бейнесі. 
Ол болса – мəңгілік. Өлшенбейтін, ол ешқашан да өлмейді». 
Брахман түріндегі болмыс туралы идея шрамандардың ең алғаш əлемнің 
мифологиялық картинасына деген сенімді жоғалтқанда ең алғаш халық алдына 
шыққандағы рационалдық принципі болды. 
Ертедегі Үнді аумағындағы ұлы өзгерістер тұсында, бір мифологиялық 


65 
түсініктің орнына екіншісі келіп, бірақ өздерінің қүдайларына деген сенімді 
жоғалтып жəне де жаңа өзге халықтардың əкелген құдіретіне сенбестік білдіріп, 
адамның өмір қамына қатысты маңызды мəселелер шешімін таба алмай жатқан 
кезінде адамзат ақыл-ойының күшіне деген шаманның (бақсының) бойындағы 
үміт халықтың бойында сенімділік ұялатты. Осылайша Арджуна Кришнаның 
өткір уəждеріне сене отырып, соғысқа батыл кіріседі. Оның батылдығы мен 
өжеттілігі, Брахманмен мəңгі байланыс орнатқаны үшін, Атманнан қолдау 
табады. 
Адамға ашылған Ақиқат бойынша ол «Менге» (Атманға) ие бола отырып, 
өз мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейте түседі, егер өз болмысында үйлесімділік 
болмысын, табиғи əлем болмысын бұзбай, заңмен, тəртіппен жүрсе 
Мəнділікпен байланыс орнатуға қабілетті болады. Адам болмысы ол өзінің 
«Менге» ие болғанын санасымен сезіну арқылы ашылады, яғни өзіндік 
«Меннің» рухани көкжиегін кеңейту арқылы, өзінің əлемге қатыстылығын, 
əлемнің байланыстарын, құрылымдық элементтерін, формаларын бұзбай əрекет 
ету мен пайымдалған болмыс арқылы Брахманмен қосылуға болады. 
Көрінбейтін Универсум идеясын негіздей отырып, үнді онтологиясы адамның 
əлемдегі өзіндік позициясын айқындайды. Әлем жетілген жəне əдемі, өзінің 
құрамдас-құрылымдық элементтерімен өзі туралы кез-келген көзқарастан асып 
түседі. Сондықтан қайта құруға тырысқан кез-келген белсенді ұмтылыс жүзеге 
аса қоймайды. Адам көрінбейтін Мəнділіктің əр түрлі құрылымдық түзілімдері 
мен формаларын ұғынуға қабілетті жəне соның негізінде ол туралы кез-келген 
логикалық конструкция бір жақты жəне шектеулі екендігін түсіне алады. 
Шектеулі жəне бір жақты көзқарастар əдетте нақты емес, бір белгісіздікке деген 
сенімді туғызады. Адам болса, философиялық рефлексияның көмегімен 
Нақтылықтың (көрнекіліктің) не екені туралы білім ала алады жəне ол 
болмысқа ие болады. Осы Нақтылықты негіздеу – философияның 
прерогативасы жəне ол адамға тыныштық əкеледі, Мəнділікпен бірігуін, 
онымен байланысын қамтамасыз етеді. 
Индуистік дүниетанымда болмыстың тұтастығы, əр түрлі барлық үдерістер 
мен заттарды біріктіретін жалпылығы туралы Да идея бар. Бұл идея əлем мен 
адам өмір сүруінің шеткі түпнегізін іздеуге бағдарлайды. Болмыстың шеткі 
түпнегізінің субстраттық жəне құрылымдық сипаттамаларының дəйекті 
дəлелдемелерін іздестіруге ұмтылу адамға бұл дүниенің шынайы болмысына 
сенуге, өзін осы əлемнің құрамдас элементі ретінде сезінуге негіз болады. 
Индуистік дүниетанымдағы мұндай бағдар эзотериялық емес көңіл-күйдегі 
адамның бұл дүниедегі бар нəрсемен қуануға жəне шаттануға ұмтылуын 
бейнелейді. Даршандардың дүниетанымынан көрінетін рухани жетістік 
позициясы тек сезімдік лəззат алуға деген құмарлыққа жəне əлемге деген бір 
жақты гедонистік көзқарасқа қарсы бағытталғанымен, А. Швейцердің 
пікірінше, өмірді теріске шығармайды, керісінше, өмірге терең ізгі құрметпен 
қарайды. Өмірге деген тіршіліктік жəне материалдық мүдде теріске 
шығарылмайды. Олардың концептуалдық түйіндерінің мəні материалдық 
əлемде бар затгар мен үдерістердің болмысын жоймау, табиғаттың 
(Брахманның) бекіткен тəртібін бұзбаумен сипатталады, себебі дхармамен 


66 
орнатылған үйлесімділік бұзылса, адамның бұл іс-əрекеті қауіпті деп саналады. 
Олардың философиялық ой толғаулары мен апологетикасы, сондай-ақ, рухани 
болмыс құндылықтарын пайымдаумен жəне сезінумен де байланысты. Бұл 
рухани болмыс адам болмысына қажетті Карма заңдылығын бұзбай, əлемдегі 
тепе-тендікті сақтауға мүмкіндік береді. Рухани жетістікке жету, бұл əлемде 
болуыңның белгілі медитациясын жасау жəне қоғамның, отбасының жүктейтін 
міндеттері мен функцияларын орындау, даршандардың ойынша, индивидтің 
күнделікті тіршілігінде жетіспей жататын нəрселердің орнын толтырады. Бүкіл 
ғаламмен салыстырғанда өзінің бұл дүниеде болуының бір мезеттік екенін 
сезінген адам əлемнің өзара бір-бірімен тығыз байланыстылығын жəне өзінің 
жауапсыз болмысы мен бас пайданы ғана көздейтін əрекеті өз ұрпақтары үшін 
қандай салдар əкелетінін (Калиюта) үғынуы тиіс. Индивидтің болмысы заттар 
мен үдерістердің жəне ниетті, құштарлықты қанағаттандыруға қажетті тағы 
басқа нəрселермен байланысты болғандықтан, дхарма, карма, артха – бұл 
индивидтің соңғы мақсаттарының пайымдық анықтамалары болып табылады. 
Рухани болмыс қажеттілігіне бағдар ұстанған үнділік даршандар өмірді 
негізгі атрибут ретінде санай отырып, оның барұлық құбылыстарын да теріске 
шығармайды. 
Бұл 
олардың 
субстанционалдық 
əлем 
туралы 
айналысқандықтарынан көрінеді. Олар əлемнің болмыстылығын негіздеп қана 
қоймай, оның құрылымдылығы мен субстанционалдылығын дəлелдеуге 
тырысады. 
Санкхья, миманса, ньяя, вайшешика секілді индуизм жүйелерінде 
субстанцияны іздеу мен негіздеуге деген қызығушылық орын алды. Өзге 
дүниетанымдық бағдарларда Брахман ретінде анықталған жəне белгіленген бұл 
субстанцияның олар заттай түрін іздеуге ұмтылды. Егер вайшешика 
субстанцияның он түрін (төртеуі атомдардан түратын физикалық, үшеуі – 
сезіммен қабылдайтын, екеуі – созылмайтын) айырса, ал санкхья екі бастауды 
(пуруши жəне пракрити) ғана мойындайды. Чарвактар мен джайналықтар 
болса, өздерінің субстраттық-заттық концепциясын ұсынады. Чарвактар 
материалдық əлем нағыз болмысты білдіреді, ол нағыз жəне тұтас деп есептесе, 
джайндар субстанцияның тұрақтылық, үнемілік жəне созылмайтын қасиеттерін 
мойындайды. Субстанцияның бар екендігін оның болмысы мен қозғалысы, көп 
қырлы атрибуттары арқылы аңғаруға болады. Субстанцияны жəне оны 
құрайтындарды, оның атрибуттарын білу адамға рухани парасаттылыққа жету 
барысында дұрыс өмір сүруге септігін тигізеді. 
Егер чарвактар бұл парасаттылықты бірігуден, адамгершілік пен 
материалдылық үйлесімділігінен, адамгершілік жəне сезімдік гедонизмге 
жетуден, өз болмысыңда өзіңді толық айқындаудан көрсе, ал джайндар өлімді 
болымсыздық ретінде толық қарсы алуды да ұмытпау керек деп санайды, себебі 
бұл дүниедегі өз болмысың ертелі-кеш болымсызға да айналады. Өлім туралы 
ұмытпаудың қажеттілігі бұл өмірдің қызықшылығына еніп кеткен адамның 
кенеттен келген болымсыздық алдында дайын болуынан көрінеді. Индивид 
өлімді өзінің болмысына тəн емес нəрсе ретінде емес, болымсыздық о баста 
өзінің болмысына тəн нəрсе ретінде адамгершілік тұрғыда қабылдауға дайын 
болуы тиіс, өйткені адам болмысының шынайылығы болумен де, 


67 
болымсыздықта болумен де сипатгалады, бейболмыстың бар екенін «осы 
болмыста» да сезінумен ерекшеленеді. Материалдылықтың, сезімділіктің өз 
орнын бағалай отырып, заттар əлемі мен адамдар əлемінде өз парызын атқара 
отырып, адам өзінің қалған өмірін ой-толғанысқа, өлімді болмыс пен 
бейболмыс қатар өмір сүретін мəңгі айналымға өтудің бір кезеңі ретінде 
қабылдауға арнай отырып, күйбең тіршіліктен бас тартады. Сондықтан, өлімді 
бейболмысқа өтудің табиғи жолы ретінде ешқандай қорқынышсыз, саналы 
түрде қарсы алады. 
Шығыс аймақтардың философиялық жүйелеріндегі шығыс адамының 
белсенділігі оның тікелей адамға бағытталғандығымен ерекшеленеді. Адам өзін 
жəне өз қабілеттерін дамытып жетілдіре отырып, табиғи жүйелердің жетілген 
формасына дейін көтеріледі жəне адам мен əлем, табиғат заңдылығы мен 
табиғи ортаның болмысы арасындағы үйлесімділікті сақтай отырып табиғаттың 
дамуына өз ықпалын тигізеді. 
Әлемдегі болмыс бүтіндік, бастапқы тұтастық (сингулярлық ұғымына 
жақын) ретінде көптеген сансыз объектілерге оның ішінде адамға да əр түрлі 
əсерлерін тигізеді. Адамның іс-əрекеті мен оның салдарлары, əр түрлі 
техникалық, технологиялық, шаруашылық ықпалдар ғаламның бүкіл 
объектілеріне əсер етеді жəне бұл күштер бір-біріне соғылып, сонымен қатар 
олардың салдарлары да бүкіл ғарыш болмысына бүтіндей ықпал етеді. 
Сондықтан да əлемдегі адам болмысы туралы ой толғаған Шығыс 
философтарының осы мыңжылдық рухани төжірибесінің маңызы жоғары 
болды. Бұл Даналыққа Батыстық əлем рационалдылығының бірі ретінде ғылым 
салыстырмалы түрде жас болғандықтан үнемі ден қойып отырды жəне қазіргі 
кезде де оның құпияларына Батыстық мəдениет зор ықылас білдіруде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет