Беркли Джордж (1684-1753 жж.) ағылшын философы. Негізгі еңбегі:
“Танымның бастамасы туралы трактат”. Берклидің ілімі бойынша “жалпы
материя” деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны
сияқты, “жалпы материя” да болмайды. Ал жеке материалдық денелер
құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін
заттар емес, рухтың, жанның жəне “меннің” түп неігзідері. Адамдар үшін
нағыз объективтік шындық – біздің санамыздағы құдіреттің белгісі – “еске
алу”. Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы
қабылдануы арқасында “меннің” идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп
жүргеніміз–- құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік
“еске алудың” бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан
бірінің ауысып отыру дəйектілігі. “Меннің” жойылуымен бірге бұл аталған
құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері, өзіндік “меннен” басқа
“бөтен мендердің” болуы.
Таным процесінде Беркли басты рөлді “тікелей сезімге” береді. Ол –
сезімдік тəжірибенің нəтижесі, ал сезімдік тəжірибенің өзі санамыздағы
103
құдіреттің белгісі – “еске алудың” жиынтығы. Сөйтіп, “тікелей сезім” арқылы
қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъективтік кескіні емес,
түйсіктердің “еске алудың” жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз
нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Берклидің ілімін əрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ,
ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711-1776 жж.)
болды. Негізгі еңбектері: “Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер”, “Діннің
табиғи тарихы”, “Табиғи дін туралы пікірлер”, т.б.
Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі, ол шын
мəніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік
шындықта өздеріне сəйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз
идеясы сезім мүшелері мен тəжірибе арқылы алынған деректерді көбейту,
азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады.
Мысалы, құдай идеясы адамдарға тəн ақыл, данышпандық, қайырымдылық,
көрегендік т.б. сол сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен
тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе
“мен” ұғымы үздіксіз өзгеріп отыратын “еске алу” мен сезім əсерінің бірлігі.
Тəжірибенің өзі юмның түсінігінше, себептері белгісіз жəне түсінуге
болмайтын “əсерлердің үздіксіз қимылы”. Ал фактілердің себептері мен
салдарын қайталанып қойылған тəжірибе жəне өз алдына дербестенген
“ойлауға əдеттену” арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде “ойлауға əдеттену”
– өзіне себептілік инстинктінің көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде
өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара
отырып, сезім “əсерлерінен” туындаған идеяларды субъективті себептілік
ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тəжірибе
шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тəжірибелік деректерден
трансценденттік идеяларға (құдай, “мəңгі өлмеу” т.б.) таратуға болмайды.
Таным процесінің ең басты мақсаты – тəжірибе арқылы айқындалған табиғи
құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеге
салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.
Адамдардың іс-əрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер
біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз жəне құмарлығымыздың
негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды демек ол
ешқандай іс-əрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық
пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге
үйретеді. Юм осы уақытқа дейін айтып келгендей “агностик”, “скептик” емес,
биологиялық-антропологиялық
тұрғыдан
философиялық
рационалистік
бағытқа қарсы шыққан реалист.
Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға
болады деп есептесе, француз ғалымы жəне философы Рэне Декарт (1596-1650
жж.) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тəжірибенің рөлін
сол ақыл-ойдың мəліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін
түсіреді. Негізгі еңбектері: “Тəсіл туралы ойлар”, “Бірінші философия туралы
метафизикалық ойлар”, “Философия бастамасы” т.б.
104
Декарттың философиясы өз бастамасын “күмандану” қағидасынан алады.
Ол дəстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да
күманданады. Нағыз шындық – “күманданып ойлаудың қабілеті” деп
мойындау. Оның “мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін” деген қағидасы
төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның
негізін объективті шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен
табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мəнділіктің субстанциясы
(түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.
Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тəуелсіз, бірақ байланысты
рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір
сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) – ойлау
болса, материалдық түпнегіздің атрибуты – кеңістікте көсілуі.
Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара-пар) деп аталатын ұсақ
бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыратылады.
Корпускулдар кеңістікте жəне үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы
сандары жəне қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі
барлық заттар механика заңына сəйкес қозғалыста болатын корпускулдардан
пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық
түпнегіздің атрибуты – кеңістікте көсілудің бір мезгілде əсер етуі негізінде
адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу сияқты қасиеттерімен басқа
жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл-əрекеттерін көп
жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады.
Жалпы алғанда жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың
арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың табиғатын, мəнін
механика, математикалық есептеулер арқылы түсініп-білуге болады. Демек,
танымның негізгі тəсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалық тəсіл
болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой)
танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын
табиғаттың сыры мен мəнін ашуға мүмкіндік алады деп тұжырымдайды. Декарт
əрі қарай ойын жалғастырып, ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі
рационалдық таным заттарды, құбылыстарды “туа біткен идеяларға” сүйеніп
танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл
идеяларды мен өзіме-өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірген
нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан
туындамағандықтан туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. “туа
біткен идеялардың” себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғандықтан
олар айқын жəне анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын жəне
анық, басқаша айтқанда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тəжірибе арқылы
тексерудің қажеттігі жоқ. “туа біткен идеялардың” табиғатына үндес келетін
математика болғандықтан, матемтаикалық тəсіл ғалымдардың ең жоғарғы
зерттеу тəсілі болуы керек.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны
идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша
ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.
105
Таным процесі күнделікті тəжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады.
Бірақ олар бізге “Өзіндік заттар” туралы емес, олардың көріністері
(феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып түр. Осы
секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық элементі басым болады да, бізге
толық білім берілмейді (қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы
мүмкін). Мұндай білімдер жекелеген тəжірибеге сүйенгендіктен, апостериорлы
бағытта болады. Ал шынайы əмбебаптық жəне қажетті білімдер осындай
фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тəжірибеге қатысы
жоқ, əуел бастан-ақ адам санасында априорлы (тəжірибеге дейінгі) қалыптасқан
сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек. Сезімдік түйсінудің
априорлы сыртқы түрі – кеңістік пен ішкі түрі – уақыт түйсіктің көптүрлі
“материяларын” реттеп отырса, ақыл-ойдың априорлы түрлі категориялары
реттелген материяларды за”дылықтар жүйесіне келтіреді. Олай болса, танып-
білетін субъект заттарды зерттегенде дайын “туа біткен идеяның
пайдаланбайды, керісінше, ол тек танымдық “құралдарды” ғана пайдаланады.
Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді.
Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат жəне таза ақыл-ой. Сезімдік
түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге “өзіндік заттардың” көріністері
əсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда
болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері – кеңістік пен уақыттың
арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі. Танымның келесі – сараптаушы
парасат сатысына – априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т.б.
Арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып,
тұжырымдалып. өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным үдерісінің осы екі сатысының негізінде алынған
трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз
танымның заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты
қандай деңгейге дейін біле алатындығы.
Танымның үшінші сатысы – трансценденттік танымда – таза ақыл-ой
заттардың көрініс əлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар
екенін білуге, басқаша айтқанда “өзіндік заттардың” табиғатын, мəінін түсінуге
ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады.
Айталық, рух өле ме, өлмей ме, əлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па
т.б. Осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы мəселелерді көтеріп, оған
жауап беріп жүрген схоластикалық, онтологиялық, рационалистік, діни т.б.
ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі, бұл аталған идеялардың не дұрыс,
не теріс екендігін теория жолымен дəлелдеу мүмкін емес, олай болса “өзіндік
заттарға” тəн оның ішкі заңдылығын, мəнін біз танып-біле алмаймыз,
сондықтан оған талпыну – бос əурешілік.
Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-əрекетін
айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке тұлға ретінде табиғат
заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан сыртқы əлемнің əсерінен шыға
алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің
ерекшеліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол –
өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-əрекет жасайды. Бұл
106
жағдайда адам барша жұртқа бірдей əдептілік заңы – əдептілік императивін
басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша игіліктерге, бақытқа жетуге
ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-
əрекетін əдепті қылмайды, керісінше қоғамда қалыптасқан əдептілік заңдарын
сыйлап, өз міндетіңді өтесең сол өнегелі іс болып саналады. Мұндай этикалық
міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика жүзінде əдептілік
бостандығы тұрғысынан іс-əрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, адамның ар-
ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғары қағидасы – əдептілік
императивінің талаптарына сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |