90
күмəн туғызған жоқ жəне Кантқа дейінгі ірі ойшылдар да мұндай пікірлердің
қайнар көзі тəжірибе емес деп түйіндеді.
Заттарға тəн нəрселер туралы біз тек олармен контакт жасау арқылы ғана,
тəжірибе арқылы біле аламыз деп пайымдады Кант. Кеңістік пен уақыт туралы
біздің пікірлеріміз тəжірибеден алынған жоқ, демек,
олардың қайнар көзі
сыртқы заттарда емес, біздің өзімізде, біздің ақылымызда. Жəне Кант былайша
түйіндейді: кеңістік пен уақыт туралы көзқарас біздің ақылымызға барлық
пайымдауға дейінгі, барлық тəжірибеге дейінгі «пайымдаудың формасы»
ретінде тəн, ешқандай тəжірибе осы формаларсыз мүмкін емес, барлық
тəжірибеде біз оларды пайдаланамыз. Кеңістік пен уақыт – бұл біз онсыз
заттарды көре алмайтындай көзілдірік тəрізді. Жасыл көзілдірік барлығын да
жасыл етіп көрсетеді. Кеңістік пен уақыттың көзілдірігі барлығын да кеңістік
пен уақытта өмір сүретін етіп көрсетеді. Бірақ бұл көзілдірік біздің санамызға
тəн, онсыз кеңістік те, уақыт та жоқ.
XIX-XX ғасырлар кезеңі – бұл математика мен жаратылыстанудың
қарқынды дамыған дəуірі. Математикада метрикалық геометрияның (онда тек
шамалас фигуралар ғана эквивалентті деп саналады)
ізінше проективті
геометрия (онда көлемнен алшақтайды жəне эквиваленттілік үшін бір-бірінің
перспективасы болатын екі фигура жеткілікті) қалыптасты. Геометриялық
кеңістіктер өлшемдерінің саны ендігі жерде үшеумен ғана шектелмейді.
Құбылыстардың өте кең шеңберін қамтитындай топология (онда эквивалентті
фигуралар тек үздіксіз өзгерістермен ғана байланыстырылады) қалыптасты.
Ақырында, геометриялық жəне геометриялық емес математикалық объектілер
арасындағы айырмашылықтардан алшақтайтын теориялармен қатар көпшілік
жəне құрылым сияқты кең ұғымдар да пайда бола бастады. Өте жалпы жəне
алшақтаған теориялар мен ұғымдарды қалыптастыра отырып, математиктер
жүйелер құра бастады. Бұл жүйелерде сəйкес шектеулерді
ретімен қабылдау
жолымен неғұрлым кең жəне жалпы теориялардан логикалық жолмен
анағұрлым тар, арнаулы теориялар туындайды. Көпшілік теориясы негізінде
барлық кеңістік ұқсас қатынастар туралы ілім (топология), кейінірек біздің
əдеттегі көзқарасымызға жақынырақ проективті-кеңістіктік қатынастар туралы
ілім (проективті геометрия) жəне ақырында бізге күнделікті тəжірибеден жəне
мектеп курсынан белгілі евклидтік геометрия бөлініп шықты. Мұнда мынадай
маңызды нəрсені ескеру керек. Біз күнделікті бақылайтын сыртқы заттардың
кеңістіктік сипаттамалары математиктердің ойша құрылымдарында заттардың
жалпы сипаттамасының соңғы логикалық салдары (мұның алғашқылары о
баста математиктер үшін бастапқы пункт болғанына қарамастан) екендігінен
бұл кеңістіктік сипаттамаларды
математиктер ойлап шығарған, ал заттардың
өздері оларға ие бола алмайды деген пікір туындамауы керек.
Алайда неопозитивистер дəл осылай түйін жасайды. Р. Карнаптың
көрсетуінше, көпшілік теориясы негізінде біз «тəжірибе жəне пайымдаумен
анықталатын логикалық емес құрамдас бөліктерге бағынбайтын» қатынастар
құрылымын құрастырып жəне ешқандай қашықтық та, түзулік те жоқ
топологиялық
көпөлшемді
кеңістік
қалыптастырамыз.
Демек,
жаратылыстанымның жəне біздің күнделікті өміріміздің кеңістігі – бұл
91
ешқандай тəжірибеге де, ешқандай сыртқы əлем заттарына да қатысы жоқ,
біздің ақыл-ойымыздың туындысы.
Келесі бір позитивист Ганс Рейхенбах (1891-1953)
физикада тегі бір
құбылыстарды кейде əр түрлі теориялар сипаттайтын жағдайын ескере отырып,
барлық теориялар, оның ішінде уақыт теориясы да ғалымның белгілі бір тілді
қолдануға шешім қабылдағанын ғана білдіреді, ал уақыттық қатынастардың
объективті өмір сүруі туралы сөз қозғаудың мəні жоқ деп есептейді. Әдетте,
уақыт өткеннен қазіргі арқылы болашаққа қарай ағады деп айтады. Алайда дəл
сол негізде ол болашақтан өткенге қарай, ал шын нақтылықтың өзінде
ешқандай уақыт жоқ.
Бұл қағидалардың жарқын дəлелі мен нақтылануы салыстырмалылық
теориясынан көрінеді. Егер екі жүйенің кеңістік жағдайлары бір-бірімен
салыстырғанда өзгеретін болса, оның біреуін санау жүйесі ретінде қабылдап, ал
екіншісін біріншісімен салыстырғанда қозғалыста деп қарастыруға болады.
Арнайы салыстырмалылық теориясы бойынша, санау жүйесіндегі бір
уақыттағы екі түрлі оқиға қозғалушы жүйеде бір уақтылы емес. Санау жүйесіне
салыстырмалы қозғалыс жүйесіндегі үдеріс (процесс) санау жүйесіне қарағанда
жайырақ жүреді. Сириусқа қарай жəне онан кері секундына екі жүз қырық мың
шақырым жылдамдықпен ұшқан
ғарышкер тоғыз жылға қартайса, ал Жердегі
онымен жасты қатарласы он бес жылға қартаяды. Егер қозғалушы жүйеде
онымен салыстырғанда қозғалыссыз дене болса, бұл дене санау жүйесіндегі
қозғалыстың бағытына қарай өз көлемін кішірейтеді. Мұның бəрі оқиғалардың
бір уақтылығы мен денелердің ұзындығы оқиғалар жүзеге асатын, денелер
орналасатын материалдық жүйелерге тəуелді екендігін көрсетеді.
Арнайы
салыстырмалы
теория
бойынша
барлық
материалдық
объектілердін өмір сүру формасы біртұтас кеңістік-уақыт болып табылады, ал
кеңістік жəне уақыт сол тұтастықтың айырылмас қырлары ретінде көрінеді.
Оқиғалар мұнда шамалары барлық санау жүйелерінде сақталатын бірдей
кеңістіктік-уақыттық
интервалдармен
байланыстырылады.
Оқиғалар
арасындағы уақыт интервалы – əр түрлі санау жүйелерінде, бірінде уақыт
интервалы қысқа, екіншісінде – ұзақ, əр түрлі болып көрінетін қырының
кеңістіктік-уақыттық сипаттамасының тек бір жағы ғана. Кеңістіктік
интервалда да – дененің ұзындығында да осылай.
Достарыңызбен бөлісу: